Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Сөйлемдегі сөздердің  байланысы» -

«Сөйлемдегі сөздердің байланысы»

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4405 | Размер: | Автор: Нартай4540
. 2 –сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: «Сөйлемдегі сөздердің байланысы» 255-261-жаттығу.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Жаңа тақырыпты ашу арқылы оқушылардың сөйлем және оның тыныс белгілері жайындағы алған ұғымдарын тиянақтау.
Дамытушылық: Дұрыс сөйлеу,сөйлемді дұрыс құрастыра білу қабілеттіліктерін дамыту.
Тәрбиелілік: Таза, ұқыпты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың байланысы: ана тілі, бейнелеу.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
А) Психологиялық дайындық.
Балалар сәлемдесу туралы қандай мақал – мәтелдерді білесіңдер? (Сәлем сөздің анасы.Сәлем беру де парыз, сәлем алу да парыз. Алыстан 6 жастағы бала келсе, 60 – тағы қария иіліп сәлем береді.)
- Мінеки, балалар, сәлемдесу де әдептіліктің белгісі. Біз сәлемдесу арқылы бір – бірімізге тек жақсылық пен қуаныш сыйлаймыз.
- Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып, сәлемдесейік.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
254-жаттығу.Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту. Интерактивті тақтамен жұмыс.
«Ойлан тап» ойыны.
Ұяшықтар берілген.Оқушылар қалауы бойынша таңдайды. Әр ұяшықтың соңында сұрақтар бар.

1 2
3 4
5 6
1. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
2. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
3. Лепті сөйлем дегеніміз не?
4. Сөйлем дегеніміз не?
5.Жұмбақ .
« Өзім сөзден тұрамын,
Аяқталған ойды құрамын.»
6. Мәтін деген не?
ІV.Жаңа сабақ.
Сөйлемдегі сөздердің байланысы.255-262-жаттығу.
255-жаттығу.Екі бағанды оқып, салыстыру.
Біз, ауыл, тұр. Біз ауылда тұрамыз.
Балалар, қала, бар. Балалар қалаға барды.
Киім, кірлетпей, ки. Киімді кірлетпей ки.
Сөйлем болу үшін сөздер қандай өзгеріске түскенін түсіндіру.

Ережені түсіндіру.

Интерактивті тақтамен жұмыс.
256-жаттығу.Үлгі бойынша ауызша орындау.
Қоңырау соғылды.Оқушылар сыныпқа кірді. Сабақ басталды. Мұғалім тапсырманы тексерді. Тапсырманы барлық оқушы орындап келіпті.
Мұғалім тапсырманы тексерді.
- Мұғалім не істеді?
- Мұғалім тексерді.
- Нені тексерді?
- Тапсырманы тексерді.
- 257-жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құрастыру.
- , ,,,, ,,,
8 теңге


258-жаттығу.Сөйлемдегі сөздердің дұрыс байланыспағанын дәлелдеу.
Сиыр өріс (тен ) келді. Нұрбол сиыр ( ды) қораға кіргізді. Апа (м ) сиыр сауды.
Сиыр қайдан келді? Нұрбол нені қораға кіргізді? Кім сиыр сауды?
Сергіту сәті.
259-жаттығу. Қыстап қалатын құстар туралы әңгіме құра.
-Қандай құстар қыстап қалады?



Дәптермен жұмыс.
260-жаттығу.Сөйлемдерді оқып , ондағы сөздердің байланысын табу.Сөздердің байланысын сызып көрсету.
Шөп өсті.( Не өсті? Шөп өсті.) Атасы шөпті шапты. ( Атасы не істеді? Атасы шапты. Нені шапты? Шөпті шапты.) Біз шөпті тасыдық.. ( Біз не істедік? Біз тасыдық. Нені тасыды? Шөпті тасыдық.)

Сабақты бекіту.
а) «Жұбын тап» ойынын ойнау.
Сөйлемдерді дауыс ырғағымен оқып, тыныс белгісін табу.
- Алақай, әкем келді
- Сенің атың кім
- Оқушылар саяхатқа шықты
ә) Тест тапсырмасы:
Сөйлемдегі сөздердің дұрыс байланысқанын тап.
А) Үйді олар тазалау кірісті.
Ә) Үй олар тазалауға кірісті.
Б) Үйді олар тазалауға кірісті.
Үйге тапсырма:
261-жаттығу.
Ережелерді жаттау.
Бағалау.

Аты-жөні : Әзиза Әбілбашарова Әбілпаттақызы.

Жұмыс орны : Қызылорда обл, Жаңақорған кенті
№51.М.Қаратаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.