.
.
Ж.Молдағалиев атындағы №2 орта жалпы білім беретін мектебі Ү ү әрпі мен дыбысы
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2635 | Размер: | Автор: Нартай4540Тақырыбы:
Өткізген: Куватова М.К.
1 «в» сынып
2013-2014 оқу жылы
Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі:
Пәні: әліппе
Сабақтың тақырыбы:Ү ү әрпі мен дыбысы
Сабақтың мақсаты: а\Білімділігі:Ү үдыбысы мен әрпін таныту.Өткен дыбыстарды
Қатыстырып сөз, сөйлем құрату.
ә\Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа,тиянақтылыққа
тәрбиелеу.
б\Дамытушылығы:Ү дыбысына байланысты сөздерді білдіру арқылы оқушылардын ой-өрісін дамытып, зейінін жетілдіру. Сөздік қорларын молайтып , тіл байлықтарын дамыту.
.
Пән аралық байланыс: дүниетану
Әдісі:сұрақ-жауап, сөздік.
Түрі:аралас
Көрнекілігі:Суреттер,жұмбақтар,мақал-мәтелдер, слайд
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Сабаққа назарларын аудару.
ІІ.Өткен сабақты қайталау.
1.Дидактикткалық материалдар мен суреттерді пайдалана отырып, сөздерді буынға бөлу.
2. Әр сөзге дыбыстық талдау жасап, сызба түрінде көрсету: үйрек, үкі, жүгері,түлкі.
«Бауырсақ» ертегісі
ІІІ. Жаңа сабақ. Кіріспе әңгіме.
1.Тақырыпты сурет бойынша әңгіме жүргізу. «бауырсақ» ертегісі туралы әңгімелету.
- түлкі сөзінде қандай дыбыстан таныс емес?
- Ү дыбысы
- Ү дыбысына мысалдар ойлайықшы
2. Ү дыбысына сөздер айтқыза, отырып Ү дыбысы сөздің қай буында кездесетінін аңғарту:үкі үйрек үтік үн үнді буындық, дыбыстық талдау жасату
3.Сергіту сәті.
. Сурет бойынша сөз құрату «Кім көп сөз құрайды?»
3.а) Мазмұнды суреттер бойынша әңгіме жүргізу. Ү дыбысына байланысты сурет (буынға бөлу, қай дыбыстан басталатынын айтқызу).
4.Оқулықпен жұмыс
-Буындарға буын қосып сөз құрату
- Ормандағы аңдар мәтінін оқыу, мазмұнын түсіндіру.
-. Сөйлем құрау. (тірек сызба арқылы) Ү дыбысы қатысты сөздерді тапқызу, буынға бөлу, қай буында Ү әрпі мен дыбысы кездесетінін айтқызу.
5.- Ү-Ұ дыбысы мен әріптерінің ерекшеліктерін түсіндіру.
Үн күн күз күндіз күрек
Ұн кұн кұн кұндыз құрақ
Сөздердің жуан, жіңішке айтылуын түсіндіру.
6. Дәптермен жұмыс.
дәптермен қаламды дұрыс пайдалану ережесін сақтау.
Әріптердін дұрыс тұлғасын өрнектеу үшін қол саусақтарын жаттықтыру. М м әріпін
.жазу үшін оның элементін құрайтын сызықтарды жазу арқылы әріптің толық тұлғасын өрнектеу.( тақтада көрсету)
7 диктант:Түлкі-өте қу.Ол ертегілердегі айлакер жануардың бірі.
IV.Сабақты бекіту.
«Кім жылдам»Ойын арқылы сабақты бекіту
Жоқ әріпті табу. К...н жарқырап тұр. ......кі жыртқыш құс. Т.б
V. Қорытынды.
-Қандай әріппен таныстық?
- Ү дыбысы қандай дыбыс?
VI. Мадақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.