.
.
Рахмет саған,бастауыш! Рахмет саған,бастауыш!
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1698 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты:
1. Бар білімнің қайнар көзі,бастауы-бастауыш сынып екеніне көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу.
3. Білім берер ордасы – мектебі, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар. Қанатты сөздер мен тақырып,шарлар.
Кіріспе сөз:Құрметті ата-аналар, ұстаздар,оқушылар! Кеше ғана осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын имене аттаған бүлдіршін сәбилер бүгін оңы мен солын таныған бір бір азамат болып,бастауыш сыныбымен қоштасқалы отыр.Қадамдарың сәтті болсын дей келе кезекті шәкірттеріме берейін.
1 Жүргізуші:
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
«Өмір» деген ұзақ жолда тарландар!
2-Жүргізуші:
Бүгін, міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әні менен жырларына тарландарым, сал құлақ,
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,
Лаулап жансын болашағың, шамшырақ...
1-ж Құрметті бастауышпен қоштасу кешіне жиналған қауым!«Рахмет саған,бастауыш!»
атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
2-ж Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық,
4 сынып шікірттерін ортамызға!
«Бала тілегі » әнімен ортаға оқушылар шығады.
1-ж Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата – аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
Оқушылар монтажы.
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты.
Армысыздар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.
Армысыздар, өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер,
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп кешегі сәби еркелер.
Армысың сен алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім.
1-ж: Ия ,мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады.
Ән мектебім.Орындайтын Ділжанова,Жүрімбай.
Кезекті сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларына берейік:
Мектеп деген білім кені жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
Мектебім білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата - анамдай
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыр,
Әр күні балалықтай біл жүрек бұл,
Өзіңе борыштармын өмір бойы,
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі,
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Мектебім, алтын ұяң, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Мектеп – үйім, ұстазым менің ата - анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып, сан тарапқа тараған.
Мектебім – сүйікті мектебім.
Бауырыңда түлеймін көктеймін.
Сен – бұлақ, мен – мен қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.
Мектеп – кеме, білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін,
Азық етіп ер жетеміз.
1-ж: Иә,«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстап, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән - жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің?
2-Ж: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім - мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Ендеше,алғашқы ұстазға арнаған жыр жолдарына кезек берейік.
Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.
Жарық күннен жылы жүзің елестер,
Құлағымда өзің берген кеңестер.
Жанарымда алыс тартққан қара жол,
Көз жұмсамда көре тұғын белестер.
Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.
Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім...
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың.
Өмірде сенің алар орыныңа,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.
Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай қөңілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап,
Шәкірттерін жиі еске алатын.
Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан,
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.
Жатталды жан жүректе есіміңіз,
Адамның аяулы үні сияқтанған.
Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс отты мына жүректерден.
Мектеп өмірінен күлдіргі көріністер.
Хор «Ұстазым»
1-жүргізуші:: Иә, осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби - балалар сөмкемізді сорға көтеріп, мектеп табалдырығын зорға аттаған едік.Мектепте қалмаймыз деп жылаған едік қой.
2-жүргізуші: Енді міне, әріп танытып,сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
1-жүргізуші : Иә, міне сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.
2-жүргізуші : Ендеше достар, бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа?
Бастауышта шырқалмаған жыр барма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім жырларым,
Азық болар, мәңгі талай жылдарға.
Бастауышым – бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.
Бастауышым – балбұлағым,
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым – балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол былғаймын.
Мектеп, мектеп бақытқа толды үйің,
Ұша білсек болмас - ау тіпті қиын.
Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін,
Бастауыштың билейміз соңғы биін.
Вальс
Мектеп – кеме, білі – теңіз,
Барар жолға тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда,
Ұстаз берген білім қолда.
Көрініс. «Пәндер айтысы»
1-Ж: Достар,біз бастауышта ағылшын,орыс тілі,математика сияқты түрлі пәндерді үйрендік қой,қане ортаға салайық.
2-ж: Ән «Иф юа хаппи».Ағылшын тілінде.
«Бабушки-старушки»орыс биі.
1-ж: «Үлкен адам болсыншы», - деп жан - жақты,
Үлпілдетіп балапандай самғатты.
Мейірімімен мәпелеген біздерді,
Ата - аналар аманбысыз ардақты.
2-ж: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата - анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз
тоқ, көйлегіміз көк болып жүруі де сол кісілердің
арқасы.
Ыстық - ау, кім - кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген, - дегендей әкенің орны бөлек ау.
Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсын жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.
1-ж: Ендеше, сүйікті де, сүйкімді балалары өз ата - аналарына қандай ән - жырларын арнайды екен.
1 - оқушы: Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!
Еңбек етем, Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
Ән:Әке-ана Орындайтын Ибашева Әсемай.
Ортада бишілерді шақырайық.Би танго.
Би қаражорға.
-жүргізуші: Бізді осы күнге жеткізіп,білім нәрімен сусындатқан ұстазымызға сөз берейік .Ұстаз: Құрметті шәкірттерім! Мен сендерді қимай тұрмын. Сендердің келешектеріңе үлкен сенім білдіремін.Сендердің алдағы уақытта әрқашан жолдарың болсын,деп ақ матадан жол төсейін.Өмірлерің құлпырған гүлдей болсын деп.жолдарыңа гүл шашайын.Сабақтарың ылғи да бестік болсын деп,жолдарыңа бестік шашайын.Сәт сапар,қымбатты шәкірттерім!
1-жүргізуші: Ажырамай мектеппен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз, - дей келе мерекелік кешіміздіқорытындылау үшін мектеп директоры Дәулетова Қалияға сөз берейік.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.