.
.
Сабақтың тақырыбы: П дыбысы мен әрпі П дыбысы мен әрпі
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1752 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға П дыбысы мен әрпін таныту,
таңбалап жазуды меңгерту. Мәтінмен жұмыс жасау
дағдыларын қалыптастыру,сөздерге
дыбыстық,буындық талдау жасай білуге, сөз
мағынасын түсінуге үйрету.
2. Ой-өрісін,сөздік қорын, есте сақтау,қиялдау
қабілеттерін,шығармашылық тапсырмалар беру
арқылы логикалық ойлау, дарындылық қабілеттерін
дамыту.
3. Сауатты оқып ,жазуға ,ұқыптылыққа ,тапқырлық,
ізденімпаздыққа , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Әдіс тәсілі: талдау,жинақтау,шығармашылық тапсырмалар,сұрақ-жауап
Көрнекілігі: электронды оқулық, әріптер кассасы, шығармашылық тапсырмалар ,бағалау ағашы.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық.Оқу
құралдарын түгелдеу.
2. Психологиялық дайындық. Шаттық шеңберін құру. Бір-бірімен сәлемдесіп, жылы лебіздерін білдіру.
Қуан ,шаттан алақай !
Қуанатын күн бүгін.
Күліп шықты күніміз.
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Сәлеметсіңдер ме достарым?
Сәлеметсіз бе ұстазым?
Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме балалар? Мен сендердің бүгінгі күндеріңе сәттілік тілеймін.
Хормен: Әліппе сенің сырласың,
Әліппе досың болады.
Әріптердің шұғыласы
Дәптеріңе қонады.
-Балалар біз бүгін Әліппе сабағында топтық жұмыс жасаймыз. Барлығымыз біртіндеп келіп,өз қалауымыз бойынша мына фигуралардан таңдап алыңдар.
Оқушылар алған геометриялық денелер арқылы бірігіп топ құрайды. Топтың
басшысын сайлап,топ аты,ұранымен таныстырады. Мысалы: «Айгөлек», «Балдәурен», «Балдырған», «Бала би», «Жас қыран» тобы.
Топ басшыларына бағалау парақтары таратылады.
Электронды оқулықпен жұмыс.
«Үйрек» десе –бірінші
«Бүйрек» десе –екінші
Бұл қайсы әріп екенін
Біреу айтып берсінші. Ү-ү-ү
-Дұрыс айтасыңдар.
-Ендеше өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
- Ү дыбысымен.
Ой шақыру . -Ү дыбысы қандай дыбыс?
дауысты
жіңішке
Ү қысаң ( жақ қатысына қарай )
Еріндік ( ерін қатысына қарай)
Жеке буын болады
Сөз басында, ортасында келеді
3. Үй тапсырмасын сұрау.
-Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
- «Сен бақытты ұлансың » өлеңін мәнерлеп оқу. «Қыс қызығы » тақырыбындағы мазмұнды сурет бойынша әңгімелеу.
- Логикалық тапсырма. Ү- дыбысы қай буында кездеседі.
4.Өткен сабақты пысықтау. «Кім тапқыр» ойыны
Электронды оқулықпен жұмыс.
Ұ-Ү әрпі ұқсас Ұ-жуан, Ү- жіңішке.
-Балалар тақтаға назар аударыңдар. Ұ-Ү дыбысы бар сөздерді теріп айтыңдар.
Ұ дегенім-ұн.
Ү дегенім – үн
Ұны қойсаң ұр
Үні қойсаң үр.
Жуан айтсаң тұр,
Жіңішкертсең түр
Ағашта бар бүр
Мойыныңды бұр.
Топтық жұмыс. Көп нүктенің орнына тиісті Ұ-Ү дыбыстарын қойып жазыңдар.
Б... ршақ , қ... стар, .... йрек , ж.... рек , ....ршық , ...стел
Берілген тапсырманы тақтадағы дұрыс жауап арқылы тексеру.
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Біп-биік болып өседі.
5. Жаңа сабақ. П дыбысы мен әрпі
Электронды оқулықпен жұмыс.
А) Жұмбақ шешу.
Қорықпайды күшті аңнан
Қорқады тек тышқаннан (піл)
-Балалар піл сөзінің басында қандай дыбыс естіледі?
-Бірге айтайық П-П-П
-Тақтаға назар аударайық П дыбысының баспаша және жазбаша түрімен таныс болайық. П дыбысы дауыссыз болғандықтан көк түспен боялады. П-
ә)Тақтамен жұмыс
Б)Суретпен жұмыс.
Парта кірпі пышақ пальма кітап
Ой шақыру
П-әрпі неге ұқсайды?
Футбол алаңына барайық
Қақпасына қарайық.
Ұқсайды оған қай әріп (П)
П-әрпін жазып үйренейік. Ауада жазу.
В)Оқулықпен жұмыс Буындарды оқу.
Бағандағы сөздерді оқытып , дыбыстық,буындық талдау жасату.Сөздерді тұтас оқу ,мағынасын түсіну.
Тап пі-шен шо-пан ә-ріп Та-лап
Қап пә-тер ша-пан кі-тап Жа-қып
«Кітап» мәтінін оқу. Сұрақтарға жауап беру.
Логикалық тапсырма. П дыбысы сөздің қай буынында?
Дәп-тер кі-тап қа-рын-даш
Жекеше Көпше
Дәптер дәптерлер
Кітап кітаптар
Қарындаш қарындаштар
Оқулықтағы мазмұнды суретпен жұмыс. Тірек сөздрді қолданып ,
«Кітапхана » тақырыбында шағын әңгіме құрастыру. Сұрақтарға жауап беру.
1. Шәріп қайда келді?
2.Ол нешінші сыныпта оқиды?
3.Қандай кітаптарды ұнатады?
4. Кітаптарды қайда жинап қойған?
Г)Жазу дәптерімен жұмыс. Жазу дәптерінің 12- бетіндегі П дыбысының әрпін жазу үлгісі орындалады.
Топтық жұмыс. «Сәйкесін тап» ойыны.
Текшелердегі буындардан сөз құрастыр. (Оқушыларға парақшалар таратылып беріледі)
Дәп те нек тап
өр
кі
тер
рек
6. Қорытынды: а) Берілген суреттерді атап,атауында П мен Б дыбыстары бар суреттерді тиісті орынға жина.
П Б
ә) « Адасқан сөздер » ойыны.
П .... ... п ... ... п
Әрбір суреттің атауынан «П» дыбысын тап және оның сөздің қай бөлігінде тұрғанына байланысты сандыққа сал.
Балапан,жапалақ,доп,мектеп,пышақ, піл,перде,арпа
7. Бағалау. Әр топтағы «Бағалау ағаштары » арқылы мақтау, мадақтау жүргізу.Оқушыларға жұлдызшалар үлестіру.
8. Үйге тапсырма. П дыбысы мен әрпі 102-103 бет. П дыбысын көркем етіп жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.