.
.
Сыныбы: 4 Күні:24-қаңтар Қожанасырдың әңгімелері
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1949 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы
Қожанасырдың әңгімелері
Мақсаты
Қожанасырдың әңгімелерінен біз өзімізге не аламыз?(Алаңғасарлық,қиялға берілу,шектен тыс армандау сияқты мінездерден бойды аулақ ұстау)
Күтілетін нәтижелер
Жұмбақты шеше алады.Алдын ала болжайды.Сұрақтарға нақты жауап береді.Қиялдайды,арманын айқындайды.Мәтінді оқиды,түсіндіреді,топта талқылайды.Рольге бөледі және оны сахналайды.Сабақ бойынша не білетіндерін,нені білу керектігін кері байланыс парағына түсіреді.Сауалнама арқылы өздерін бағалай алады.
Керекті жабдықтар
Оқулық,постер,маркер.
Интерактивті тақта,
Үлестірмелі қағаздар,бағалау парақтары
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
(3-минут)
(Оқушылармен амандасу, топқа бөлу)
Жұмбақ
Арман қуып жасынан,
Көктен көзін алмаған.
Байды алдап, мақтанған,
Кедейлерге жақ болған.
Сараң да емес, бай да емес,
Ақшақұмар жан да емес.
Табыңдаршы жанды осы,
Сыйлығым бар тапқанға.
-Өлең жолдары кім туралы деп ойлайсыңдар?Неліктен?
-Аты аңызға айналған кімдерді білесің?
Оқушылардың назарын сабаққа аударды.Өз-өздерін реттеді.Журналда жазылған тізім бойынша 4 топқа бөлінді.
Жұмбақты мұқият тыңдап, іштей болжамдарын пайымдап отырды.
Оқушылар ойлана жауап іздейді,пайымдарын жариялайды.
-Аты аңызға айналған Қожанасыр туралы.
Қайта бағыттау сұрақтарына жауап береді. Өз жауаптарына деген сенімділік пайда болады.
-Алдаркөсе,Желіаяқ.т.б
Тұсаукесер
5-минут
-Қожанасыр өзінің қандай ісімен ел аузында аңызға айналды деп ойлайсың?
-Қожанасырға қандай мінездеме берер едің? -Ол үнемі халықтың жағдайын ойлап жүрді.Ол кедейлерді аштықтан сақтап қалу үшін аң аулап, тағы да басқа қулықтар жасады.
Оқушылар қол көтереді, жауаптарын айтады.Бір –бірін толықтырып лтырады
-Ақылды,айлакер,сөз тапқыш т.б
Негізгі бөлім
(27-минут)
Жаңа тақырып:Қожа-насырдың әңгімелері.
1-тапсырма: «Алдын ала ауызша болжау» әдісі(7-минут)
-Қожанасыр жұмыртқаны неліктен жарып алды?
-Қожанасыр қандай кейіпкер?
-Қожанасырдың қиялының орындалмауынауына не себеп болды?
-Ал сен өзің қиялдай аламысың?Нені?(Жәй әуен естіледі Көзімізді жұмамыз.Қиялға берілеміз.Не елестеттік?)
-Орындалмайтын армандарың бар ма?
2- тапсырма: Әр топқа бір мәтіннен беремін.
1)Мәтінді жеке оқисыңдар.(1-минут)
2)Топта талқылайсыңдар.(5-минут)
3)Диалог түрінде яғни,рольдерге бөліп оқып шығыңдар.(5-минут)
4)Сахналаңдар (Көрініс құрыңдар.10-минут уақыт беріледі)
Ауызша болжау әдісіне барлық оқушы қызыға қатысадылады, мұқият тыңдап, топта талқылайды. -Ойлан,ойлан басым деп,өз басын жұдырықпен ұрып қалады.
-Жағымды кейіпкер
-Алаңғасар, қиялға беріледі, шектен тыс қиялдайды.
Өз қиялдары мен армандарындары туралы айтады.
-Оқиды
-Топта түсіндіреді,талқылайды
-Рольдерді өзара бөліседі,бір-бірімен диалог құрады.
-Бар қиялдарын қосып,рольге еніп мәтінді мүмкіндіктерінше сахналап береді.
Қорытынды
(10-минут)
БКТЗО кестесі арқылы жұмыстану.
(5- минут)
Оқушыларға «Өз-өзін бағалау» журналын ұсыну
(5- минут)
Б
Ол туралы мен не білемін? К
Нені біл-
гім келе-ді? Т
Көбірек ақпарат-
ты қай-
дан таба аламын? З
Мен не
ні зерде-
леуім
керек О
Одан әрі не істеуім керек?
Журналдағы сауалнамаларға жауап береді
Сауалнамалар №Жоқ Кейде Ия
1 Жұмбақты шештім
2 «Алдын ала болжау»әдісіне қатыстым.
Мен ұйымдастыруға көмектестім
Өз тобымдағы басқаларға көмектестім
Өз идеямды нақты түсіндірдім
Мен басқа адамбарды тыңдадым
Мен көрініске қатыстым
Мен не білетінімді,нені білмейтінімді айқындап алдым.
Сабақтың өзіндік талдауы: Қожанасырдың алдауы тақырыбын игерудегі сабағымды жұмбақ жасырудан бастадым. Оқушыларды реттеп, сабаққа деген қызығушылықтарын оятуға көп әсерін берді. Жұмбақ баланың қиялын, логикасын, шығармашылық қасиетін дамытады.Оқушылардың жауаптары әр түрлі, біреуі- Алдаркөсе десе, екіншісі – Атымтай деп жауап берді. Сыныбымдағы кедергісі бар Назар есімді оқушым: «Қожанасыр »-деп, дұрыс жауабын тапты. Мен машық кезінде осы оқушымды бақылауға алған болатынмын. Бір байқағаным, ол сандық техникаға әуес , мультфильмдер топтамасын жақсы көреді екен. 7 модульді ықпалдастыра өткізген жаңа форматтағы оқудың тиімділігінің бірі де осы. Әр балаға жеке тұлға ретінде қарауға мүмкіндік береді.
Тұсаукесер бөлімінде «» миға шабуыл» әдісін қолданып, оқушыларға жоғары деңгейлі сұрақ қойдым.: Қожанасыр өзінің қандай ісімен ел аузында аңызға айналды деп ойлайсың?Оқушыларда бірінші үнсіздік пайда болды. Мен ойлағандай оқушылар бірден дауап бере қойған жоқ. Сондықтан: Батырлар –жауда шайқасып елімізді қорғағаны үшін әлі күнге дейін ұмытпаймыз, ал Қожанасырды ше? – деген қайта бағыттау сұрағын қойдым.Содан кейін оқушылардың жауаптары пайда болды. Мен неге оқушылар жоғары деңгейлі сұрақтаран қиналып қалды?-деген сұрақты өзіме қойдым. Өз тәжірибеме көз жүгірттім, шынымен де мен осы курсқа келместен бұрынғы сабақтарында көбіне төменгі деңгейлі сұрақтар қойғанмын, тиісінше оқушылар да осы деңгейлі сұрақтар арқылы диалотық оқыту әдісін іске асырады екен.Оқушыларымыздың дамуы үшін ең бірінші өзіміздің білімімізді шыңдауымыз керек, көшбасшы болуға өзіміз де де дайындық қажет екенін ұқтым.
Сабағымның негізгі бөлімін ауызша болжау әдісімен бастады.Оқушыларымның жас ерекшелік теріне қарай қарастырсақ, бастауыш сыныптар үшін тиімді. Мәтін математикамен де байланысты болғандықтан, осы пәнді ұнататын, бірақ көп сөйлемейтін Алишер, Дияс, Темірлан сабаққа белсенді түрде қатысып отырғанын байқадым. Оқушыларға оқулықтағы мәтіндерді игеру үшін 4 түрлі мәтінді 4 топұа бөліп бердім.Топтағы оқушылар мәтінді іштей , тізбектей оқыды.Жұптасып ролге бөліп оқыды және сахналады.Әр топтан 3 оқушыдан дараланып шықты.Олар: Аружан,Тоқтар, Светлана,Алмас, Ансұлу т.б оқушылар. Бар қиялдарын қосып,рольге еніп мәтінді мүмкіндіктерінше сахналап береді. Оқушыларға «Өз-өзін бағалау» журналын ұсындым.
1 Жұмбақты шештім
2 «Алдын ала болжау»әдісіне қатыстым.
Мен ұйымдастыруға көмектестім
Өз тобымдағы басқаларға көмектестім
Өз идеямды нақты түсіндірдім
Мен басқа адамбарды тыңдадым
Мен көрініске қатыстым деген өлшемдер арқылы өздерінің сабаққа қатысу дәрежелерін айқындап алды. 7 модульді ықпалдастырылған сабақ беру арқылы оқушылар тапсырмаларды орындау кезінде ешкімге ұқсамайтын жол іздейді,өзінше болжайды. Бастауыш сынып оқушысы үшін мұғалімнің мән беріп тыңдауы сонша маңызды екенін ұмытпаған жөн. Материалды игеру ең жауапты жұмыс.ол арқылы мұғалім бүкіл сабақтың мақсаты мен міндеттерін шешеді. Сабақтың мақсатын дұрыс қою арқылы , күтілетін нәтижені айқындап алуымыз керек.Мақсатқа жету жұмыстарының формасын дұрыс таңдау арқылы, топ жасақтау арқылы, мәтіннің көлемдігіне қарамастан, сабақ жеңіл, бала жанын «ауыртпай» өтеді. Сабақты қазіргі Жаңа технологиялар арқылы өткізудің тиімділігі – сабақта бала өзі жұмыс жасайды,сіз оқытпайсыз, тек нұсқап отырасыз, сіз қалай оқу жолын үйретесіз.Бала барлық тапсырмалар мен мәселелерді өзі шешеді. Бұл балалардың ойлау деңгейін, шығармашылығын, сөздік қорын дамытатынына кәміл сенемін.
Сабақ бойынша өзгертулер
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
Әдебиеттік оқу (4-сынып)
Тақырыбы:Қожанасырдың әңгімелері
Оқушының аты – жөні:
1)Өзін – өзі бағалау
№ Сауалнамалар Жоқ Кейде Ия
1 Жұмбақты шештім
2 « Алдын ала болжау »әдісіне қатыстым.
3 Мен ұйымдастыруға көмектестім
4 Өз тобымдағы басқаларға көмектестім
5 Өз идеямды нақты түсіндірдім
6 Мен басқа адамдарды тыңдадым
7 Мен көрініске қатыстым
8 Мен не білетінімді,нені білмейтінімді айқындап алдым.
2)Талдау жинағы
Сол жаққа өзіңізге көмектескен екі нәрсені жазыңыз
және оң жаққа жұмысыңызға зиян келтірген(кедергі жасайтын) екі нәрсені жазыңыз.
КӨМЕК КЕДЕРГІ
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.