.
.
Апта математика Пысықтау
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1465 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы : Пысықтау.
Жалпы мақсаты : Оқушылардың өткен сабақтарын пысықтап , қайталау . Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тиянақты жауап беруді талап ету. Оқушыларды тапқырлыққа , жылдам ойлауға , ойын арқылы қорыта білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер : - а) білімдерін көрсете біледі;
- б) сандар құрамын ажыратып , айтады;
- с) өзін қоршаған ортадағы заттарды зерделеп, талдайды;
Керекті жабдықтар : оқулық , жұмыс дәптері, слайд, ертегі кейіпкерлері, жұмбақтар
Сабақ барысы :
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Топқа бөлінеді.
Балалар амандасады .
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Барша адамда құрметтеп
Бас иеміз біз.
Алақанды ашайық
Жылылықты шашайық
Сәттілік тілеп достарға
Сабақты біз бастайық.
1топ «Алғырлар»
2топ «Тапқырлар»
3топ «Зеректер»
Тұсаукесер «Бауырсақ» ертегісін әңгімелеу. Кейіпкерлерді атау.
Бауырсақтың әнін айту.
Миға шабуыл.
Сандардың астына тиісті әріптерді қойып, сөз шығару.
Ата мен әже, бауырсақ, қоян, аю, қасқыр, түлкі
Қоян (қоян туралы білетіндерін айтады)
Негізгі бөлім
Оқулықпен жұмыс
Қоянның тапсырмасы.
Сандардың көршілерін атау.
Жұмбақ жасыру.
Жазда қыдырады,
Қыста тынығады.
Ол не ?
Аюдың тапсырмасы
Суреттер бойынша теңдіктер құрастыру.
Жұмбақ жасыру.
Ит сияқты пішіні
Ұнатпайды ол кісіні
Ол не ?
Қасқырдың тапсырмасы.
Үйлерге сандарды орналастыру.
Жұмбақ жасыру.
Орманда тұрады, өзі бір қу,
Жүрген жері айғай мен шу.
Ол не ?
Өрнектерді баған және қатар бойынша салыстырып , қай өрнек жазылмағанын табу.
-Балалар , түлкі бауырсақты жегелі тұр. Ол үшін сендер дәптердегі тапсырманы орындауларың керек.
Дәптермен жұмыс
1 тапсырмада тиінге жаңғақтарды әртүрлі тәсілмен 2 себетке бөліп салуға көмектесу.
2 тапсырманы орындау.
3 тапсырмада цифрларды салу.
Сергіту сәті
Биік болып өсеміз
Ағаштардай жайқалып
Табиғатты сүйеміз
Шетімізден шеберміз
Денемізді бос ұстап
Билеп – билеп аламыз
5 тапсырмада есептеп , сәйкес түспен бояу.
-Міне балалар, тапсырманы жақсы орындадыңдар, бауырсақты түлкіден құтқардыңдар. Бауырсақ сендерге рахмет айтады.
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау, бауырсақтың суретін үлестіру.
--- 6 --- , ----7----, ---- 2 ----, ---- 4 ---, ---- 1 ---;
Аю (аю туралы білетіндерін айтады)
4 + 3 = 7 5 – 1 = 4
2 + 4 = 6 7 – 2 = 5
Қасқыр (қасқыр туралы білетіндерін айтады)
6 8 5 7
Түлкі (түлкі туралы білетіндерін салады)
3+1 4+1 5+1
3+2 4+2 5+2
3+3 4+3 ? (5+3)
Тапсырманы орындайды.
7 8
3 4 7 1
5 2 6 2
6 1 5 3
5
7 5 + 2 = 7
3 5 – 2 = 3
Қимылмен көрсетіп орындайды.
Алдарына берілген ақ беттерге смайликтер арқылы көңіл күйлерін білдіреді.
Апта математика
Сабақтың тақырыбы : Есеп шығаруға дайындық
Жалпы мақсаты : «Есеп» ұғымын ендіру үшін оқушылардың тірек білімдерін жетілдіру; сурет бойынша қосу мен азайтуға арналған сандық өрнектерді құрастыру білу дағдыларын бекіту.
Күтілетін нәтижелер : - а) «есеп» ұғымы туралы түсінік алады;
- б) сандар құрамын ажыратып ,теңдіктер құрастырып айтады;
- с) өзін қоршаған ортадағы заттарды зерделеп, талдайды;
Керекті жабдықтар : оқулық , жұмыс дәптері, слайд, ертегі кейіпкерлері, жұмбақтар
Сабақ барысы :
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Топқа бөлінеді.
Балалар амандасады .
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Барша адамда құрметтеп
Бас иеміз біз.
Қайырлы күн, достар!
Бүгінгі күн міне
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз
Кілең бестіктер болсын!
1топ «Қосу»
2топ «Азайту»
3топ «Теңдік»
Тұсаукесер Ой қозғау.
Логикалық жұмбақ есептер(әр топқа екі-екіден)
1. Екі сиырдың мүйізі нешеу? 4 еу
2. Бір мысықтың аяғы қанша? 4еу
3. Бес қойдың басы нешеу? 5еу
4. Үш адамның қолы нешеу? 6 ау
5. Бес баланың аяғы нешеу? 10
6.Атадан он баламыз
Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз
Көбейіп те аламыз.
(цифрлар)
Әр топтағы оқушылар жауап береді.
Негізгі бөлім
Оқулықпен жұмыс.
1тапсырма суреттерге сәйкес өрнектерді таңдау.
2 тапсырма суреттер бойынша теңдіктер жазу.
3тапсырмада кесінділердің ұзындықтарының қосындысын тауып жазады.
4 тапсырмада салыстыру. (тақтаға орындайды)
Дәптермен жұмыс
1тапсырма бойынша «Кім жылдам?»
ойынын ұйымдастыру.
2 тапсырманы оқулықтан орындайды.
3 тапсырма бойынша өрнектер құрастырады.
Сергіту сәті
Шырша биі.
4 тапсырманы оқулықтан орындайды.
Постермен жұмыс.
Шыршаны безендіру.
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау, смайликтер беру.
«Қосу» тобы 1 суретке
«Азайту» тобы 2 суретке
«Теңдік» тобы 3 суретке өрнек таңдап айтады және көрсетеді.
1 топ 4 + 5 = 9
2 топ 7 – 3 = 4 теңдіктерін жазады.
3 топ 1см + 2см + 2см +1см = 6см
1см + 1см + 2см + 3см + 2см = 9 см
1бағанды «Қосу» тобы
6 см * 5 см 5 * 5+2 5+1 * 5+2
2 бағанды «Азайту» тобы
1см * 5 см 9 * 6-2 7-2 * 4+2
3 бағанды «Теңдік» тобы
10 см * 8 см 7 * 5+2 5+2 * 9+1
Бос әйнекшелерге тиісті сандар қойып жазады.
10-2=8 8+2=10
Қимылмен көрсетіп орындайды.
Әр топ берілген шыршаларын безендіреді.(сандар құрамын табады)
Жұмыс дәптерлерінің шетіне смайликтер арқылы көңіл күйлерін білдіреді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.