Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Отан.  Жуан және жіңішке жұп дауыстылар -

Отан. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1803 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданы
Күзексай ауылы
Шағырсай негізгі мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Искакова Дариха Сеитовна

Сыныбы:1
Пәні:Ана тілі
Тақырыбы: Отан. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
Мақсаты:
1. Оқушыларға Отан туралы түсінік беру;
2 . Шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту
3 .Ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік
Көрнекілігі: сурет, қима қағаздар.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1.Дайындықтарын тексеремін,зейіндерін өзіме аударамын.
2.Дәптерлерін таратып,партада дұрыс отыруын қадағалаймын.
ІІ. Өткенді қайталау:
Балалар, еліміздегі ең биік таулардың бірі – «Хантәңірі» тауына саяхатқа шығайық. «Хантәңіріне» жету үшін бірнеше кедергілерден өтуіміз керек екен. Қане, дайынбыз ба?



-Олай болса, балалар, жеребе бойынша төртбұрыштың ішіне жазылған санды ретімен ашып шығайық.(балалар кезегімен сандарды әріп жазылған бетіне ауыстырады).



- Қандай сөзшықты, бардлығымыз айтып көрейікші.
- Жуан және жіңішке дауыстылар.
ІІІ. Жаңа сабақ:
70-жаттығу:
а) Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
ә) Оқушылардың мәнерлеп, түсініп оқуы.
б) Өлең мазмұнына байланысты сұрақтар:
-Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Біздің Отанымыз қалай аталады?
-АқынОтанды кімдерге, нелерге теңеді?
-Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
VІ. Бекіту: Тиістісін қой.
Ұ-Ү, Ы-І, А-Ә
Жуан Жіңішке
С....р С...р
С..н С..н
К..р К..р
V. Бағалау : белсенді оқушыларды бағалаймын
VІ. Үйге тапсырма: Отан өлеңін жаттап келу « Отанға менің берерім » деген тақырыпта әңгіме жазып келу ата-аналарының көмегімен.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.