Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау -

Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2445 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау
Сабақтың мақсаты:
1. Пайдалы қазбалар туралы білімдерін жетілдіре отырып, оларды өндіру әдістерімен және қорғау, үнемдеп пайдалану туралы білімдерін кеңейту.
2. Ой-өрістерін дамыту, өз ойын ашық білдіруге, пікірлерін қорғай білуге дағдыландыру.
3. Табиғи ресурстар туралы ұтымды ой-пікірлер қалыптастыруға өз елінің байлығын қорғауға, үнемдеп пайдалануға тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: СТО тел
Көрнекілігі: слайд, карта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру
II. Психологиялық дайындық
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз
Табиғатты қорғайтын
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды
Осының бәрін меңгертер
Дүниетану сабағы.
- Иә, балалар, сендер еліміздің осынау байлығын игеретін болашақ иесісіңдер. Болашақ ұрпақ саналы да білімді, ой-өрісі жан-жақты дамыған азамат болуы керек қой. Ендеше бүгін де біз білімімізді көрсете білейік.
III. Оқушыларды пайдалы қазбаның шартты белгілерін алу арқылы топқа бөлу.
1-топ ▲Геолог Қаныш Сәтбаев
2-топ ■ Кен білгіпі Апақ Байжанов
IV. Үй жұмысын тексеру. Топтық жұмыс.
1-топ. Жанғыш пайдалы қазбалар туралы әңгіме.
2-топ. Кенді және кенсіз пайдалы қазбалар.
Жалпы сұрақ: Сыныпта пайдалы қазбалардан алынған өнімдер бар ма?
Үй жұмысын қорытындылау.
Сұрақтар
1. Тау жыныстары дегеніміз не?
2. Табиғатта тау жыныстары қандай күйде кездеседі?
3. Тау жыныстарының қандай түрлері бар?
4. Тығыз тау жыныстарына нелер жатады?
5. Бос тау жыныстарына не жатады?
6. Пайдалы қазбалар дегеніміз не?
7. Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай неше топқа бөлінеді?
V. Проблемалық сұрақ.
- Адам пайдалы қазбаларды қолданбай өмір сүруі мүмкін бе?
Пайдалы қазбаларды қалай өндіретінін білесің бе?
Қайдан көрдің және ол қандай пайдалы қазба?
VI. ЖАҢА САБАҚ.
Тақырыпты хабарлау және мақсатын түсіндіру. Дәптерге жазу.
1) Мәтінді оқу. Оқығанды талқылау. Сызба құрастыру.

Суретке назар аудару. Кен өндіру әдісін анықтау.
Тақтамен жұмыс.
Пайдалы қазбаларды өндіру әдістерін анықтау.
Мұнай қалай өндіріледі? Мұнай жердің терең қабатындағы тау жыныстарының қуыстарына іркіліп жиналады. Оны өндіру үшін мұнайлы қабатқа дейін бұрғылайды. Бұрғылаудын пайда болған жіңішке құдыққа құбыр салынады. Жоғарғы қабаттардың қысымымен мұнай жылжып құбырға келеді. Бұл жерде оны қуатты сораппен (насоспен) тартып алады.
Өндірілген мұнай құбыр арқылы мұнай өңдейтін зауытқа жіберіледі. Ол жерде мұнайды арнаулыпеште қыздыру нәтижесінде одан бензин, жермай және басқа түрлі бағалы шикізаттар бөлініп алынады. Мұнайдан ең алдымен жанатын газ, бензин және жермай бөлінеді. Ең таза бензин ұшаққа пайдаланылады.
Ашық карерьден қалай өндіреді?
Егер кен жер бетіне жақын жатса оны қарапайым ашық карьер әдіспен өндіреді. Темір кені көбінесе қатты болады. Оны шауып қазып алу көмірдей емес қиын. Сондықтан кен қабатын ең алдымен қопарғыш дәрі қойып бұзады. Қопарылып, қопсыған кенді экскаваторлармен машинаға немесе вагонға тиейді. Өндірілген кен металл қорытатын зауыттарға жөнелтіледі. Онда домна пешінде қорытылады.
Шахталық әдіспен жердің терең қойнауындағы жатқан кенді қазуға тура келеді. Тас көмір шахталық әдіспен өндіріледі. Шахта терең қазылған құдық тәріздес. Жан-жаққа бөлмелер тарайды. Жер астына таза ауа жіберіледі. Электр жарығы жүргізіледі. Көмір комбайндар мен вагондарға тиеп темір жолды лифтмен жер бетіне шығарылады екен. Онда шахтерлер жұмыс істейді.

VII. Ой қорыту
- Қандай пайдалы қазбалар қалпына келмейді?
(көмір, металл, мұнай, газ)
- Пайдалы қазбаларды қорғау үшін не істеуіміз керек?

VIII. Сергіту сәті
Шахтер келді шахтаға
Көмір қазып жалпыға
Дайын болған көмірді
Ұсынады халқына

IX. Топтық жұмыс.
1-топ. Пайдалы қазбалар туралы мақал жазу.
2-топ. Венн диаграммасы. Көмір, газ

X. Тест жұмысы
1. Пайдалы қазбаларға ..... жатады?
А) темір кенінен алынған металл
Ә) тау жынысы
Б) Жер қыртысының қатты бөлігі

2. Құмтас деп ....
А) құм аралас тас
Ә) құрылыс материалдары
Б) қатты тас

3. Бос жынысқа ...... жатады
А) құм және саз
В) құм және цемент
С) мұнай, газ

4. Пайдалы қазбалар 3 негізгі топқа бөлінеді
А) пайдалы, пайдасыз, жарамсыз
Ә) жанғыш, кенді, кен емес
Б) бағалы, құмсыз, жанатын

5. Кен орны деп .... айтады
А) пайдалы қазбалардың шоғырланған жерін
Ә) пайдалы қазбаларды өндіру әдістері
Б) пайдалы қазбаларды өңдейтін жер

Тест жұмысын оқушы өзі тексереді

XI. Қорытындылау
Не білдім?
Не үйрендім?

XII. Бағалау
XIII. Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу.
«Менің елім - бай ел» тақырыбына шығарма жаз




Тест жұмысы

1. Пайдалы қазбаларға ..... жатады?
А) темір кенінен алынған металл
Ә) тау жынысы
Б) Жер қыртысының қатты бөлігі

2. Құмтас деп ....
А) құм аралас тас
Ә) құрылыс материалдары
Б) қатты тас

3. Бос жынысқа ...... жатады
А) құм және саз
В) құм және цемент
С) мұнай, газ

4. Пайдалы қазбалар 3 негізгі топқа бөлінеді
А) пайдалы, пайдасыз, жарамсыз
Ә) жанғыш, кенді, кен емес
Б) бағалы, құмсыз, жанатын

5. Кен орны деп .... айтады
А) пайдалы қазбалардың шоғырланған жерін
Ә) пайдалы қазбаларды өндіру әдістері
Б) пайдалы қазбаларды өңдейтін жер
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.