.
.
Сабақты дайындаған : Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласының № 44 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі : Есполаева Алия Ораловна Пысықтау. Үлес
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1876 | Размер: | Автор: Нартай4540Математика
Сабақтың тақырыбы: Пысықтау. Үлес
Сабақтың мақсаты:
а/ Ақпаратты құзыреттілік:
Оқушылардың үлес жайында алған білімдерін түрлі тапсырмалар орындай отырып бекіте түсу;
ә/ Коммуникативтік құзыреттілік
Оқушылардың есте сақтау, ойлау, өз бетінше шешім қабылдау, ой-пікірін білдіру қабілеттерін дамыту.
б/ Проблема шешу.
Машықтық жұмыс кезінде оқушылардың ұқыпты орындау, жинақылыққа, ептілікке, шапшаң ойлауға дамыту.
Сабақтың түрі: бекіту
Сабақтың әдісі: баяндау, машықтық жұмыс, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі мен құрал-жабдықтары: оқулық, компьютер, проектор.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- бүгін балалар, біздерде ерекше сабақ. Сіздерідің алған білімдеріңді тексеріп бағалауға ұстаздар келіп отыр. Сондықтан сабақта өз білімдерімізді, тәртіптерімізді жақсы жағынан көрсетейік.
Слайд №3
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар, білім шыңына!
Ұқыптылық пен Зеректік,
Жеткізсін сіздей өренді
Математика сырына.
-Ендеше, өз білімізді математика сырына сүйене отырып, көрсетейік. Өткен сабақты есімізге түсірейік.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Үй тапсырмасын ауызша тексеру /№3,123 бет/
2. Сұрақ-жауап.
Слайд №4.
1. Үлес деген не?
2. Жартысы деген сөзді қандай сөзбен алмастыруға болады?
3. Ширек бөлігі басқаша қалай атауға болады?
4. Периметр деп нені атайды?
5. Бөлудің компоненттерін ата.
6. 2-ге бөлінбейтін сандарды ата.
Сабақтың мақсатын хабарлау.
Күннің жадын жазып, тақырыпты жазу. Оқулықтың бетін ашу /125 бет/
№2. Уақытқа қарап есептеу. Алдымен көбейту, бөлу айтып өту.
Слайд №5. « Кім шапшаң?» ойыны
6*5=12 6*3=18 6*4=24 6*5=30
6*9=54 6*8=48 6*7=42 6*1=6
6*0=0 6:6=1 0*6=0 6:1=6
54:6=9 42:6=7 36:6=6 0:6=6
18:6=3 24:6=4 30:6=5 48:6=8
/ жауаптарын бірден айту/
Слайд №6 Геометриялық фигуралар туралы айту. Олардың периметрін қалай табамыз?
а/ Р =5*6=30см немесе Р=6+6+6+6+6=30 см
ә/ Ені- 6см, ұзындығы- 9 см Р=?
Өрнектердегі амалдар тәртібі туралы еске түсіру.
- Алдымен қандай амалдарды орындаймыз?
Слайд №7. №3 Өрнектер құрып, мәнін табу /тақтаға/
6*7+5*3=57 6*7-5*3=27
5*9+3*9=75 5*9-3*9=18
9*6+5*6=84 9*6-5*6=24
5*8+4*5=60 5*8-4*5=20
Сергіту сәті. « Ойнайық та, ойлайық»
Логикалық тапсырмалар.
І топ. 50 саусақ неше балада бар? /5 бала/
ІІ топ. Үстелде 6 стакан бар.1 стакан сүтті ішті де қайта қойды. Үстелде қанша стакан қалды? / 6/
ІІІ топ. 4 алма бар. Оның біреуі қақ бөлінген. Сонда неше алма болды? /4/
№4 Өз бетіндік жұмыс.
Кесінді сызу.
І топ. а/ 20 - 1/5 немесе 20:5=4 4 см кесінді сызу.
ІІ топ. ә/ 18- 1/3 немесе 18:3=6 6 см кесінді сызу.
ІІІ топ. б/ 12-1/2 немесе 12:2=6 6 см кесінді сызу
Слайд № 8. № 5 Есепті оқып талдау.
І топ. Есеп құрастыру.
1/ Шешуі: 15:3=5 2/ Шешуі: 15-3=12
Жауабы: 5 кітап Жауабы: 12 дәптер
ІІ топ.
Кері есеп құрастыру.
1/ Шешуі: 5*3=15 2/ Шешуі: 12+3=15
Жауабы: 15 кітап Жауабы: 15 дәптер
ІІІ топ.
Екі амалмен шығатындай өзгерту. /барлығын табу/
1/ Шешуі: 15:3=5 2/ Шешуі: 15-3=12
15+5=20 15+12=27
Жауабы: 20 кітап Жауабы: 27 дәптер
Сабақты бекітуге тапсырмалар.
Слайд №9. № 7 ауызша. Ауызша есеп үлеске байланысты айтып шығу.
а/ 24- ¼=6кг алма, 24- 1/6=4 кг алма, 24-½=12 алма
ә/ 20- 1/5=4 кг, 20-½=10кг, 20- ¼= 5 кг қараөрік
Слайд №10. Аңдардың балықты бөлісуі.
1 2 3
Қасқыр, аю, тортты бөлісу
ІІІ. Қорытынды
- Бүгін қандай тапсырмалар орындадық?
- Кім көп қатысты? Кім қатыспады?
- Өте жақсы қатысқандар кімдер?
ІV. Үйге тапсырма.
№8,№6,№9 / ауызша/
V. Бағалау. / үлеске байланысты/
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.