.
.
Сабақ тақырыбы: С дыбысы мен әрпі. С дыбысы мен әрпі.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1483 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
1.Өткен дыбысты қайталай отырып, есте сақтау қабілетін арттыру.
2.Жаңа С дыбысымен таныстыру, сөз, сөйлем құруға дағдыландыру.
3. Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыра, баспа әріп жазу жолдарын үйрете отырып, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріптер, суреттер, жұмбақтар, ұлттық киімдер мен бұйымдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу рәсімі. «Тілек шеңбері»
Балалар тілек шеңберінде бір-біріне жағымды тілек білдіріп, жарқын көңіл-күй, достық сезімін сыйлайды.
ІІ. Қайталау:
- Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай?
- Өткен дыбыстарды және Б дыбысын қайталау.
- Буындар: ба, бо, бу, би т.б.
- Сөз: бас, бақ, бал, бар, бай, бор, бер, бет т.б.
- Сөздерді буынға шапалақтау арқылы бөлгізу: бал-ға, ба-ла-пан, ба-нан.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс)
- Аптаның қай күні? (Сәрсенбі).
- Сәрсенбінің сәтті күні бүгін біз С дыбысымен танысамыз.
С дыбысының айтылуын, қандай дыбыс екенін түсіндіру.
С дыбысы айтылған кезде тілдің ұшы астыңғы тіске тіреле отырып белгілі кедергі арқылы шуылдап шығады.
С дыбысы дауыссыз, қатаң дыбыс.
Жұмбақ шешу.
Сақинаны, сандықты, Бастап тұрған қай әріп?
Сәукелені, садақты. Сансыз орақ тәрізді. /С/
Кіруге адам батпайды,
Аман-есен сақтайды. /Сандық/
Сандық - сөзін буынға бөлгізу, дыбыстық талдау жасату.
«Ақшамшық» (сақина салу) ойыны: С әрпінен басталатын сөз ойлау.
ІV. Дәптермен жұмыс:
- Ауада жазу.
Дәптерге таза, сауатты жазуын қадағалау.
«Шай ішу» ойыны: ою-өрнекпен өрнектелген кеселердің сыртына жазылған сөздерді оқыту, дыбыстық талдау жасату. Сырмақ, сақа, сыр, сиыр, сүзбе, асық, сүт. Дыбыстық талдау: с- дауыссыз, ү-дауысты, т-дауыссыз
Сергіту сәті:
«Ұшты-ұшты» ойыны.
Ұшты, ұшты – торғай ұшты! (ұшады)
Ұшты, ұшты – тырна ұшты! (ұшады).
Ұшты, ұшты – қарға ұшты! (ұшады).
Ұшты, ұшты – балық ұшты! (ұшпайды).
VІ. Ойын «Екінші буыным қайда» суретті көрсетіп екінші буынын айтқызу. Тас-бақа, Жан-гүл......
VІІ. Қорытындылау.“Ақсүйек” ойыны:
С әрпінен басталатын суретті атау, жазу, дыбыстық талдау жасау.
Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап арқылы.
Қыздар құлағына тағады- Сырға.
Қыздар басына киеді- Сәукеле.
Қыздар қолына тағады- Сақина.
Уақытты көрсетеді- Сағат.
Ақ, дәрумені көп, пайдалы сусын- Сүт.
Сызуға арналған құрал- Сызғыш.
Мектепте не оқимыз- Сабақ.
Кітаптарды қайда саламыз- Сөмкеге.
Балаларды мадақтау, бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.