Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Өрттен құтқарушы иттер -

Өрттен құтқарушы иттер

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3417 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Оралбекова Ардақ Турсынқызы
К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

№107-3. Күні:
Сабақтың тақырыбы: Өрттен құтқарушы иттер
Мақсаты:
Білімділік: Жаңа материалды меңгерту.
Дамытушылық: оқу техникасын жақсарту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу.
Типі: аралас
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Найзағай» мәтінінің мазмұнын сұрау.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: а) Сұрақ-жауап; ә) Қорытындылау.

ІV. Мақсат қою кезеңі. Өрттен құтқарушы иттер.
- Өрт деген не?
- Өрттен құтқарушы деген ше?
- Өрттен құтқарушы иттер дегенді қалай түсінесіңдер?

V. Жаңа сабақ:
а) Ребусты шешіп, шешуіндегі сөздің мағынасын ашу. /Табиғат апаты/
ә) Автордың өмірбаянымен таныстыру.
Лев Никола́евич Толсто́й 1828 жылы Ясная Поляна, Тула губерниясында туған —1910 жылы Астапово станциясы, Тамбов губерниясында қайтыс болған. Лев Никола́евич Толсто́й — орыс жазушысы, ойшылы. Граф. Севастополь қорғанысының қатысушысы, ағартушы, публицист.
б) «Өрттен құтқарушы иттер» әңгімесін мұғалімнің оқып беріп, талдауы.
в) Сергіту сәті.

VІ. Бекіту кезеңі: а) Суретпен жұмыс:
- Әңгімеде қандай оқиға болған?
- Суреттегі итке ат қойыңдар.
- Ол не істеп жүр?
- Өртке оранған үй туралы әңгімелеңдер.
- Өрт неден шығуы мүмкін деп ойлайсыңдар?
- «Өрт-тілсіз жау» дегенді қалай түсінесіңдер?
ә) Дәптермен жұмыс:
-Ереже құрастырып жазу.
Өртті болдырмау шаралары Өрттен сақтану шаралары
Үйден шығарда тоқты, газды сөндіріп шығу керек. Өрт сөндірушілерді шақыру керек (телефон нөмірі-103)


VІІ. Қорыту кезеңі:
1.Үйге тапсырма: «Өрттен құтқарушы иттер» мәтінін оқу, мазмұндау.
2. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.