Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Отбасы және туған туысқандар -

Отбасы және туған туысқандар

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1969 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Дүниетану, 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: Отбасы және туған туысқандар
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға отбасындағы басты мәселелер жайлы, «фамилия», «отбасы түрлері», «өз жұрт», «нағашы жұрт» ұғымдары туралы толық мағлұмат беру.
Отбасы, отбасындағы қарым-қатынас жайлы білімдерін дамыту, өзіндік білім алу дағдыларын кеңейту.
Үлкенге ізет, кішіге қамқор болуға, инабаттылық пен адамгершілікке, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекіліктер: сызбалар, суреттер.
Әдістер: автор орындығы, галлереяға саяхат, ЖИГСО-2, тест, презентациялау
Құралдар: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Мұғалім: Оқушыға лайық, түп-түзу боп тұрайық,
Ата-баба салтымен амандасып алайық .
Оқушылар: Жақсылықтан үйреніп, боламыз біз жақсы адам,
Біздерге қош келдіңіз, сәтті болсын әр қадам

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

«Менің сүйікті отбасым» тақырыбындағы
Презентация
Эссе (автор орындығы)
Суреттерге шолу (галлереяға саяхат)
МАҒЫНАНЫ АЖЫРАТУ
ІІІ Жаңа сабақ.
«Отбасы және туған-туыстар» тақырыбындағы мәтінмен жұмыс (ЖИГСО-2)
1- топ: Отбасындағы басты мәселе қандай?
Шежірені не үшін білу керек?

2- топ: Сендердің фамилияларың неге солай аталады деп ойлайсыңдар?
Келесі есімдердің өзіндік мәнін түсіндіріңдер: Ұлбосын, Абай, Тұрсын.

3- топ: Шежіре нені көрсетеді?
«Тату болса - ағайын жақын» дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқулықтағы кесте түсіндіріледі

ОЙ ТОЛҒАНЫС
ІY дұрыс жауабын тап

1. Отбасындағы ең басты адамдар...
2. Отбасы мүшелерінің бір-бірімен қатынасын ... көрсетеді
3. Шеше жағынан туыстар - ...
4. Әке жағынан туыстар -...
5. Фамилия кейін шыққан, ал ... ертеден-ақ беріле басталды

Шежіре, есім, өз жұрты, ата мен әже, нағашы

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
1. 108-109 бет, оқу. Сұрақтарға жауап.
2. Оқулықтағы кестеге сәйкес, өз шежіреңді жаса.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.