.
.
Оралбекова Ардақ Турсынқызы С.Көбеев. Түлкі мен қырғауыл
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1859 | Размер: | Автор: Нартай4540К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы: С.Көбеев. Түлкі мен қырғауыл
Мақсаты:
Білімділік: С.Көбеевтың «Түлкі мен қырғауыл» мысалын оқып, түсіндіру.
Дамытушылық: Мәнерлеп оқу, тілін, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ғ.Мүсірепов. С.Көбеев.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Өрттен құтқарушы иттер» мәтінін оқу, мазмұндау.
ІІІ. Өткенді пысықтау:
- Әңгімеде қандай оқиға болған?
- Суреттегі итке ат қойыңдар.
- Ол не істеп жүр?
- Өртке оранған үй туралы әңгімелеңдер.
- Өрт неден шығуы мүмкін деп ойлайсыңдар?
- «Өрт-тілсіз жау» дегенді қалай түсінесіңдер?
ІV. Мақсат қою кезеңі: «Түлкі мен қырғауыл».
V. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс.
а/ Жұмбақ шешу.
Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы /Түлкі/ .
Бір топ жыңғыл ішінде,
Бір жапырақ қызыл гүл. /қырғауыл/.
ә/ С.Көбеев туралы білетіндерін еске түсіру. «Пікірлер ағашын» толтыру.
- Осы уақытқа дейін С.Көбеевтің қандай шығармаларын оқыдық, мазмұнын еске түсірейік? /Атасы мен немересі, Шал мен балалар/.
б/ Бүгінгі оқитын шығармамыз «Түлкі мен қырғауыл» мысалы. Мәтінді оқып, мазмұнын ашу.
в/ Оқушыларға мысалды оқыту: іштей оқыту, тізбектей оқыту, рөлге бөліп оқыту.
VІ.Түсінгендерін тексеру: а) Сұрақтарға жауап алу.
- Түлкі мен қырғауылдың арасында қандай әңгіме болды?
- Түлкі қырғауылды не деп алдады?
- Қырғауыл қандай тапқырлық жасады?
- Қырғауыл қалайша аман қалды?
VІІ. Сергіту сәті.
VІІІ. Бекіту:
а) Бүгін не өттік?
ә) Түлкі мен қырғауыл арасына диалог құрастырып көріңдер.
б) Кітапта берілген ойды жалғастырып көріңдер.
VІІІ. Қорытынды:
1. Үйге тапсырма: «Түлкі мен қырғауыл» мәтінді оқу, мазмұндау.
2. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.