.
.
Сабақтың тақырыбы: Отаным менің, байтақ өлкем Отаным менің, байтақ өлкем
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1738 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты:
Ұлы Жібек жолы туралы мағлұмат беру. Ұлы Жібек жолының Қазақстаннан өтуі, кең байтақ жеріміздің қазба байлықтары, әсем табиғаты жайлы білімдерін жетілдіру.
Міндеттері:
• Ұлы Жібек жолы туралы неғұрлым жан-жақты ақпарат жинауына қолайлы орта туғызу .
• Оқушылардың мәтінмен таныса отырып, сипаттау, зерттеу, салыстыру, талдау жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау .
• Оқушылардың жеке, топта жұмыс жасауын пікір алмасу ортасын ұйымдастыру .
• Жас ұрпақтың потриоттық отаншылық сезімін оята отырып, елін , жерін сүюге құрметтеуге тәрбиеу
Күтілетін нәтиже:
Сабақ соңында оқушылар Жібек жолы туралы алған білімдерін өзгелермен бөлісе алады.
Жеке ойларын ортаға сала алады.Топқа ойын еркін жеткізе алады.
Басқаны үйрету жауапкершілігін сезіне алады.
Сабақтың әдісі:
Халықаралық жобаның жобалау әдісі, АКТ
Қажетті материалдар: Интерактивті тақта, кесте
Сабақтың барысы:
Балалар бүгінгі біздің сабағымызға бірнеше мамандар қатысып отыр.
ТАРИХШЫ, ЗЕРТТЕУШІ,АРХИОЛОГ, ҒАЛЫМДАР, ЭКОЛОГТАР.
Осы мамандармен бірге кіші ғылыми жоба қорғаймыз.
Сұрақ:
“Жібек жолы” туралы не білесіңдер?
Танымжорық
Сапарға батыл шығыңыздар!
Аты аңызға айналған
Жібек жолына саяхатымыз
Сәттіболсын!
Кіші ғылыми жоба қорғау (топтық жұмыс)
Тарихшы
Тарихи жолдың жібек саудасына байланысты «Жібек жолы» атанғаны түсінікті.Ал «ұлы» сөзінің оған қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан.Сондықтан да бұл жол «Ұлы жібек жолы» болып тарихқа енді.
Осынау жолдың басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан басталады. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен өтіп,Іле өзенімен Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батыста және солтүстік-батысқа қарай шығу үшін оңтүстік,солтүстік бағыттарға тармақталады. Оңтүстік бағыт Ферғана, Самарқан, Иран, Ирак, Сирия елдері мен Жерорта теңізіне шыққан. Ал солтүстік бағыт Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб қаласына келіп және екі тармаққа бөлінді. Біреуі Орта Азияға қарай, екіншісі Түркістан арқылы Сырдарияның төменгі ағысымен батыс Қазақстанға шығып, Қара теңіздің солтүстік-шығыс жағын айналып, Еуропаға қарай өткен. Алайда бұл көрсетілген бағыттар үнемі тұрақты болды деп айтуға болмайды. Ол халықаралық саяси жағдайда байланысты өзгеріп отырған.
Ұлы Жібек жолы-бұл Батыс пен Шығыстың ежелгі өркениетін байланыстыратын даңғыл жол, сонымен қатар ол сауда-саттық байланысының, халық арасында діннің, мәдениеттің, ғылыми-техникалық жетістіктердің өзара алмасуына қызмет етті. Жібек жолында орналасқан ежелгі қалалар үлесінде соғыс, күйреу, өрт аш-жалаңаштық аз болған жоқ. Жүздеген жылдар бойы шаң басқан керуен жолымен еуропалықтарға сату үшін қымбат жібек маталар мен асыл тастар, дәмдеуіштер мен бояулар, алтын мен күміс, оңтүстіктегі экзотикалық құстар мен аңдар тасымалданды. Бұл керуендік сауда жолы ең ұзақ болды. Оның ұзындығы 7 мың шақырымға дейін созылып жатты. Ол өркениетті әртүрлі елдерді, әлеуметтік-экономикалық жүйені байланыстырушы рөлін атқарады. Сол кезде «Көк тас жолы» атанған жол жұмыс істегеен, бұл жолмен жартылай асыл көк тас. Памир таулары арқылы өте алыс жерлерге, Үндістанға жеткізілді. Бұл жарқырауық тастар саудасы орталық Азиядан шығысқа дейін созылып, Қытайда Жібекке алмастырды.
Көк тас.
Архиолог
Сауда қалалары.
Ұлы жібек жолы орта ғасырлық Шығыста сауда – саттық дамуына ықпал етті.
Батыс Еуропада қалалық саудагерлер жергілікті базарларды қамтамасыз етті, ал Азияда бәрі халықаралық саудаға бағытталды. Бұл қалалар Бұхар мен Самарқан, Хорезм мен Отырар, Қашқар және т.б. Оның әрқайсысында керуен - сарайлар – қонақ үй мен сақтау қоймалары қызметін атқарады. Өзге елдік көпестерге арнайы базарлар ұйымдастырылды. Керуендерге қызмет көрсету саласында көптеген мамандық иелері жұмыс істеді. Олар: тілмәштар, түйешілер, күзетшілер, алым- салық алушылар т. б. Сауда қалалары керуен саудасының айырылмас бөлігі болды. Осы қалалардың біраз мүлдем жойылып кетті.
Көпестер
Ұлы Жібек жолындағы негізгі тауар Қытай жібегі мен жіб пілләсі құнды тауар болатын. Еуропада алтыннан да қымбат жібек пілләсі болды. Олардың алыс жолдарға алып жүру өте жеңіл қымбат бағаланатын. Қытай - жібектің отаны. Орта ғасырларда Қытайда фарфор мен металл ыдыстар, сырлы аяқтар мен косметика, күріш пен шәй шетке шығарылды. Көпестердің жол қапшықтарына піл сүйегі, мүйізді тұмсықтың мүйізі, тасбақа қабықтары дәмдеуіштер мен сан алуан басқа да нәрселерді табуға болатын. Таяу Шығыс елдері мен Орта Азия жүн және мақта-мата дайындауға маманданған еді, олар Жібек жолы арқылы Шығысқа Қытайға жеткізілетін. Оңтүстік елдері мен Оңтүстік-Шығыс Азия көпестері Еуропаға дәмдеуіштер таситын олар (бұрыш, муксат жаңғағы, қалампыр және т.б.Орталық Азиядан Қытайға өте бағалы жылқылар, түйелер шығарылды, әскери жарақтар, алтын мен күміс жартылай бағалы тастар және шыныдан, былғары мен жүннен жасалатын бұйымдар, кілемдер хәм алтын зерлі бұйымдар экзотикалық жемістер-қарбыз, қауын және шабдалы құйрықты қойлар мен аңшы тазы иттер, арыстандар мен барыстар тасмалданды. Әртүрлі елдің көпестері жалпыға ортақ ақша таңбасын қажет етті. Бірақ сауда-саттық қатынастағы елдердің ешқайсысы да алтын немесе күміс теңгелерін шығара алмайды. Ежелгі әлемде ондай ақша бермейді.
Тек тауарды тауарға айырбастады.
Зерттеуші
Жетісу-Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын басты қақбасы. Қазақ жері Батыс пен Шығысты байланыстырып жатқан тоғыз жолдың торабы іспеттес. Ал Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы Жетісу жері-керуен жолының Шығысқа шығатын негізі қақпасы. Ғылыми зерттеулерге қарағанда, Жетісу жерінен Шығысқа шығытан Ұлы Жібек жолының бірнеше бағыты болған. Орта ғасыр қалалары мен қыстаулары Жібек жолы бойына жақын салынған, ал тас және темір жолдар сол бұрыңғы керуен жолдарының ізімен тартылған. Шығысқа шығатын жолдың басты бір бағыты оңтүстік-батыс Жетісу жерінен өтеді. Ол Тараз қаласы арқылы Алматыға жетіп, одан Шелек, Сүмбе, Жаркент арқылы шығысқа бет алады. Ал екінші солтүстік-шығыс бағыт Алматы, Қапшағайдан отіп, Шеңгелі, Алтынмен, Дүниеге, Қойлық қалаларын басып өтіп, Алакөл жанымен жоңғар қақпасы арқылы шығысқа қарай өтеді. Ал үшінші бағыт тараздан шығып, Сарқар жері арқылы солтүстік-шығыс Қазақстанға бет алады. Бұл бағыт Құлан, Хантау, Балатопар, Айнабұлақ бекеттерін басып кетеді.
Топтық жұмыс
Шөл жануарлары мен өсімдіктері Дала жануарлары мен өсімдіктері Орман жануарлары мен өсімдіктері
Қазақстан жер асты байлығының сарқылмас қоймасы. Ол храмның, мыстың қорлары жөнінде дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірін алады, ол темірдің, қорғасын мен мырыштың, күмістің қорлары жөнінде Кеңестер Одағында бірінші орын алады. Қазақ жері қазба байлықтарға тұнып тұр. Ендеше сол байлықтың бірі өзіміздің Жезқазған өңірінде де кездеседі.
Атақты Академик Қаныш атамыз толық геологиялық барлау, зерттеу жұмыстарын Ұлытау Жезқазған өңірінде жүргізді. Ол Қарсақпай маңайынан көмір, темір, Жездіден марганец, Атбасардан мыс тағы басқа полиметалл, сирек металл көздерін ашып картаға түсіріп келешек ұрпағына ескерткіш етіп қалдырған Қаныш атамыз болатын. Оны Жезқазған арқылы тануға болады.
Пайдалы қазбалар карталар
Сабақты қорытындылау:
Дәйек сөз:
Отан, Отан
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем
Бағалау :Оқушыларды бағалау, мадақтау.
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА :
Қазақстандағы қорықтар туралы мәліметтер жинақтау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.