.
.
Сабақтың тақырыбы: Отбасындағы балалар. Отбасындағы балалар.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2124 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Отбасындағы балалардың өзара қарым-қатынасы жайлы түсінік беру. Ұлдар мен қыздардың жасы мен жынысындағы айырмашылықты түсіндіру.
Дамытушылығы: Қыз бала мен ұл балалардың бір-біріне көмектесуге, қамқорлық танытуға баулу. Ойлау қабілеттерімен, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Сыйластық, мейірімділік, қамқорлық сияқты қасиеттерге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, суреттер, отбасы шежіресі, ән, тірек сызба
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, ой-толғау, топтастыру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық: «Ғажайып баулар»
-Бәріміз шеңбер болып тұрайық. Мына ғажайып бау арқылы мен өзімнің жүрек жылуымды жіберемін. Сендер қабыл алыңдар. Балалар, оң қолымызды жүрегімізге қояйық. Жүректерің қандай екен? Әркім өзінің жүрегін айтып шықсын. /менің жүрегім қамқоршы, сыйлы, ақкөңіл, батыр/- бауларды тарту.
Хормен: Балалардың мейірбанды жүрегі,
Адамдарға бақыт, шаттық тілейді.
- Олай болса, жүректен шыққан жылуды қонақтарға сыйлайық./қолдарын жүректерінен алып үру керек/
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
А) Топпен жұмыс. 1-топ: Отбасыңда қандай дәстүрлер бар?
2-топ: Отбасы шежіресімен таныстыру.
3-топ: Сызба бойынша отбасындағы міндеттер тізімін ата.
Б) «Ол кім?» жұмбақтар шешу.
1) Айтары мол ғұлама, көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол көкеңнің , білер оны сұраған. Ол кім? /ата/
2) Ол - өте мейірімді, ақ шашты.Дәмді тағамдар пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді.Бұл кім?(әже)
3) Бала,бала, бала деп,түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп, түнде бесік таянған. Бұл кім? /ана/
4) Ол – асқар тау. Атаңның баласы. Ол қабағын шытса «байқа, балам» дегені.
Отбасын қорғаушы, сақтаушы. Ол кім? (әке)
5) Әкеден кейінгі отбасының иесі. Ол ініге, қарындасқа үлгі көрсетіп қамқоршы болуға міндетті. Ол кім? /ұл/
6) Ол – екінші ана. Анаға көмекші, бауырларына мейірімді. Бұл кім? /әпке/
7) Ол ағадан кіші, ағасын үлгі тұтады. (іні)
В) Тыныштық сәті. /баяу ән/
- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздерімізді жұмамыз. Терең демалайық. Жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңдерші. Бұл бақыт, қуаныш жарығы. Бұл жарық жүрегімізге тыныштық, сүйіспеншілік әкелді. Жүрегімізден әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі. Түрлі түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сендердің аталарың, әкелерің, әжелерің, аналарың. Бұл гүлдің ортасындағы дөңгелек сенсің. Бұл жай гүл емес. Ол – сүйіспеншілік гүлі деп аталады. Сендер жап-жасыл алқапта аналарыңмен, әкелеріңмен жүрміз деп сезініңдер. Алқапта әдемі гүлдер, өсімдіктер жайқалып тұр. Қандай тамаша!
- Балалар, көз алдарыңа не елестеді? Қандай сезімде болдыңдар?
ІІІ. Жаңа сабақ:
А) Мәтінді бөлімдерге бөлу, 1 оқушы мазмұнын айту керек.
1 топ: мәтіннің басынан «...қайталанбас тұлға» деген сөйлемге дейін.
2-топ: «Әр баланың өзіне тән ...» бастап «.. дұрыс ұстауы қажет» дегенге дейін.
3-топ: «Көлікте ер балалар...» бастап мәтіннің аяғына дейін.
Б) Мәтінмен жұмыс:
Зерттеу орталығы.
1. Отбасы мүшелерінің саны ... болады. /әр түрлі/
2. ... - аға буын өкілдері. /үлкендер/
3. ... – анасының көмекшілері, олар мейірімді. /қыздар/
4. Қыздар ер балалармен .... сөйлесуі керек. /айқайласпай, дөрекі сөздер қолданбай/
5. Ер балалар кішкентайынан қыздарға .... тиіс . /көмектесуге, қамқорлық көрсетуге/
Мақал-мәтел орталығы: /бала, ұл, қыз балаға арнап мақал –мәтел айту/
1. «Бала- адамның бауыр еті, көз нұры»
2. «Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады».
3. Жақсы жігіт – аспандағы – жұлдыз, жақсы қыз – жағадағы құндыз.
4. « Балалы үй базар, баласыз үй – қу мазар»
4. Бала әкеден -ақыл, анадан- мейірім алады.
5. Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі.
6. Ананың сүті бал, баланың тілі бал.
7. Қызға қырық үйден тыйым. т.б.
Ой толғау орталығы. Эссе жазу: «Қыз бала қандай болуы тиіс? Ұл бала қандай болуы тиіс?»
В) Топтастыру: /мағыналас сөздер жазу/
әке жігіт ару сіңлі
батыр бозбала апа әпке
аға іні бойжеткен ана
С) «Отбасындағы қыз бала мен ер баланың жұмысы» кесте толтыру.
Қыз бала Ер бала
1. Үй жинау, тазалау
2. ...
3. ... 1. Су тасу
2. ...
3...
ІV. Сабақты қорытындылау: «Сиқырлы ұяшық»
V. Бағалау. Үйге тапсырма: «Отбасында ер бала мен қыздар арасында қуаныштар мен келіспеушіліктер» пікір жазу.
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
/ашық сабақ/
4 «Б» сынып
Кожагалиева А.Н.
2011-2012 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.