.
.
Өтілу мерзімі: Сөйлем
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1456 | Размер: | Автор: Нартай4540Сынып: 3-«Д»
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. 1-7 жаттығу
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөйлем туралы түсінік беру. Өткен тақырыптар бойынша білімдерін байқау.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, ой-өрісін, түсінігін, ұғымын, оқу дағдыларын дамыту, оқушы белсенділігін, қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі: сауатты, таза, көркем жазуға, талапты, еңбекқор, білімді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау-жинақтау, сұрақ-жауап
Сабақтың пәнаралық байланысы: Дүниетану, әдебиет, бейнелеу өнері
Сабақтың көрнекілігі: Астана қаласының көрнекі жерлері бейнеленген слайдтар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды түгелдеу.
2. Оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Балалар, бүгін біз сендермен Астана қаласына саяхатқа барамыз. Қажетті заттарымызды алып, орнымызға жайғасайық. Саяхатқа автобуспен барамыз. Әр қатардан бір оқушы келіп, өз қатарындағы оқушыларға автобус билетін алу керек. Билетті тек сұраққа дұрыс жауап берсек қана ала аламыз.
-Мәтін дегеніміз не?
-Зат есім дегеніміз не?
-Сан есім дегеніміз не?
-Сын есім дегеніміз не?
-Етістік дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Барлығымыз Астанаға келіп жеттік. Балалар дәптерлерімізді ашып, күн, айды жазамыз.
1 аялдама. Саяхатымызды әйгілі «Қазақ елі» монументінен бастайық.
“Қазақ елі” - Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында орналасқан мәдени-архитектуралық монумент. Ол 2009 жылы ашылды. Монументтің түсі – ақ. Ол қазақстандықтардың достыққа адал, бауырмал, ақ ниетін паш етсе керек. Көптеген елдерде орнатылған мұндай стелалар қара, кейде қызыл түсті болып келеді. Олар тиісінше қара күштің, қанның белгісі іспетті. Ақ мәр¬мәрдан құйылған монументтің биіктігі – 91 метр, бұл – Қазақстан тәуелсіздігін алған 1991 жылдың белгісі. Ал оның басындағы алтын түстес бояумен әрленген алып құс – Самұрық Қазақстанның тыныштығын “күзетіп” тұр.
Бұл аялдамада біз сөзжұмбақты шешеміз.
1. Төрт түлік
2. ... білім бар жұрттар
3. Дала жұлдызы аталған кім?
4. 3*2-нің көбейтіндісі
5. Еліміздің мемлекеттік рәмізі
6. «Бостандық таңы» атты авторы кім?
с и ы р
ө н е р
Ы б ы р а й
а л т ы
е л т а ң б а
Ш ә к ә р і м
-Ал, балалар сөзжұмбақтан қандай сөз шықты?
-Сөйлем дегеніміз не?
Әрі қарай кеттік.
2 аялдама. -Ал әрі қарай «Қазақстан» спорт сарайы» да келіп жеттік.
«Қазақстан» спорт сарайы» - Астананың спорттық рухының көрінісі.
Әр түрлі спорт түрлерімен 5000 адам айналысуға мүмкіндік беретін «Қазақстан»СС астананың бірден-бір спорттық мекемесі болып табылады.
Спорт сарайының бетке ұстары – мұз аренасы. Бірден-бір тоңазытқыш қондырғыларының арқасында жасанды мұз алаңы тегіс әрі мөлдір. Жабық аренада хоккей матчі уақытында 4000 –нан астам көрермен жиналады.
Бұл аялдамада оқулықпен жұмыс жасаймыз.
-Барлығымыз 1-жаттығуға қараймыз.
1. Білім, кітап, бұлақ
2. Кітап-білім бұлағы.
Қайсысы сөйлем? Неліктен?
Ал, енді балалар біз «Хан Шатырына» келдік. Әлемдегі шатыр түрді құрылыстардың ең орасан зоры болып табылады және Қазақстандағы сауда орталықтарының ең үлкені, әрі бірегей сырт пішінімен айшықталады. Хан Шатыр ОССО – бір шатырдың астында әлем деңгейіндегі ойын - сауық және сауда - саттықты біріктірген, алғашқы лайфстайл - орталық болып саналады.
3 аялдама. Бұл аялдамада біз сергіту сәтін жасаймыз. Мұнда сендерді қызықты тапсырмалар күтіп тұр.
«Кім тез табар?» ойыны
Берілген әріптерден мақал құрастыр.
б м о у ы
қ ұ і ы ғ
л б і а з
4 аялдама.- Ал, әрі қарай саяхатымызды бастаймыз. Біз енді «ҚР Президенттік мәдени орталығына» келдік. Бұл — Астана сәулетінде зәулім ғимараттардың бірі. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы үлкен биіктіктен қазақ халқының мәдениетіне тән, сәулелері әлемнің төрт бұрышына таралатын дөңгелек ретінде көрінеді.
Бұл аялдамада балалар сөйлемге тән белгілерді есімізге түсіреміз. (Балалар біртіндеп тақтаға жазады)
- Аяқталған ойды білдіреді.
-Бірінші сөз бас әріптен бастап жазылады.
-Соңынан не . , не? , не ! қойылады.
5 аялдама.-Балалар, біздің еліміз көптеген алыс - жақын шетелдермен экономикалық, мәдени, саяси қарым - қатынастар жасайды. Сондықтан Астанадағы «Бейбітшілік және Келісім» сарайының маңызы зор. Балалар біз Бейбітшілік және Келісім сарайы аялдамасына келдік. Бейбітшілік пен келісім сарайы – архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Ол Астана қаласының қолдан жасалған жота үстінде орналасқан. Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды.
-Оқулықтағы 2-жаттығуға қараймыз.
1. Кітап, оқы көп
2.Сендер, білім, кітап, көмектеседі, болу.
• Осы сөздерден сөйлем құрап жаз.
• Сөздер өзгеріске түсті ме?
• Құраған сөйлемдерді көшіріп жаз.
6 аялдама.Енді кезекте балалар біз «Бәйтерек» аялдамасына келдік.
Есіл өзенінің жағасындағы Қазақстанның астанасы Астана қаласында орналасқан. Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да ерекше. Биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады.
-Бұл аялдамада балалар оқулықтағы 3-жаттығуға қараймыз.
3-жаттығу.
(Жақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп, мәтінді көшіріп жаз).
7 аялдама.-Құрметті қонақтар ендігі кезек «Конгресс-холлға» келдік.
-Бұл аялдамада балалар 5-жаттығуға қараймыз. Өлеңді мәнерлеп оқимыз.
8 аялдама.Ал балалар енді мына көрініске қараңдар, бұл Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті. Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі. 2012 жылы рейтингтік жариялауы бойынша әлемнің ең үздік 369-шы университеті болып саналады.
-Бұл аялдамада сурет бойынша әңгіме құраймыз. Барлығымыз 6-жаттығуға қараймыз.
–Саяхатымызды жалғастырай-ақ балалар.
9 аялдама.-Балалар біз - Ғажайып Мұхитаралға да келіп жеттік.
"Думан" ойын-сауық орталығының Мұхитаралы-ТМД-дағы тұңғыш дүниеге келген бірден-бір нысан. Бұл әлемдегі көк мұхиттан 3 000 шақырымнан астам қашықтыққа алыстаған жалғыз Мұхитарал. Мұхитаралдың су қоры - 3 миллион литрді құрайды. Оны әзірлеу үшін 120 тонна теңіз тұзы қажет болды. Мұнда жұмыр Жердің әр түкпіріндегі теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрінен тұратын 2 000-нан артық теңіз тұрғындары тіршілік құруда.
-Сөйлем соңынан леп белгісі ; нүкте . сұрақ белгісі ? қойылатынын білдік.
-Сонымен, балалар сөйлем мағынасына қарай нешеге бөлінеді екен?
- Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
-Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
-Лепті сөйлем дегеніміз не?
Олай болса балалар оқулықтағы 7-жаттығуға қараймыз. Осы үйлерге қайсы сөйлем мүшелерін кіргіздіреміз.
10 аялдама. Ал балалар саяхатымыздың соңғы аялдамасына келдік. Бұл аялдамада балалар біз семантикалық картамен жұмыс жасаймыз.
Сөйлемдер Лепті Сұраулы Хабарлы
Самал қайда барасың?
Өркеннің өссің қарағым!
Қыс келді.
Ауа райы қандай тамаша!
ІҮ. Сабақты қорытындылау.
- Балалар, біздің үйімізге қайтатын уақытымызда болыпты. Теміржол вокзалына барып, поездағы орнымызға орналасайық.
Төгеді Есіл төңірегіне өмірлі ән,
Өз Астанаң өз қолыңмен соғылған.
Енді, қазақ, бір - біріңді аяла!
Түбі бірге түп қазыққа шоғырлан!- деген Күләш Ахметованың өлең жолдарымен бүгінгі сабағымызды аяқтайық.
Ү. Үйге тапсырма: 58 бет. 4-жаттығу
ҮІ. Бағалау
Семантикалық карта
Сөйлемдер Лепті Сұраулы Хабарлы
Самал қайда барасың?
Өркеннің өссің қарағым!
Қыс келді.
Ауа райы қандай тамаша!
Семантикалық карта
Сөйлемдер Лепті Сұраулы Хабарлы
Самал қайда барасың?
Өркеннің өссің қарағым!
Қыс келді.
Ауа райы қандай тамаша!
Семантикалық карта
Сөйлемдер Лепті Сұраулы Хабарлы
Самал қайда барасың?
Өркеннің өссің қарағым!
Қыс келді.
Ауа райы қандай тамаша!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.