.
.
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1635 | Размер: | Автор: Нартай4540Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға сөйлемнің дара және күрделі мүшелері жайлы түсінік беру. Құрамында күрделі мүшелері бар сөйлемдер құрастыра білуге үйрету.
2. Сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін тиянақтау, дамыту.
3. Елімізді, жерімізді, туған тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу.
Дәстүрлі, жаңа сабақ
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
-Қазір қазақ тілі сабағы. Балалар, біз қандай мерекені тойлағалы жатырмыз?
-Туған еліміз-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесін тойлағалы жатырмыз.
-Тәуелсіздігімізді қашан алдық?
-1991 жылы 16 желтоқсанда алдық.
-Дұрыс, балалар. Біз жылдар, ғасырлар бойы ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздігімізді осыдан 22 жыл бұрын алдық. Ол үшін біздің қаншама аталарымыз, апа-ағаларымыз қан төкті. Олар бізге нені мұраға қалдырды?
-
Ендеше, ата-бабаларымыздың бізге нені мұра қылып қалдырғанын бүгін сабақта тапсырмаларды орындай отырып білейік.
Алдымен бізге не қалдырғанын білу үшін үй тапсырмасын қайталайық.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
-Үйге не берілді? Өткен сабақта қандай тақырып өттік?
-Сөйлем мүшелері. Сызба бойынша сөйлем құрау.
(Жазып келген сөйлемдерін оқыту. Бір баланың жазған сөйлемін алу, сөйлем мүшелеріне талдау. Сол сөйлем арқылы жаңа сабақты түсіндіру.)
ІІІ. Жаңа сабақ.
-Көріп отырғанымыздай сөйлем мүшелері дара және күрделі болады екен. Ендеше, бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері». Біз сабақта осы тақырыпқа байланысты әртүрлі тапсырмаларды орындаймыз. Ереже шығарып, сөйлем мүшелеріне талдаймыз. Қазір дәптерлерімізді алып бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қояйық. Үй тапсырмасын дұрыс орындап келгендіктен бірінші мұраның не екенін байқайық.
-Бұл не?
-Жер. Яғни, 1- мұра-жер.
-Сонымен, балалар, сөйлем мүшелері дара және күрделі болатынын білдік. Енді ереже шығара отырып, 2-мұраны білейік.
-Дара мүше деп-бір сөзден жасалған сөйлем мүшесін айтамыз.
-Күрделі мүше деп- екі не одан да көп сөзден жасалған сөйлем мүшесін айтамыз.
-2 мұра-шаңырақ екен. 3-мұраны білу үшін оқулығымыздағы 36-жаттығуды орындайық.
А) Жаңылтпаш оқу. Ә) Жатқа жазу. Б) Күрделі мүшені табу. В) Қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсету. 3-мұра, ол-бесік.
ІV. Бекіту.
1. Толағай сөзіне дыбыстық талдау жасау. 4-мұра, ол-ою-өрнек.
2. Келесі мұраның атын білу үшін жұмбақ шешейік.
Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. Бұл не? Ол- дастархан. 5-мұра –дастархан.
3. Оқулықпен жұмыс.
37-жаттығу.
А) Мәнерлеп оқып шығу.
Ә) Көшіріп жазу.
Б) Сөйлем мүшелеріне талдау.
В) Күрделі мүшелердің қай сөз табынан жасалғанын айту. 6-мұра-қыран құс.
4. Келесі 7-мұра-ұлттық ойындар. Сергіту сәті.
Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер? «Орамал тастамақ», «Қыз қуу»,
«Көкпар», «Ақсүйек», «Жамбы ату», «Теңге тастау», «Аударыспақ», т.б.
5. Ребус шешу.
Талабы жоқ бала білімнен құр қалады.
А) Көшіріп жазу.
Ә) Күрделі мүшені табу.
Б) Қай сөйлем мүшесі екенін табу. Келесі мұра-ат.
6. Дара және күрделі мүшелерді бағанға бөліп жазу.
40-жаттығу.
V. Қорытынды.
А) Сұраққа жауап беру. Шыққан сурет бойынша әңгіме құрау.
Ә) Ауызша тапсырма.
38-жаттығу.
Мәтіннен күрделі мүшені табу.
Неліктен күрделі мүше болып тұрғанын дәлелдеу.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.