Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Отбасы. Өткенді қайталау. -

Отбасы. Өткенді қайталау.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1360 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: Отбасы. Өткенді қайталау.
Мақсаты: оқушыларға отбасы туралы түсінігін қалыптастыру,әр отбасының өзіндік ерекшелігі болатыны туралы ұғымдарын кеңейту,Ой-өрістерін, танымық шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Қобдишалар, отбасы туралы плакаттар,диаграмалар.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, жарыс «ХХІ-ғасыр көшбасшысы».
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы.
І.Психологиялық дайындық.
А) Сәлемдесу:(оқушылар ортаға шығады)
“Қайырлы күн” деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз.
Көңілді өтер күніміз.
Ә) Үй тапсырмасын тексеру.
ІІ. Жаңа сабақ.
Отбасы- неке мен туыстық қатынастарға негізделген адамдар тобы. Отбасы дегеніміз- әкесімен анасы, олардың балалары және ата-әжесі. Олардың бір-біріне деген махаббаты,құрмет, бауырластық біріктіреді, олардың ортақ шаруашылығы мүлкі болады.
ІІІ.Топтастыру әдісі.

І V. Өткенді қайталау. «ХХІ-ғасыр көшбасшысы» сайысы:
Шарты: әр оқушы өзіне ұнаған тақырыбын және соның қанша керек екенің өзі таңдап алады. Жауап бере алса сол балаға сол ұпай беріледі.Әділқазылар алқасымен таныстыру.
Тақырыптар:
1. Өсімдіктер
2. Жан-жануарлар
3. Отбасы
4. Пайдалы қазбалар.
Сұрақтары:
Өсімдіктер
10 (сары) Өсімдіктер қандай топтарға бөлінеді?
Ағаш,бұта.шөп
10 (қызыл) Өсімдік мүшелерін ата...
Тамыр, сабақ,жапырақ,гүл,тұқым
20 ( сары) Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді ата?
Сексеуіл, жантақ, сүттіген
20 (қызыл) Ылғал сүйгіш өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады?
Қияқөлең, беде, күреңот,сәлбен
30(сары) Қандай өсімдік жабайы, ал қандай өсімдік мәдени деп аталады?
Өз бетімен өсетін өсімдіктерді жабайы өсімдіктер дейді.
Адамның өзі отырғызып, күтіп баптайтын өсімдіктерді мәдени өсімдіктер дейді.
30 (қызыл) Бір жылдық өсімдікке жататындарды ата.
Бидай,күріш,жүгері,тары, сұлы,қияр, асқабақ
Жануарлар
10 (сары) Ғалымдардың зерттеуі бойынша жануарлардың қаншаға жуық түрі бар?
Екі миллионға жуық
10(қызыл) Жануарларды түрлеріне қарай қалай топтастырады?
Құстар,бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер,балықтар,бунақденелілер, сүтқоректілер
20 (САРЫ) Құрттардың пайдасы, мен зиянын айтып бер.
Жауынқұрт топырақты қарашіріндімен құнарландырады,қопсытады.
Адам денсаулығына зиян келтіретін құрттар бар. Бұлар паразит-құрттар
20 (ҚЫЗЫЛ) Паразит құрттардан қалай сақтануға болады?
Тазалық гигиенасын сақтау керек.
30 (САРЫ) Өрмекшілердің бунақ денелерден айырмашылығы қандай?
Бунақденелілерде алты аяқ,өрмекшіде сегіз аяқ болады.
30 (ҚЫЗЫЛ) Кенеден қалай сақтануға болатыны жайлы айтып берініз?
Соқпақпен жүр,ашық түсті киім ки, шалбарыңның балағын ұзын қонышты
Етікке сал, бас киім ки,2-3 сағаттан кейін үсті-басыңды, киіміңді тексер.
Сергіту сәті:(оқушылар ортаға шығып бейнебаяннан қайталап жасайды)
Отбасы
10(сары) Отбасына кімдер кіреді?
Ата-аналар мен балалардан,аталар мен әжелерден.
10(қызыл) Қазақ отбасында қандай дәстүрлер сақталады?
Баланың дүниеге келуіне байланысты мерекелер, отбасы мүшелерінің туған күндері,үйлену тойлары жатады. Үлкенді сыйлау, оларды тыңдау.
20 (сары) Қандай тыйым сөздерді білесің?
Есікті керме, жерді таянба, дастархан басында сөйлеме,
20(қызыл)Отбас күні қай күні?
8-ші қыркүйек
30(сары) Сенің атаңның әкесі саған кім болады?
Үлкен ата.
30(қызыл) «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген мақалды қалай түсінесің?
Егер сені кішкентайыңнан адалдыққа, үлкенді сыйлауға үйретсе ,сен адал
кішіпейіл, мейрімді болып өсесін.
Пайдалы қазбалар
10 (сары) Пайдалы қазбалар дегеніміз не?
Жер бетінен не оның қойнауынан алынатын тау жыныстарын пайдалы қазбалар дейміз.
10(қызыл) Сұйық пайдалы қазба?
Ол- мұнай
20(сары) Мұнайды қалай өндіреді?
Мұнайды жердің терең қабатынан өндіру үшін ұңғымалар бұрғылайды да, оған құбыр салады.Оны қуатты сорғымен тартып алады.
20(қызыл) Жаңғыш пайдалы қазбаларға нелер жатады?
Таскөмір, мұнай, газ
30(сары)Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар?
Құм,саз, тұз, әктас,мәрмәр, гранит т.б.
30 (қызыл) Ең құнарлы топырақ қандай топырақ?
Қара топырақ
Қорытынды. Әділқазыларға сөз кезегін беру және ұпай сандарына байланысты марапаттау.
Үйге тапсырма: сурет салу «отбасы» тақырыбында.
Бағалау.

Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
Шүкірлік негізгі мектебі

Тақырыбы: «Отбасы. Өткенді қайталау»
/аралас сабақ/
/дүниетану, 3-сынып/

Өткізген: Жанболат Айжанат

2015жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.