.
.
Тақырыбы: С.Мұқановтың «Жылқы» әңгімесі С. Мұқановтың «Жылқы» әңгімесі
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1952 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларды С.Мұқановтың «Жылқы» әңгімесінің мазмұнымен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру. «Жеті қазынаның бірі» жылқының ерекше қасиеттерімен таныстыру.
2. Дамытушылық: С.Мұқанов жайлы мағлұмат беру. Мәтін бойынша танымдық тапсырмалар беру арқылы өз ойларын тұжырымдап жеке, топта айта білуге, көп ізденуге, бірін бірі таңдап, өз ойларын еркін айтуға дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: жылқы жануарына деген сезімдерін ояту, қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Сөздік қорларын молайту. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың әдісі: бес жолды өлең, ЖИГСО-1, БҮҮ стратегиясы, кубизм стратегиясы, Рафт кестесі.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер, топтамалар, мақал-мәтелдер.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
САБАҚТЫҢ ӨТІЛУ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Көктем келді еліме, Бақыт,байлық тілейміз
Көктем келді жеріме. Бүкіл қазақ еліне.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Бәйшешектерді тере отырып, үй тапсырмасын тексерейік. «Ара мен шыбын» тақырыбына сәйкес әр бәйшешектің астында орындайтын төмендегідей тапсырмалар бар.
1-тапсырма. Шығарманы рөлге бөліп оқу, кейіпкерлердің іс-әрекетін, сезім-күйін дауыс ырғағы арқылы мәнерлеп оқу.
2-тапсырма. Өлеңді қара сөзбен сахналау.
3-тапсырма. Қонаққа бару және қонақ күту рәсімдерін әңгімелеу. Қазақы қонақжайлылыққа тоқталу.
ІІІ. Жаңа сабақ: «Жылқы» С.Мұқанов
Сәбит Мұқанов 1900-1973 жж. Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Жаманшұбар өңірінде туған. Аса көрнекті жазушы, қоғам қайраткері. «Өмір мектебі», «Боткөз», «Ақ аю», «Балуан Шолақ» т.б. көптеген шығармалардың авторы.
Балалар, бүгін біз С.Мұқановтың әңгімесін оқу арқылы жылқының ерекше қасиеттерімен, жылқышы мамандығының ерекшелігімен танысамыз.
А) Ой қозғау.
«Бес жолды өлең»
1. Тақырып (зат есімге 1 сөз) Жылқы
2. Суреттеу ( сын есімге 2 сөз) күрең қасқа, боз жорға.
3. Қимыл (етістікке 3 сөз) кісінейді, үркеді, шабады.
4. Сезіну (4 сөзді сөйлем) Жылқы – төрт түліктің киелісі.
5. Мәнін өзгерту. Жақсы ат жолда қалдырмайды.
Ә) Жигсо-1
Мағынаны ажырату.
1. Оқушылар топқа бөлінеді. (жанұя тобы)
2. Оқушылар топ ішінде нөмірленеді (мәтіннің бөлігіне сай)
3. Мәтін таратылады, оқушы өзінің санына сәйкес мәтін бөлігін оқиды.
4. Әркім өз бөлігі бойынша 3 не 4-5 тірек сөз табады.
5. Оқушылар сан бойынша топтасады ( жұмысшы тобы 111,222,333)
6. Мәтін бөлігіне сәйкес талқылау картасы.
Оқушылар топтаса, бірлесе отырып жасайтын жазба жұмысы. Әр топ әр
түрлі жасайды (1-топ сурет салады, 2-топ сөздікті сурет салады, 3-топ
кесте жасайды, 4-топ схема түрінде көрсетеді)
7.Оқушылар жанұя тобына оралады, бір-біріне түсіндіреді.
Мұғалім жекелеген оқушылардан сабақ сұрайды.
1. Әңгімеде жылқының аналық мейірімі туралы не айтылған?
2. Жылқының адамға қандай пайдасы бар?
3. Батырлар жырындағы жылқының қасиеттерін айт.
4. Әңгімені оқып шыққан кейін қандай сезімде болдың? Сені таңқалдырған жайт болды ма?
Б) БҮҮ стратегиясы
Нені білемін
V Нені білгім келеді?
? Нені білдім
+
Сүті, еті, тақ тұяқты, жалы бар, жүйрік, батырлар мінген, өлең-жырлар, қоңыр, көкшіл, таза су ішеді. Тағы қандай түрлері бар? Тағы қандай пайдасы бар? Қымыздың қандай түрлері бар? Жорғасын, жүктартқыш, сүті өкпе ауруына ем, жылқы сезімтал, жылқы мал патщасы, жылқышының еңбегін
Біз тақтаға не білгеніміз жайлы жаздық, енді не білгіміз келетіні жайлы жазайық.
IV. Дәптермен жұмыс.
Сөздік жазу: Қос- шөп жазу, егін салу, егін жинау, жылқыны қысқы қосында бағу кезінде көшіп-қонуға ыңғайлы, тігуі, жығуы оңай баспана.
V. Сұрақ-жауап.
Кубизм стратегиясы (ойлаудың сатылары)
1. Жылқы туралы ойлағанда көз алдыңа не елестейді?
2. Суреттеу (суретін салады)
3. Қолдану (айтады)
4. Салыстыру (қазіргі көліктермен)
5. Зерттеу (қымызы туралы)
6. Талқылайды (пікірлерді қолдайды немесе қарсы шығады)
В) «РАФТ» кестесін сызамыз (шығармашылық жұмыс) \
Рөл Аудитория Формат тақырып
Мақан сыныптастарына өлең Жылқы малының қасиеті
жылқышы досына ертегі
жылқы мұғаліміне әңгіме
дос құрбысына мазмұндама
бақташы анасына өтініш
дала әкесіне шығарма
қос әжесіне хат
құлын атасына арыз
Әр оқушы өзіне рөл таңдайды. Мысалы: Мақан сыныптастарына «Жылқы малының қасиеті» туралы өлең оқиды.
Г) Сөзжұмбақ шешейік
Ж Ы Л А Н
Қ Ұ Л Ы Н
С Е З І М Т А Л
Қ А М Б А Р
А Р Ғ Ы М А Қ
1. Жылқының иісіне не жоламайды?
2. Жылқының төлін қалай атайды?
3. Жылқы қандай жануар?
4. Жылқының пірі.
5. Жүйрік атты қалай атайды?
VI. Сабақты қорыту.
Жылқының пайдасы туралы айтқан пікіріңді дәлелде.
Жылқының пайдасы Дәлел
1.Еті
2.Қымызы
3.Терісі
VIІ. Үйге тапсырма.
Жылқы жайлы эссе жазу.
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.