.
.
Сабақтың тақырыбы: 180-184 жаттығулар Сұраулы сөйлемнің айтылу және жазылуы
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2102 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты: 1. Сұраулы сөйлемнің айтылу және жазылуын үйрете
отырып,оқушының байланыстырып сөйлеуін
меңгерту.Жаттығу жұмысын орындау арқылы
сызба бойынша сөйлем құруға үйрету.
2.Оқушылардың сөздік қорын молайту,ойын дұрыс
жеткізе білу дағдысын қалыптастыру,шығарма-
машылық ойлау қабілетін арттыру және жазу
сауатын қалыптастыру.
3. Адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелей отырып,
өз тілін сүйетін,құрметтейтін тұлға қалыптастыру.
Көрнекілігі: тірек-сызбалар,венн диаграммасы,слайдтар,сюжетті суреттер.
Әдісі: сұрақ-жауап
САБАҚТЫҢ ЖҮРІСІ:
І. Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.Психологиялық дайындық. 1-слайд
Қазақ тілім-өз тілім,ан тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым,бақытым,дара тілім!
ІІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
1. 179-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрау.2-слайд. Оқушыларға оқыту. Ереже сұрау.
2. Үй тапсырмасын бекіту. 3-слайд.
ІY. Жаңа сабақ
1.Сабақтың мақсатын хабарлау.
2.Күннің жадын ,тақырыпты жазу. 4-слайд
3.Көркем жазу Сс әрпі,дыбысы.Дыбыстық талдау жасау
4.Оқулықпен жұмыс
180-жаттығу. Ауызша орындау.Өлеңді мәнерлеп оқу, Қ.Мырза Әли тура-
лы қысқаша түсінік беру. 5-слайд.
181-жаттығу.Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырып жазу.
6-слайд.
Толқын кітап алды.Ол көп оқиды.Әжем ауылдан келді.
Сергіту сәті. 7-слайд.
182-жаттығу. Ребусты шешіп,әңгіме құрау. 8-слайд.
Кітапхана
183-жаттығу. Сөйлемді көшіріп жазып,қарамен жазылған сөйлемді салыс-
тыру. 9-слайд.
Сабақтан кешікпе.Айдос ауылдан келіп пе? Ешқашан өтірік айтушы
болма.Қар қалың жауды ма?
Ереже түсіндіру. 10-слайд
Шығармашылық жұмыс 11-СЛАЙД.
Берілген сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдыру
Қасқыр ұлыды.Қар қалың жауды.Анар қалада тұрады.
Венн диаграммасы 12-слайд
Сұраулы және хабарлы сөйлемдерді топтастыру
V.Үй тапсырмасы.Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.