.
.
С.Торайғыров «Кедей» С.Торайғыров «Кедей»
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2190 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:СТО технологиясын қолдана отырып, дамыта оқыту сабағын ұйымдастыру.
Сабақтың міндеттері; білімділік:өлеңнің негізгі ойын, идеясын меңгерте отырып, тарихи кезеңдерге тоқталу. Оқушыларға автор туралы мәлімет беру.
дамытушылық:Оқушылардың сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту,шығармашылыққа баулу.
тәрбиелілік:Отанын сүюге,батылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер топтамасы, сюжетті сурет, кестелер.
Типі: аралас сабақ
Түрі: топпен жұмыс
Әдісі: СТО стратегиялары,түсіндіру, тірек сызба
Сабақ барысы:
1.Психологиялық дайындық. Қызығушылықты ояту.
Қара достым жан-жаққа,
Дайынсың ба сабаққа?
Кітап, дәптер, қалам да,
Бәрі-бәрі орнында...
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқу түбі – тоқу
I – топ: Б.Майлиннің “Күлпаш”әңгімесінің мазмұнын сұрау
II – топ: Б.Майлин өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет
III – топ: Қазақ халқының аштыққа душар болуының себебі неде?
3. Үй тапсырмасын қорытындылау.
Тест сұрақтары:
1.Б.Майлиннің “Күлпаш” әңгімесінде ел басынан өткен қандай кезең суреттелген?
А. соғыс жылдары
Б. ашаршылық жылдары
В. жоңғар шапқыншылығы
2.Ашаршылық қай жылдары болған?
А. 1941-1945 жылдары
Б. 1936 жылы
В. 1930-1932 жылдары
3.Жырлағаным –кедейдің жыры,
Сырлағаным-кедейдің сыры.
Сырым да бір, жырым да бір-
Мен дағы сол кедейдің бірі.
Бұл кімнің сөзі?
А. Б.Майлин
Б. Қабанбай батыр
В. Б.Соқпақбаев
4. Ой қозғау;Тест тапсырмасының 3-ші сұрағындағы өлең шумағында қайталанып тұрған қандай сөз?
-Кедей..
-Олай болса, « кедей» сөзін естігенде көз алдымызға кімдер елестейді?
5. Мағынаны тану.
1.Өлеңді оқып, мағынасын түсіндіру
Кедей
Күзгі түн шөптің басын қырау көмген,
Ызғар шашып, бұлт мынау жерге төнген
Қараңғы, ит пен бірге қой күзетіп,
Мен ояу, ел ұйқыда, оттар сөнген
Ұзақ түн, жолдасым жоқ иттен басқа,
Бүтін киім менде жоқ жаурамасқа.
Бір бүтін, кірсіз киім кигенім жоқ,
Туғаннан, міне шықтым, талай жасқа.
2.Іштей оқу, тізбектеп оқу;
3.Алдын ала таратылып берілген қағаздардағы +, v,? Белгілерін соғып, не білетіндіктерін және не білмейтіндерін анықтайды.
4.Топтарда толтырған кестелер арқылы пікір алысу.
5.Ұжым ішіндегі түсініксіз ұғымдарды , ақпараттарды бірлесе анықтау, талдау.
6. Сергіту сәті.
7.Ой толғаныс.
Әр топ өздеріне берілген тапсырманы кестеге толтырады.Ойды дәлеледеп, өмірден мысал келтіреді.
I топ II топ III топ
8.Еркін жазу. Оқушылар сұраққа жазбаша жауап береді.
Iтоп: Бұл өлеңді ақын неліктен “Кедей” деп атаған?
II топ: Кедей деп кімдерді атаған?
III топ: Кедейдің ауыр тұрмысын қалай бейнелеген?
9. Қосымша ақпарат беру. Тарих бетіне үңілсек...
Аштық жылдары 1921-1922 жылдардағы аштық 1930-1932 жылдардағы аштық
Болу себептері 1921 жылы жазда куаңшылық болып, малдың 80%-ы кырылды. Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырады. ¥жымдастыру карсанында- 40,5 млн. мал болды. 1933 жылы 4,5 млн. мал қалды.
Зардаптары Демографиялық жағдай қиындады. Халық саны l/3-не дейін азайды. 700 мыңнан астам адам республикадан көшіп кетті. Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана калпына келді. 1930-1932 жылдардагы аштық тарихта «ұлы жұт» атанды.
10.Автор туралы мәлімет.
11.Бейнесюжеттер көру. Ашаршылық кезеңдердегі адамдардың тірлігі, кескін-келбеті..Суретке байланысты мақалдар айту
Тауда туған құлынның
Екі көзі таста болар,
Ашаршылықта туған баланың,
Екі көзі аста болар...
12. Венн диаграммасы.
Оқушылар екі мәтінді салыстырып ұқсастығын табады.
Ұқсатығы
13. Бекіту.Бес жолды өлең;
1.Кім?-Кедей
2.Қандай?- Аянышты, жұпыны,
3.Не істеді?-Қой бақты.
4.Не үшін?- Күнін көру үшін.
5.Жалпы ойды түйіндеу-жоқшылық-түріндегі өлең шықты.
14.Қорытынды. Ел тәуелсіздігіне тоқталып бүгінгі күнге баға беру. Гүлденіп келе жатқан Қазақстанды көрсету.
15.Бағалау. Бағалау парағы бойынша топ мүшелері бағаланады.Әр топты жалаушалармен марапаттау.
16.Үйге тапсырма: С.Торайғыров «Кедей» өлеңін жаттау.
Аштық жылдары 1921-1922 жылдардағы аштық 1930-1932 жылдардағы аштық
Болусебептері 1921 жылы жазда куаңшылық болып, малдың 80%-ы кырылды. Астық мол болған аймақтардан азық-түлік отрядтары орталыққа ауылшаруашылық өнімінің 80%-н әкетті. Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырады. ¥жымдастыру карсанында- 40,5 млн. мал болды. 1933 жылы 4,5 млн. мал қалды.
Аштыққаұшыраған аймақтар Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай, Семей, Ақмола губерниялары
Бүкіл Қазақстан
Зардаптары Демографиялық жағдай қиындады. Орынбор, Қостанай, Актөбе, Орал, Торғай губернияларында халық саны l/3-не дейін азайды. 700 мыңнан астам адам республикадан көшіп кетті. Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана калпыпа келді. 1930-1932 жылдардагы аштық тарихта «ұлы жұт» атанды.
Ашаршылық кезінде төмендегідей қарсылықтар болды:
1929-1931жж – Қазақстанда ұжымдастыруға қарсы қарулы қарсылықтар толқыны (Семей округі – халық наразылығының ірі ошағы).
1930ж ақпаннан мамырға дейін – 6 ауданды қамтыған күшті толқу болды (Торғай шаруаларының Батпаққара көтерілісі – «бандиттік-басмашы қозғалысының көрінісі» деп бағаланды).
Қарақұм көтерілісі – 5000 шаруа біріккен көтеріліс. Оны Орынборда орналастырылған 8-дивизия басып тастады.
Созақ жеріндегі көтеріліс – Шебер ұйымдастырушылығымен, табандылығымен ерекшеленеді. Басшысы – Жақыпов. Аудан орталығын басып алып, көтерілісшілер аудан басшыларын өлтірді.
1931ж көктем – Қарқаралы округінің Абыралы, Шыңғыстау және Шұбартау аудандарындағы көтеріліске қатысқандар түгелдей қырылды.
«Бесеудің хаты» – Ф.Голощекинге арналған ашық хат. 1932ж шілде де Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Даулетқалиев, Е.Алтынбеков, К.Қуанышбаев бірлесіп жазды.
1933ж наурызда – Тұрар Рысқұлов Сталинге хат жазды.
Республика аумағында 1929-1931жж аралығында ұжымдастыруға қарсы 372 жаппай толқулар мен көтерілістер болып, оған 80 мың адам қатысқан (Толқулар мен көтерілістерді жаншу кезінде 1916ж көтерілісті басу тәжірибесі қайталанды).
Төменде ашаршылық кезеңдерінің фото суреттер жиыны келтірілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігі Ақпарат және Мұрағат комитеті "Орталық Мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалар мұрағаты"
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.