Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Отбасы мүшелері және олардың міндеттері -

Отбасы мүшелері және олардың міндеттері

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2315 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақ жоспары Уақыты
Сыныбы: 2 сынып
Пәні: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Отбасы мүшелері және олардың міндеттері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға "отбасы" түсінігін қалыптастыру, Отбасы деген келешек ұрпақты жалғастыратын болашақ. Отбасында адамдардың алатын орны туралы түсінік беру. Отбасы мүшелерінің міндеттерімен өзара қарым- қатынасы жайлы әңгімелеу арқылы түсіндіру. Оқушыларға әке - шеше, бауырдың қадірін білгізу. Түрлі тапсырмаларды орындау арқылы сөйлеу дағдыларын,шеберліктерін қалыптастыру.

Дамытушылық:
Ой-өрістерін, танымдық, шығармашылық, қабілеттерін, мәдени ұқыптылық, әдептілік қасиеттерін, шеберліктерін, пәнге деген қызығушылығын, дүниетанымын дамыту.

Тәрбиелік:
Ата-анасына, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту.
Сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа,қамқорлыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ата-анаға деген сүйіспеншілікті, құрмет сезімін ояту, адал да парасатты ұл мен қыз тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Білім, білік, дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың типі: Дәстүрлі емес

Сабақтың әдістері: көрнекілік, түсіндіру, сөздік, шығармашылық жұмыс , әңгімелесу, баяндау, өз бетінше жұмыс, нұсқау беру.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, көркем суреттер, үлестірмелі материалдар,

Оқыту технологиясы: Ақпараттық -коммуникативтік технологиясы.

Пәнаралық байланыс: Математика, музыка, ана тілі, бейнелеу өнері.

Сабақ барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.
А) Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен –
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.
Ә) кезекші рапорты
(кезекші сыныпты түгендеп, үй тапсырмасы қандай болғанын айтады)

2 мин

1 мин
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Жануарлар мен өсімдіктердің қызыл кітабы»
Қызыл кітап дегеніміз не?
Мен ата заңды неге сендерге көрсетіп отырмын?
Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерден білетінің бар ма?

5 мин
ІІІ. Жаңа тақырып
Кіріспе
А) Сөзжұмбақ шешу арқылы тақырыпқа шығу
«Отбасы» осы сөзді қалай түсінесіңдер? (ата-әже, әке-ана,аға-іні, апа –сіңлі- олар кімдер? Бәрін бір сөзбен қалай атаймыз?

Ә) Суретпен жұмыс, өлеңнің мағынасын ашу
Суретті және өлеңді түсіндір. Қандай отбасы деп ойлайсың?
Отбасы әр адамның шағын отаны.Отбасынды өсіп-өніп тәрбие алады. Біз жастаймыздан өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын ең қымбат жандар отбасында яғни бірге жанымызда болады. Отбасы ата –әженің ұрпағынан тарап, шағын мемлекетке айналады.


3 мин

3 мин
Негізгі
А) Оқулықпен жұмыс (73-74 бет)
Ең алдымен мәтіннің тақырыбына көңіл аудар. Мүшелері, міндет дегенді қалай түсінесің?
Ә) мәтінді түйіндеу (сұрақ- жауап арқылы)
Сонымен, отбасы дегеніміз не?
Отбасы- Бірге тұратын, бір -біріне қамқорлық жасайтын және ортақ шаруашылық жүргізетін бір үйдің адамдары
Ата-ана міндеттері туралы не айтасыңдар?
Ата-анамыз біздің тұрмысымыз жақсы болуы үшін еңбек етеді. Отбасын қорғау.
«Батыр ана» қалай түсінесің?
Көп баланыдүниеге әкелген ананы- Батыр ана деп атаймыз.
Көп бала өсірген аналарға «Күміс алқа», «алтын алқа» беріледі.
Б) « менің отбасым» өз отбасы жайлы әңгіме
Оқушылардың өз отбасылары жайлы әңгімелеу
5 мин

3 мин
5 мин
Сергіту сәті
«Үйде біз нешеуміз?» санамақ
Кел,санайық екеуміз.
Бас бармағым –атам.
Балаң үйрек-әжем.
Ортан терек –әкем.
Шылдыр шүмек –анам.
Кішкене бөбек- сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде бесеуміз .
Жұдырықтай жұмылған
Тату тәтті бәріміз
Бір үйде тұрамыз. 2 мин
Шығармашылық тапсырма

«Отбасындағы менің міндеттерім» (сурет, өлең, шығарма)
Әр бала өзінің мектепте немесе отбасындағы міндетін қалауы бойынша белгілі бір формада көрсетеді.
Мыс: оқушының міндеттері:
1. Әркім Қазақстан Республикасының Ата заңын сақтауға;
2. Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті;
3. Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге;
4. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге;
5. Тарихи мәдени мұраларды сақтауға;
6. Тарихи ескерткіштерді қорғауға;
7. Табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға;
8. Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға;
9. Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет танытуға;
10. Ата-анаға қамқорлық көрсетуге.
5 мин
Қорытынды:
«Отбасы ағашы» (отбасыңның шежіресін құру) (музыка қосып қою)
Мыс: мынау менің отбасымның ағашы.Бұл ағаш әлі де жалғасып келеді. Әр бала берілген ағаш суретіне отбасында бірге тұратын туыстарды атап, жабыстыру керек
5 мин
Үйге тапсырма:
Мәтінді оқып, мазмұндау
«Ананың қолы-Алтын» шағын шығарма жазу 2 мин
Бағалау (оқушылардың сабаққа қатысуына байланысты) 1 мин
«Жүректен жұрекке» тілек білдіру
Анаң-күнің жүрегің, Әкең - өмір тірегің
Сен бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын.
Әжең-асыл ардағың, Атаң – дана қорғаның,
Сен бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын.
Ағаң- қамқор асқарың, Інің –мөлдір аспаның,
Сен бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын.
3 мин



.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.