Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ә.Сәрсенбаев «Халық кегінің күйшісі» -

Ә.Сәрсенбаев «Халық кегінің күйшісі»

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2767 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Қарағанды облысы
Шет ауданы
С.Сейфуллин кенті
Жарық орта мектебі
Балғабекова К.
Бастауыш сынып мұғалімі
Сыныбы: 3Б
Сабақтың тақырыбы: Ә.Сәрсенбаев «Халық кегінің күйшісі».
Сабақтың мақсаты:
1. Халық кегінің күйшісі Құрманғазының күйлерімен,өмірімен таныстыру.
2. Оқушылардың сөздік қорын, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту.
3. Оқушыларды елін сүюге, өнерлі болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Құрманғазының, Динаның портреттері, Ә.Сәрсенбаевтың портреті, ұлттық аспаптар суреті, домбыра, бор, тақта.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топтастыру, ЖДИКСО-ІІ стратегиясы.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, Тарих, Музыка
І.Қызығушылығын ояту.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасына берілген «Интернат қоймасы» әңгімесін сұрақтар арқылы пысықтау.
- Мазмұнын сұрау.
- Әңгіменің авторы кім?
- Әңгіме неге интернат қоймасы деп аталады?
ІІ.Мағынаны тани білу.
Жаңа сабақ.
(Сарыарқа күйі орындалып тұрады)
а) Орындалған кімнің күйі?
ә)Күй қалай аталады?
б)Қандай күйлерді білесіңдер?
в) Күйші дегеніміз кім?
-Құрманғазының суретін таратамын.Әр топ өздері толтырады.

1 топ 2 топ 3 топ
Құрманғазы Құрманғазы Құрманғазы

Топтастыру:
«Сарыарқа», «Адай»күйлері

1818 ж туған 1889 ж қайтыс болған

Күйші
Күй атасы
Өнер иесі
«Балбырауын» күйі

- Ал, енді балалар! Мына жасаған қорытындымыз неге ұқсайды? (Күнге)
- Неге біз күнге ұқсатамыз?
- Ол көбінесе қай салада еңбек сіңірді? (музыка)
- Ендеше оқушылар, бүгінгі сендердің өтетін тақырыптарың «Халық кегінің күйшісі» деп аталады.
(Баяу үнмен күй орындалып тұрады)
а) Әңгіменің авторымен таныстыру
ә)Әңгіменің 1-ші бөлімін мұғалімнің оқуы.
б) Қиын сөздермен жұмыс.
Топпен жұмыс.
І топ
Сарапшы парағы №1
1. Мәтіндегі оқиға қай кезде болған?
2. Бала нені көрді?

ІІ топ
Сарапшы парағы №2
1. Қойшы бала кім екен?
2. Кенет дөң астында не естілді?

ІІІ топ
Сарапшы парағы №3
1. Бала томар ағаштан не жасамақшы болды деп ойлайсыңдар?
2. Құрманғазы туралы не білдіңдер?

в) Екінші бөлімді тізбектете оқыту.
е) Сұрақтар қою
- Келген адам кім екен?
- Махамбет Құрманғазыны неге алып кетпеді?
ж) Әңгімені рольге бөліп оқытқызу.
Қорытынды:
(Тақтаға домбыраны ілемін, пернелерде сұрақтар болады)
1. Біз бүгін кім туралы әңгіме өтті?
2. Әңгіме неге халық кегінің күйшісі деп аталады?
3. Құрманғазының күйлерді қандай аспап арқылы жеткізген?
4. Өлең оқылады.
Үйрендім
Мен
Домбырамның
Құлағын
Келтіріп
До, ре, ми, фа, соль, ля, си
Атам айтты:
Талабың бар шырағым
Әлі үйреніп кетесің-деп
Шай үстінде желпініп
Құрманғазы, Динаның,
Күй табағын жинадым.
Өсе берсін талабым
Ертең елім сүйсінер
Домбырашы боламын.
Үйге тапсырма:
а)Әңгіменің мазмұнын айту.
б)Махамбетпен қойшы баланың кездескен жерін суретке салу.
Бағалау.
Күй ойналады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.