Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сөйлем мүшелері. 14-21 жаттығулар. -

Сөйлем мүшелері. 14-21 жаттығулар.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 6708 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Жамбыл облысы
Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы
Қазақстанның 40 жылдығы
орта мектебі бастауыш сынып
мұғалімі Қосбармақова Агис
педагокикалық өтілі 30 жыл
білімі жоғары І-санатта

3 сынып
Қазақ-тілі

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері. 14-21 жаттығулар.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөйлем мүшелері жайлы ұғым; сөздердің сөйлем ішіндегі грамматикалық байланысы.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Зеректікке, ұқыптылыққа, ақылдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс, ойын.

Көрнекілік: «Сөйлем мүшелері» картасы, сөйлем, суреттер, қима-қағаздар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
IV. Жаңа сабақты бекіту
V. Қорытындылау
VI. Бекіту

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, психологиялық дайындақ.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау

Үй тапсырмасымен жұмыс:
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
1. Сөйлем мүшелері жайлы ұғым.
2. Сөздердің сөйлем ішіндегі грамматикалық байланысы.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
---------------------------------------------------------------------------

(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).
- Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен грамматикалық байланысқа түседі.
- Белгілі бір сұраққа жауап береді.

14-жаттығу. Өлеңді түсініп оқы;
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе,
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге.
Өлеңдегі әрбір сөзге сұрақ қой?

15-Жаттығу. Мәтінді оқы, көшіріп жаз.

Шекарашылар күзетте тұрады. Олар еліміздің шекарасын қорғайды. Шекарашылар – ер жүрек батырлар.

Әрбір сөйлемде неше сөз барын анықта. Сөздің үстіне оған койылатын сұрақты жаз.

*Шекарашылар туралы әңгімеле.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы
сөздерді сөйлем мүшелері дейміз. Мысалы; Айдын бормен жазды.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------

Сергіту сәті. Ойын ұйымдастыру.
16-жаттығу. Екі сөзден жасалған сөйлемдерді оқы.
Асқар келді. Дана ойнады. Қойлар жайылды. Құлын ішті. Қыздар терді,
1. Тиісті сөздерді қосып, әр сөйлемдегі сөйлем мүшелерінің санын арттырып жаз. 2. Сөйлем мағынасында болған өзгерістерді аңғар.
3. Керекті сөзер; доп, атпен, су, өрісте, гүл.

17-жаттығу. Көшіріп жазып, әр сөйлемде неше сөйлем бар екенін айт.
Мәлік Ғабдуллин – ғалым. Ол соғысқа қатысты. Өзінің ерлігімен ерекшеленеді. Оған батыр атағы берілді. Соғыстан соң ол халқына қызмет етті.

Сөйлем мүшелеріне сұрақ қой.
Әр сөйлемдегі сөз саны мен мүшелерінің саны бірдей ме?
*Мәлік Ғабдуллин туралы тағы не білесің?

18-21-жаттығуларды орындау.

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Нақты сұраққа Сөйлем мүшелері бір – бірімен
жауап береді байланысты болады.

Үйге тапсырма: 19, 20 – жаттығу. Ереже жаттау.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.