Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұрпақ – тіршіліктің жалғасы -

Ұрпақ – тіршіліктің жалғасы

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1274 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Макулбаева Алия
Шымкент қаласы, №50 А.Байтұрсынов атындағы
көпсалалы мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Ұрпақ – тіршіліктің жалғасы
Сабақтың мақсаты: Ұрпақ – тіршіліктің жалғасы ұғымының мәнін түсінуін қамтамасыз ету; «Тіршілік – ең жоғары құндылық» деген қазіргі экологиялық тұжырымдаманы ең маңызды императивіне қарапайым негіз қалау;
- Жануарлар тіршілігі және орта жағдайлары туралы оқушы алған білім, біліктің сабақтастығын табуға үйрену.
Сабақтың көрнекілігі: Деңгейлік тапсырмалар, қима, плакаттар, дидактика-лық ойын.
Сабақтың түрі: Топпен жұмыс істеу. Жанпейісова технологиясы.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
а) Таңдамалы тест
ә) Деңгейлік тапсырмалар «Білім биржасы»
Сергіту сәтін жүргізу.
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Тақырыпты ашу
2. Сәйкестілік тестісі
3. Көбею сызбасы
4. Оқулықпен жұмыс
5. Негізгі сұрақтар
6. Өсімдік сызбасы
7. «Тіршілікті танып біл» ойыны
IV. Сабақты қорыту.
Оқушыларды бағалау
V. Үйге тапсырма беру.
Класты 4 топқа бөледі. Әр топтың спикері болады.
а) Тест таратылып беріледі. Тестті орындап болған оқушы өз спикеріне дайын тестікті береді. Оқушылардың тестін спикерлер тексереді. Тақтада тест кілті ілінеді.
ә) Деңгейлік тапсырма. «Білім биржасы» ойыны. Тақтаға ілінген конверттер ішінде әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар («5»-ке, «4»-ке, «3»-ке) бар. Әрбір оқушы өз мүмкіндігіне қарай тапсырма алып, дайындалып жауап береді. Жауаптар «акциямен» бағаланады. «Акционер» - оқушы жауабының толықтығына қарай әртүрлі түстегі «акциялар» алады, толық емес жауап – сары түсті, дұрыс бірақ кеңінен ашылмаған жауап – қызыл түс, дұрыс негізделген жауап – жасыл түсті. Мұғалім «банкир» әрбір оқушының түсімін есептейді.
Сергіту сәтін жүргізу:
Шеп-шеп, шөжелерім
Шеп-шеп, шеп-шеп шөлерім
Ақ тауықтай боларсыңдар,
Әлі ақ өсіп қаларсыңдар.
Ай менің шөжелерім,
Ай менің шөжелерім
ІІІ. 1. Балалар, тақырыпты «Ұрпақ – жануарлар тіршілігінің жалғасы» деген тұжырымды талдаудан бастаған жөн.
- Балалар жануар тобын атаңдаршы.
- Сүтқоректілер, балықтар, қосмекенділер, жорғалаушы, құстар, бунақдене-лілер.
- Иә, дұрыс.
1-сыныпта өткен жануарлардың көктемгі тіршілігі жайында алған білімдеріңді де еске түсірейікші.
1. Бунақденелілердің көктемгі тіршілігі.
2. Қосмекенділердің, жорғалаушылардың, балықтардың көктемгі тіршілігі.
3. Құстардың көктемгі тіршілігі.
4. Сүтқоректілердің көктемгі тіршілігі.
2. Ал, балалар
үй жануарларына байланысты мына сәйкестілік тестісін шешейік.
Жануар төлдейді.



- Балалар, бұнда қандай әрекет байқалды?
- Иә, көбейді.
- Енді, мына суретке назар аударыңдар.
Суретпен жұмыс:
Көбелек және көк шегірткенің көбеюі
3. – Балалар, әр топтың жануар тобының сызбасын талдауды тапсыра-мын.
- І-топ – бунақденелердің көбеюі
- ІІ-топ – сүтқоректілердің көбеюі
- ІІІ-топ – қосмекенділер мен жорғаушылардың көбеюі
- IV-топ – құстардың көбеюі
4. Оқулықпен жұмыс.
Барлық тірі ағзаға тән қасиет өсу, өну, көбею. Бұл жануарлардың мүлдем құрып кетпей тіршілігін жалғастыра беретін себебі. Олар ұрпақ береді,яғни көбейеді.
Суретпен жұмыс.

Әр топтан бір оқушыдан мәтінді оқиды.
Мұғалім қималар таратады.
5. Негізгі сұрақтар.
Әр топқа үш сұрақтан беріледі. Мұнда екі сұрақ тақырыптың негізін құрайды, ал бір сұрақ проблемалық. Команда әскері әрбір оқушының жұмысын қадағалай-ды.
1-қима
1. Жануарлардың құрып кетпей тіршілігін жалғастыра беретін себебі неде?
2. Қой, ешкі, түйе, жылқы төлдерінің төлдерін ата.

2-қима
1. Ұрпақ тіршілік жалғасы болатынын дәлелде.
2. Қоян, аю, қасқыр, жолбарыс балаларын ата.

3-қима
1. Бунақденелер қандай көбею сатыларынан тұрады?
2. Үй жануарлары өз балаларына қамқорлық жасайды?

4-қима
1. Көбелек пен көк шегірткенің көбеюдегі айырмашылығы неде?
2. Түлкі, тышқан сияқты жануарлар өз ұрпағына қандай қамқорлық жасайды?

6. «Тіршілікті танып біл» ойыны.
4 топқа жануар тобының суреттері беріледі. Түйе, тырна, шыбын, бақа. Осы жануарлар тобына түсініктеме беру.
7. Балалар, тек жануарлар ғана емес, «Ұрпақ - өсімдік тіршілігінің жалғасы» десек те болады. Мысалы:

IV. Сабақты қорыту.
Бағалау парағын толтыру.

V. Үйге тапсырма беру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.