Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Пайдалы қазбалардың  түрлері. -

Пайдалы қазбалардың түрлері.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1827 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Ақтөбе облысы
Мұғалжар ауданы
Саға негізгі мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Қонарова Гүлмира Сағитжанқызы
Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалардың түрлері.
Сабақтың мақсаты: Пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру. Адам
өміріндегі маңызына, алыну жолдарына тоқталу.
Өз ойларын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге,
өздігінен ізденуін, шығармашылығын, танымдық
қабілетін дамыту.
Табиғатты аялай білуге, ел байлығын үнемдеп
пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс,
сұрақ –жауап, ойын, кесте толтыру.
Сабақтың көрнекілігі: Пайдалы қазбалардың түрлері, кесте, суреттер,
слайд
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
- Психологиялық дайындық.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
- Оқушылар назарын сабаққа аудару. 3топқа бөлу
- 1 топ – «Мұнай», 2 топ – «Темір», 3 топ – «Гранит».

ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы.
І топ: Тамақ пісіру, үй жылыту, фабрика, зауыт, электр станциялары жұмыс істеу үшін жұмсалатын қандай отын түрлерін білесіңдер?
(тас көмір, мұнай, газ)
ІІ топ: Үй жиһаздары, түрлі машиналар, ұшақ, кеме, темір жол, көпір салу үшін қандай пайдалы қазбалар пайдаланылады?
(мыс, темір, қорғасын, алюминий)
ІІІ топ: Адамдардың үй салғанын бақыладың ба? Қандай құрлыс материалдарын пайдаланғанын көрдің?
(құм,саз, тас, әк)
Осының бәрі қосылып, пайдалы қазбаларды құрайды.
(Пайдалы қазбаларға анықтама беріп өтіледі)

Есте сақта!
«Пайдалы қазбалар – жер қойнауынан немесе жер бетінен қазып алынатын тау жыныстары. Бұл табиғат байлықтары адамның қажетіне жаратылады»

ІІІ Жаңа сабақ
Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай үшке бөлінеді

1. Жанғыш пайдалы қазбалар
2. Кенді пайдалы қазбалар
3. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Түсіндіру:
- Пайдалы қазбаларды кімдер зерттейді?
- Геологтар
- Қазақтың тұңғыш геологі кім еді?
- Қаныш Сәтбаев
Қаныш Сәтбаев туралы әңгімелеу
- Отанымызға, елімізге, халқымызға, табиғи байлықтарымызға тіреу де, сүйеу де, қорған да бола білген академик, ғалым, қоғам қайраткері, Жезқазған мыс рудасын ашуға көп еңбек сіңірген осы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев болатын.
Пайдалы қазбалар суреті бойынша әңгімелеу.

- Қазақстанның кең байтақ жерінде пайдалы қазбаның барлық түрі кездеседі. Солардың кейбірі мыналар:мұнай, көмір, газ, қорғасын, алюминий, күміс, алтын т.б. Осының ішінде біздің Ақтөбе өңірінде Жем, Кеңқияқ, Жанажол аймақтарында мұнай және газ өндіріледі. Алтынды елді мекені аймағында алтын өндірілсе, Хромтауды хромның кен орны деп мақтан етеміз.
(слайд бойынша түсіндіру)
Оқулықпен жұмыс:
Мәтінді оқыту (3 минут)
І топ: Жанғыш пайдалы қазбалар.
ІІ топ: Кен пайдалы қазбалар.
ІІІ топ: Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.
Мәтіндегі оқығаны бойынша әңгімелеу
Сурет бойынша жұмыс
Суретті толықтыру, қандай қазбадан жасалғанын айту.

Пайдалы қазбалардың шартты белгілерімен таныстыру:
- Әрбір пайдалы қазбаның өзіне тән мынадай шартты белгілері бар.
Тас көмір - Мұнай- Газ- Темір - Алтын -
Мыс - Тұз - Әктас - Саз - Алюминий - А
Дәптермен жұмыс:
Пайдалы қазбалардың атын жазу, шартты белгілердің суретін салу

Қимылды сергіту сәті:
Шахтер келді шахтаға,
Көмір қазып халқына.
Дайын болған көмірді,
Ұсынады халқына.

Ойын: «Бұл не?»
 Ауыр, қатты, соғуға жарамды, ұсақ және тығыз байланысқан бөлшектерден тұрады, машина жасауда қолданылады. Бұл не?
(Темір кені)
 Қара түсті, аздап жалтырайды, қатты, суға батпайды, жанады. Қарағанды, Екібастұзда өндіріледі. Бұл не?
(Таскөмір)
 Мықты, ауыр, сұр, қызғылт, қызыл түсті болуы мүмкін.
Құрылыс жабдығы ретінде қолданылады. Бұл не?
(Гранит)
 Қошқыл түсті сұйықтық, жанады, одан керосин, газ, бензин мен мазут алынады. (Мұнай)
 Ақ, қызғылт, сұрғылт, көкшіл түстес келеді. Ол оңай үгіледі. Суды өткізбейді. Созылмалы қасиеті бар. Біз оны үй жөндегенде, кірпіш соққанда құмыра жасауда пайдаланамыз. Бұл не? (Саз)
 Гранит ыдыраған кезде пайда болады, құрылыста және әйнек шығаруда пайдаланылады. (Құм)

Көзге сергіту сәті: (планета) Планетамызда қанша пайдалы қазбалар болса, соның бәрін біздің жерімізден, яғни жер қойнауынан табуға болады екен.

ІV. Сабақты қорытындылау:
Ұсынылған тізімдегі қазба байлықтарды қасиеттерімен байланыстар. Нұсқалармен жұмыс.

Таскөмір, құм, мұнай, саз, темір, әктас
1. Жанғыш 9. Су өткізгіш
2. Қатты 10. Сусыма
3. Сұйық 11. Судан жеңіл
4. Судан ауыр 12. Газтәріздес
5. Қара түсті 13. Ақ түсті
6. Сары түсті 14. Ериді
7. Морт сынғыш 15. Созылмалы
8. Иісі бар 16. Су өткізбейді
17. Қоңыр түсті

көмір, шымтезек, темір, қорғасын, гранит, әктас,
мұнай, табиғи газ мыс, алтын, алюминий құм, саз, тұз

V. Үйге тапсырма:
Мәтінді оқу, Қазақстан картасынан пайдалы қазбалар өндірілетін жерлерді көрсетуге дайындалу.
VІ. Оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.