.
.
Пәні: қазақ тілі 4 «б» сынып мұғалімі Есқайрова А. Сөйлем мүшелері
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1521 | Размер: | Автор: Нартай4540Уақыты: 23. 10.
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері
Сабақтың мақсаты: а) Сөйлем мүшелері, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер туралы алған
білімдерін пысықтау.
ә) Сөйлем ішінен тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді сұрақ қою арқылы таба
білу дағдыларын арттыру.
б) Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: жаттығу, практикалық.
Сабақтың түрі: Сыни ойлау
Сабақтың көрнекілігі: белсенді тақта, топшама
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
Бүгінгі сабақтың бағалау шкаласымен таныстыру.
II. Қызығушылықты ояту «ой қозғау».
Өтілген материалды тексеру, қорыту.
Дыбыс үндестігі дегеніміз не ?
Буын үндестігі дегеніміз не ?
Сөз тіркесі қалай жасалады ?
Жай сөйлеммен құрмалас сөйлемді қалай ажыратамыз ?
III. Мағынаны тану.
- І –ші слайд.
-Жалаң сөйлем дегеніміз не?
(Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемді жалаң сөйлем деп атайды. )
-Жайылма сөйлем дегеніміз не?
(Тұрлаулы мүшелерден басқа, тұрлаусыз мүшелердің қатысуымен жасалған жай сөйлемнің түрі жайылма сөйлем деп аталады.)
Сөйлем мүшелерінің өзіндік белгілерін еске түсіру:
1.Сөйлем мүшесі белгілі бір сұраққа жауап береді.
2.Толық мағыналы сөз немесе күрделі сөз сөйлем мүшесі болады.
3.Сөйлем мүшесі бір сөзден де, бірнеше сөзден де жасалады.
2.Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
Сөйлемді көшіріп жазу.
Бастауыш пен баяндауышты тауып, астын сызу.
-Сөйлемнің бастауышы мен баяндауышын алып тастап, оқып көрейікші. Не байқадыңдар?
-Тұрлаусыз мүшелердің өздері сөйлем бола алмайды. Сөйлемдегі ой әр уақытта тұрлаулы мүшелер, яғни бастауыш пен баяндауыш арқылы білінеді.
2-жаттығу.
Жұмбақты көшіріп жазу. Тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қою.
Мейіріммен сүйеді ол бар адамды,
Өзіне жаратпайды қарағанды. (күн)
Көкшіл айна үйдегі
Көрсетеді киноны. (теледидар)
Топпен жұмыс
3-жаттығу
І –топ
Сурет бойынша әңгіме құрастырып жазу. Сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді белгілеу.
ІІ - топ
Сурет бойынша өлең құрастырып жазу. Сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді белгілеу.
5-жаттығу.
Өлеңді мәнерлеп оқыту.
Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздерді атату.
-Ол сөздер сөйлемнің қандай мүшесі болады?
IV. Сабақты бекіту. Ой толғаныс.
Семантикалық карта
Сөйлем бастауыш баяндауыш
V. Бағалау.
8 – 9 балл « 5 »
6 - 7 балл « 4 »
4 – 5 балл « 3 »
Аты, жөні Жаңа сабақты түсінуі
1 2 3 Топтық жұмыс
1 2 3 Жаңа сабақты талдау
1 2 3 Жалпы балл
VI. Үйге тапсырма.
4-жаттығу. (47-бет)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.