.
.
Қазақ тілі. Сөйлем туралы түсінік
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1772 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы: Сөйлем
Сабақтың мақсаты: Сөйлем туралы түсінік
І Білімділігі: Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыра отырып, сөйлем, сөйлем мүшелері, сөйлем түрлерімен таныстыра отырып, олардың айырмашылығымен топтастыру, сұраулы сөйлем, хабарлы сөйлем, лепті сөйлем туралы білімдерін толықтыра отырып, айтылу мақсатына қарай сөйлемдердің түрлерін анықтау.
ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой – өрісін, шығармашылығын, сөздік қорын,сөйлеу мәдениетін, өз ойын толық жеткізе білуге үйрете отырып, әрбір оқушының жеке даралығын дамыту, тәрбиелеу.
ІІІ Тәрбиелігі: Ұжымшылдыққа, адамгершілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, білімпаздыққа жетелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау.
Көрнекілігі: қима қағаздар,, карточкалар, плакаттар және т.б.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, еңбекке баулу.
Сабақ барысы.
I-Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Толықсыған дәні бар
Мамырланған малы бар
Қыран қанат әні бар
Қазақстан келбеті
Елтаңбадан танылар.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Жұмыстың жүргізілуіне қарай топтастырып отырғызу
I-топ
II-топ
III-топ
Суреттер қима түрінде қиылған.
Әрбір оқушы өзі ұнатқан түсті таңдайды.
Үйге не берілді ?
5-жаттығу.
Сөз тіркестерін теріп жаз.
Үй тапсырмасын оқыту. Тексеру.
Екі немесе бірнеше сөздің бір-бірімен байланысуын не дейміз? (сөз тіркесі).
Сөз тіркесінде алдыңғы сөз бағыныңқы соңғы сөз басыңқы болады.
- Қане,онда мысал келтірейік.
Сергіту сәті
Біз балдырған айдаймыз
Уықтарды байлаймыз.
Керегені қалаймыз
Жаңа сабақ бастаймыз.
II- Жаңа сабақ.
Ребусты шеш.
,,,, ,,, ,, ,, ,, ,,, , , , , ,
Сағат өрік йод балық есік машина
Сөйлем.
Ой шақыру.
Сөйлем
3-топ талдап, дәлелдеп шығады.
Сұрақ-жауап алып,одан әрі қарай білімдерін дамыту.
- Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
- Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
- Лепті сөйлем дегеніміз не?
Қандай тыныс белгісі қойылады ?
Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу. Тт
Есте сақтау. Жаңбыр, жапырақ, қайық, тау, күн, құс, құмырсқа, арыстан, кітап, ұлу.
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу . Ауызша орындату . Сөйлемдерді оқы . Айтылу мақсатына қара сөйлемнің қай түрі екенін анықта.
Тотықұстың көзінің салмағы миынан екі есе ауыр болады. Адамның әдептілігі оның сөзінен байқалады.Сауыт -ерте кездегі батырлар киетін қорғаныш киім. Теріскен далада өсетін өсімдік түрі. Бал- өте пайдалы тағам.
Топпен жұмыс.
2-жаттығу.
Сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай түрлеріне бөліп жаз.
1-Топ II - топ III - топ
Хабарлы сөйлем. Сұраулы сөйлем. Лепті сөйлем.
Хабарлы сөйлем.
Атасы жолаушылап кетті. Әсет оны күтіп жүр. Атасы Әсетке ойыншық әкелді. Әсет ойыншығын алып,көрші Мұратқа келіп,жүр бірге ойнайық деді.
Сұраулы сөйлем.
Бұл жолы не әкелер екен?
Енді не істеймін?
Лепті сөйлем.
-Алақай , атам келді!
Бір күн де ойнамай сындырғаныма атам ұрсатын болды-ау!-деп Әсет қатты қынжылды.
Сергіту сәті /Табиғат/
Табиғат тіршіліксің тұнып тұрған
Сен күнсің,көтерілген күліп қырдан
Сен көлсің, сен ормансың , сен бұлақсың
Адамды сұлулыққа құнықтырған.
Көру диктанты.
Қала, бидай, мал, елтаңба, ту, шаңырақ, ,бүркіт, бәйтерек, мақта, өзен.
Тақтамен жұмыс.
1. Хабарлы сөйлем
2. Сұраулы сөйлем
3. Лепті сөйлем
4-жаттығу
Сұраулы сөйлемдерді хабарлы сөйлемдерге
айналдырып,мақал етіп жаз.
Береке көзі бірлікте ме? Отан оттан да ыстық па? Ат-адамның қанаты ма?
Үлестірмелі қима қағаздарымен жұмыс.
Ұйқасын тап.
1-Топ
Еңбек сүйгіш----------------------------------- /құмырсқа/ Ерте шығып -----------------------------------/ жұмысқа/
II - топ
Жазда астық---------------------------------/тасиды/ Толтырады ас --------------------------------/үйді/
III – топ
Қыстай тыныш------------------------------/жатады/ Рахатқа---------------------------------------/батады/
Қорытындылау.
Ойын. Бинго.
Бағалау. Үйге тапсырма.5- жаттығу
Бинго сұрақтары.
1. Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатында айтылатын сөйлем түрі.
2. Екі немесе бірнеше сөздің бір- бірімен байланысуын ата.
3. Заттың сапаның санның қимыл атауы.
4. Сөз неден құралады?
5. Жауап алу мақсатында айтылатын сөйлем.
6. Заттың қимыл іс әрекетін білдіретін сөз табы.
7. Аяқталған ойды білдіреді.
8. Адамның көңіл күйін білдіретін сөйлем түрі.
Бағалау.
Үйге тапсырма. 5-жаттығу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.