Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сәкен Жүнісов. Кімнің мекені жақсы? -

Сәкен Жүнісов. Кімнің мекені жақсы?

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 6119 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Әдебиеттік оқу, 2 сынып
(интербелсенді сабақ)
Ә.М. Жұмағұлова
«Зырян қаласының №9 орта мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Жүнісов. Кімнің мекені жақсы?
Сабақтың мақсаты: Оқушылар әңгімені талдай отырып, негізгі ойын анықтайды;
сұрақтар қоюды үйренеді; Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдердің мән-мағынасын ашады; ой-өрісін кеңейтіп, тілдерін дамытады; шығармашылықпен жұмыс жасауға үйренеді; туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін білдіреді.

Ұйымдастыру.
- Балалар, бүгін сабақта Сәкен Жүнісовтың "Кімнің мекені жақсы?" атты әңгімесі бойынша жұмысымызды жалғастырамыз. Бүгінгі сабақта төмендегідей табыс критерийлерін ұсынғым келеді:
1. Әңгімедегі негізгі ойды түсіну.
2. Әңгіменің мазмұны бойынша түрлі деңгейдегі сұрақтар қоя білуге үйрену (Блум күлтесі бойынша)
3. Шығармашылықпен жұмыс істеу.
Сабақтың соңында осы табыс критерийлер бойынша өздеріңді бағалайтын боласыңдар.
- Бүгінгі сабағымызды осындай сөздермен бастағым келіп тұр:
"Туған жер, туған өлке, атамекен... Аспан аясын жайлаған адам баласына кіндік қаны тамған жерден, өркен жайып өскен өлкеден қымбат ештеңе жоқ. Адам ғана емес, күн астында күн кешкен күллі жан иесі – аң-құс та туған жерін аңсап сағынады... "
- Балалар, туған жер, туған өлке, атамекен дегенді қалай түсінесіңдер?
- Ал қазір "Авторға сұрақ қою" стратегиясы бойынша жұмыс жасаймыз.
1 топ автор рөлінде болып, мәиіннің бірінші бөлігін дауыстап оқиды. Басқа топтар авторларға осы бөлім бойынша сұрақтар қояды. "Ойлай білетін адам сұрақ қоя біледі," - деген екен бір кезде философ Э. Кинг. Ал сұрақтар қоюда бізге Блумның күлтелері көмектеседі. Сұрақтар түрлерін естеріңе түсіріңдер. Сонымен автор тобын тыңдайық.
2 топ автор рөлінде екінші бөлімді оқиды.
3 топ үшінші бөлім.
4 топ төртінші бөлім.
- Қазір сендерді "Галереяны шарлауға" шақырамын. Өздерің әңгіме мазмұны бойынша суреттер салып келдіңдер. Осы суреттерді тамашалап, ұнаған бір суретке дауыс бересіңдер. Өз суреттеріңнен басқа суретке, комментарий, тілек жазуға болады. Мұнда неге назар аударасыңдар?
1. Сурет әңгіме мазмұнына сай болуы керек.
2. Суреттің әдемі, ұқыпты салынғанына көңіл бөлесіңдер.
Осындай критерийлер бойынша ұнаған суретті таңдайсыңдар.
Ең көп дауыс жинаған суретті анықтап, сөйлету.
"Қос шеңберде" ішіне - сыртына әдісі арқылы әңгіме мазмұнын бір-біріне айтады.
Деңгейлік тапсырмалар. Жеке, топтық жұмыс. ("Бағдаршам" белгісі арқылы көмек сұрау) "Ыстық орындық"
Сары стикер.
Р - ақын, жазушы, оқушы
А - оқырмандар, досым
Ф - өлең, эссе, хат
Т - "Ыстық қой, шіркін, туған жер"
Жасыл стикер.
Цитата - комментарий.
Әркімнің өз жері - Мысыр шаһары.
Туған жердей жер болмас - туған елдей ел болмас.
Қызыл стикер
"Т кестесін" толтыру Туған жер - Біз
Қорытынды: Оқушылардың туған жер туралы жаттаған өлеңдері, мақал-мәтелдері.
Эпилог: Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. Болуы да мүмкін емес! Өйткені сен ең алғаш жарық дүниеге келген сәтіңнен бастап, осы өлке саған алтын бесік – атамекен болып есептеледі. Сенің ғана емес, сенің әкең мен шешеңе, атаң мен әжеңе, одан арғы бабаларыңа да осы өңір құтты мекен болған. Сенен кейінгі ұрпақтарға да құтты қоныс болып қала бермек.
Бағалау өзін-өзі критерий бойынша "Күн шуақтары" әдісі арқылы (сары - өте жақсы, тоқсары - орташа, қызыл - төмен).
Үйге тапсырма: Эссе "Ыстық қой, шіркін, туған жер".
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.