.
.
Орындаған: Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласының № 44 орта жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Есполаева Әлия . Сөйлем
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1617 | Размер: | Автор: Нартай4540Қазақ тілі.
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.
Сабақтың мақсаты:
а/ Оқушыларға сөйлем туралы жалпы түсінік беріп, сөйлем түрлерін тыныс белгілерні меңгерту;
ә/ Өз ойларын ашық білдіруге, өзіндік жұмыс істеуге, сауатты жазуға дағдыландыру;
б/ Көркем жазуға, ұқыптылыққа, жинақылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, көрнекіліктермен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, бір шоқ гүл, сөзжұмбақ, үлестірме.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, бейнелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Тақтада « Сабақтарыңа сәттілік тілейміз!» сөзі ілініп тұрады.
- Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ.
Психологиялық дайындық.
- Амансың ба, алтын күн!
- Амансың ба, көк аспан!
- Амансың ба, достарым!
- Сендерді көрсем қуанам!
2/ Балалар, қазір жылдың қай мезгілі жақындап келеді? /қыс/
- Олай болса, сол қыс мезгілі сияқты көңіліміз ақ болсын деп бір-бірімізге бір шоқ гүл ұсына отырып, әдемі тілектерді айтайық.
/ балалар айтып болғаннан кейін, арттағы 1 мұғалім балаларға сәттілік тілейді/
- Балалр, біз сабақта 3 топқа бөлініп « Айгөлек» , « Балдырған», « Балауса» болып жарыс сабағын өткіземіз. 3 топқа бөлінеміз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар, үйге қандай тапсырма беріліп еді? / тексеріледі, топ болып талданады/
- ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, бәріміз экранға қарап, сөзжұмбақты шешейік.
- Тілден ұшып құлаққа қонады / сөз/
- Көреді бәрін өзгенің, көре алмайды өздерің / көз/
- Мәтіннің түрі / пайымдау/
- 16 желтоқсан қандай мереке?
- Мәтіннің түрі / әңгімелеу/
- Тілі жоқ сөзіңде, сөзі бар ісіңде /қалам/
- Ендеше балалр, қандай сөз шықты? /сөйлем/
- Бүгінгі өтетін тақырыбымыз –Сөйлем
/ күннің жадын жазып, тақырыпты жазу/
- Енді назарымызды мына суретке аударайық / әр топ бойынша суреттерге қарап, сөйлем құрастырады/
- Әр топтан 1 оқушы шығып жауап береді.
1. Сөйлем бір-бірінен не арқылы ажыратылады? –тыныс белгі
2. Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгі қойдың?
3. Сөйлем неден құралады?
4. Сөйлем қандай әріптен бастап жазылады?
ІІ. Диалог құрастыру
- Ал енді осы сөйлемдерден кім ереже шығарып бере алады? / оқушылар анықтамасын айтып бере алады/
ІІІ. Оқулықпен жұмыс
ІІІ топқа тапсырам беремін.
177- жаттығу. Салыстыр.
І топ. Қара бидай / себілді/
ІІ топ. Қоңыржай аймақ / өседі/
ІІІ топ. Өзеннің суы молаяды / молаяды/
Тақтаға әр топтан бір оқушы шығып жазады.
Қыс туралы сурет бойынша әңгімелеу.
178- жаттығу. Берілгені бойынша талдаймыз.
І топ. Қыс түсті. Дала ақ мамыққа оранды.
ІІ топ. Күн суытты. Адамдар қалың киім киінді.
ІІІ топ. Жерде қар жатыр. Балалар шанамен сырғанады.
Сергіту сәті.
1/ Дидактикалық ойын «Жаңа сөз-артық дыбыс»
Қыс ыс қ
Күз үз к
Баған баға н
Тіл іл т
Құрт құт р т.б.
2/ Қыран құстай самғаймыз,
Әлемді біз шарлаймыз.
Биік-биік шыңға өрлеп,
Тыныштықты қорғаймыз.
179- жаттығу. Берілгенін оқыту.
- Кім тағы жұмбақтар біледі?
- Жұмбақтарды шешіп, жауаптарынан сөйлем құрап айту.
- / Үлестірмелі орны ауыстырылып берілген сөздерді дұрыс орналастырып, сөйлем құрату/
1. Орналасқан, Сырым ескерткіші, Оралда.
2. Мұражай, бар, Оралда
3. Көп, зәулім, Оралда, ғимараттар
4. Мешіт, көрікті Оралдың
5. Өзеннің, қала, жайық бойындағы
ІV. Қорытындылау.
- Бүгінгі сабақтан не білдік? Сабақ не туралы болды?
Жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.