.
.
Сабақтың тақырыбы: С дыбысы мен әрпі С дыбысы мен әрпі
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2183 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Сс дыбысы мен әрпін таныстыру.
Білімділігі: Буын туралы түсініктерін кеңейту.Сөздерді тұтас оқуға,мәтін
туралы өз ойларын айта білуге машықтау.Қолдарын
жаттықтыра отырып, сауатты жазуға үйрету.
Дамытушылығы: Оқушының ой-өрісін,есте сақтауын,тілін,сөздік
қорын дамыту.
Тәрбиелілігі: Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.Шапшаңдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Пәнге деген қызығушылықтарын
арттыру,ұқыптылыққа,сауатты жазуға қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап,ой қозғау.
Көрнекілігі: суреттер,сөздер жазылған парақшалар,кеспе әріптер,
құрал-саймандар,т.б.
Түрі: Пысықтау сабағы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
2.Сабақ құралдарын түгендеу.
«Қайырлы күн» деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
1.Дәптерлеріндегі жазу үлгілерін тексеру.
2.Сөздерді оқыту.
ІІІ.Өткен сабақты пысықтау
Сауалнама жүргізу.
Оқушылар берілген сұрақтардың дұрыс жауабын шаблондар арқылы көрсетеді.
1.С дыбысы қандай дыбыс?
а) Дауысты
+ ә) Дауыссыз
2. С дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
+ а) барлық жерінде
ә) ортасында
3. «Дос» сөзінің қай жерінде С дыбысы орналасқан?
а) Басында
+ ә) Соңында
ІY.Жаңа сабақ
Жұмбақ
Білезікке қарайық.
Ұқсайды оған қай әріп? (С әрпі)
Ендеше, балалар біз бүгін С дыбысы мен әрпі туралы тереңірек
танып,білеміз.
Y.Тақтамен жұмыс
Оқулықтағы тұтас сөздерді тақтадан оқытып, буынға бөліп,
мағынасын түсіндіру.
Сай- 1буын, су ағатын жыра.
Сайман-2буын, еңбекке қажетті құралдарды айтамыз.
Су-1буын,тіршілік нәрі. (сусыз өмір сүре алмаймыз)
Суат-2буын, малдың су ішетін жері.
Аспан-2буын,ашық аспан, табиғи дене.
Аспап-2буын,музыкалық аспаптар.(гитара,домбыра,қобыз,т.б.)
Саусақ-2буын.адамның дене мүшесі.
(саусақпен біз қаламды ұстап әдемілеп жазамыз)
Саумал-2буын,әлі бабына келіп аши қоймаған бие сүті.
Асқар және Асқат-2буын,адам аттары.
YІ.Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы мәтінді көрнекілік арқылы таныстыру.
1.Мәтін дегеніміз не?-Мәтін екі не одан да көп сөйлемнен құралады.
2.Мәтіннің несі болады?-Мәтіннің тақырыбы болады.
Ендеше, мен сендерді «Саймандар» деп аталатын мәтінмен таныстырамын.
-Мұқият маған зер сала қараңыздар.
Саймандар
Балға-сайман.Балта-сайман.Ара-сайман.Балға,балта,ара саймандар.
Атамда балға да,балта да,ара да бар.
-Оқулықтан бір-екі балаға оқыту.
3.Мәтін неше сөйлемнен құралған?-5сөйлемнен құралған,мәтін азат
жолдан жазылған.Әр сөйлемнен соң нүкте қойылған.
YІІ.Сергіту сәті
Әдемі әтеш Жан-жаққа қарапты.
Таң атпай тұрыпты. Айдарын тарапты.
Ойқастап жүріпті,
YІІІ.Дәптермен жұмыс
Дәптерге сөздік диктант жазу,тексеру.
Қатесіз,таза жазылған оқушының жұмысын мадақтау.
- Су,бас,маса,сай.
ІХ. «Жоғалған сөзді тап» ойыны
Сөздерге у дыбысын жалғап, жаңа сөз жасау.
ал+у=алу тап+у=табу қап+у=қабу
бар+у=бару бақ+у=бағу бас+у=басу
- П дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе,
п дыбысы б-ға айналады.
- Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе,қ дыбысы
ғ-ға айналады.
Бұл сөздерге жалғанған «у» дыбысы дауысты «у» дыбысының
қызметін атқарып тұр.
Х.Сабақты қорытындылау
Мозаика құрастыру.
Мозаиканы дұрыс құрастырсақ С дыбысының элементін жазамыз.
1. «С» дыбысын қай сандыққа салдық? -көк
2. «С» дыбысы қандай дыбыс? –дауыссыз
3. «Са» буынынан басталатын адам атын ата-Самал
4. Біздің сыныпта С дыбысынан басталатын оқушы аты бар ма?-Серік
5. Су сөзіне дыбыстық талдау жаса- с дауыссыз,у дауысты
6. «Сырға» сөзіне сөйлем ойла:
7. «С» дыбысынан келетін сандарды ата: -сегіз,сексен
8. Бүгін қандай мәтінмен таныстық? –Саймандар
9. Біз уақытты неге қарап білеміз? –сағатқа
ХІ.Үйге тапсырма:
а) Бағандағы сөздерді оқу
ә) Мәтінді әңгімелеу
б) Дәптердегі үлгіні жазып келу
ХІІ. Бағалау
Сабақтың тақырыбы:Өсімдік қанша жыл тіршілік етеді?
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі: Өсімдіктердің сыртқы орта жағдайларына бейімділігі туралы ұғымдарын пысықтау,тіршілік етуі туралы ұғымдарын кеңейту.
2.Тәрбиелілігі:Өсімдіктер әлеміне деген оқушылардың сүйіспеншіліктерін ояту.Өсімдіктерді қорғай білуге баулу.
3.Дамытушылығы:Оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыру,жүйелі сөйлеуге үйрету.
Түрі:Жарыс сабағы
Әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,топтау әдісі,топпен жұмыс.
Көрнекілігі:суреттер,тірек-схемалар,бүктеме,сызбалар.
Жүрісі:І.Ұйымдастыру кезеңі:
-Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз.
Өнерменен өрістеп,
Өсе берсін санамыз.
ІІ.Үй тапсырмасы: «Кім зерек?»
-Алдымен оқушылар екі топқа бөлінеді.
1-топ:«Бидай»
Ұраны: «Жарыспа,жарысқан соң қалыспа»
2-топ: «Сәбіз»
Ұраны: «Сәбізді жеп бәріміз,жарысуға әзірміз»
Үй тапсырмасы қалай аталады?
«Өсімдікке ауа,жылу және жарық керек»
1-топ: Өсімдіктің өсуіне ауа не үшін қажет деп ойлайсыздар?
2-топ: Өсімдікке жылу мен жарықтың қажеттілігін қалай түсінесіздер?
ІІІ.Сергіту сәті
Жел уледі-у-у,
Құйын келіп биледі-зу-зу,
Қатты-қатты жел соқты-гу-гу,
Жапырақтар қол соқты-ду-ду.
ІҮ.Ой қозғау:«Ойлан,тап»
- Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс
- Алда қандай мереке келе жатыр? Жаңа жыл мерекесі
- Жаңа жыл көркін кім айтады? Шырша
-Ендеше, балалар бізге бүгін шырша қонаққа келіп отыр. Ол өзінің қанша жыл тіршілік ететінін білмейді екен. Біз қонағымызға көмек көрсетуіміз керек.
Ү.Жаңа сабақ
«Өсімдік қанша жыл тіршілік етеді?»
-Мұғалім түсіндірмесі:
Өсімдік-тірі ағза.
Өсімдіктер
Ағаш Шөп
Бұта
-Олар кез келген тіршілік иесі сияқты белгілі бір уақыт мөлшерінде тіршілік етеді.Кейбір өсімдіктер бірнеше ай,енді біреулері ұзақ уақыт тіршілік етеді.
Өсімдіктер
Бір жылдық Көп жылдық
Екі жылдық
көкөністер ағаштар
сәбіз
орамжапырақ
ҮІ. Оқулықпен жұмыс
-Екі топқа бөліп тізбектей оқыту
-Іштей оқу
ҮІІ.Сұрақ-жауап әдісі: «Ойланбай жауап бер»
1.Өсімдіктердің тіршілік ету мерзімін айт
2.Бір жылдық өсімдіктерді атап,мысал келтір –күнбағыс,бұрыш,бидай
3.Екі жылдық өсімдіктерді ата -сәбіз,орамжапырақ,
4.Көп жылдық өсімдіктерге нелер жатады?-бақбақ,итмұрын,үйеңкі
ҮІІІ. Өз бетіндік жұмыс
Оқушыларға суреттер таратылады.Суреттегі өсімдіктердің тіршілік
ету мерзіміне қарай топтастыру.
-Әр топтың оқушылары өздерінің жұмыстарын тақтаға келіп қорғайды.
ІХ.«Білгенге маржан,білмеске арзан»
Үнтаспадан пияз туралы соңғы жаңалықтарды тыңдау.
Пияз-көп жылдық,шөптекті өсімдік.Ол тікелей тамырынан өсіп шығады.Гүл сабағының іші қуыс,гүлдері майда,ақшыл,шар тәрізденіп сабақтың ұшында шоғырланып тұрады.Иісі өткір,дәмі ащы.Шілде-тамыз айларында гүлдейді.Бұл өте кең тараған бақша өсімдігі.Құрамында азотты заттар,қант,минералды тұздар,С,В дәрумендері бар.
Халық медицинасында пиязды тамаққа тәбет ашатын,ішек құрттарын түсіретін,құрқұлаққа қарсы әсер ететін,қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданады.Пияз асқазан бездерінің жұмысын жақсартады. Жас пияздың сығып алынған сөлін ауыз уылғанда пайдаланады.Сонымен қатар тұмау ауруының бірден-бір емі болып табылады.
Х.Жаңа сабақты бекіту
Тақтадағы суреттерді сәйкестендіреді.
Күнбағыс,бұрыш,бидай-бір жылдық өсімдіктер.
Бақбақ,итмұрын,үйеңкі-көп жылдық өсімдіктер.
-Шырша көп жылдық өсімдіктердің қатарына жатады екен.Іле Алатауы-ның теріскей беткейінде 1,5-2,5 мың метр биіктікте қалың болып өседі.
Басқа жерлерде сирек кездеседі.Орынсыз пайдаланғаннан жойылып кету қаупі бар.
ХІ.Үйге тапсырма:а)мазмұнын айту
ә)шөптесін өсімдік түрлері туралы мағлұмат жинау
ХІІ.Бағалау
Екі топтың бағасын беру,мадақтау
ХІІІ.Қорытындылау «Жүрек жылуы» шеңбері
(Оқушыларға шығршық,ойыншықтар тарату)
Олай болса барлығымыз бір-бірімізге тілектер айтайық.
- Әндетіп,шыршаны безендіреді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.