.
.
Сабақтың тақырыбы . Сөз таптары . Сөз таптары .
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1483 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты : 1.Сөз таптары, сөз таптарының түрлері туралы оқушылардың білімдерін, ұғымдарын қайталау, бекіту. 2.Танымдылық тапсырмалар , сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту. 3.Оқушылардың ана тілін сүюге адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, сөздерді түсініп, үлгі өнеге алу.
Сабақтың барысы :
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды қазақ тілі сабағына дайындау:
Қазақ тілім- өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім !
-Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі- туған тіліміз-қазақ тілі сабағы.
ІІ.Балалар, біз қандай сөз таптарын білеміз ?
сан есім Сөз таптары зат есім
сын есім етістік
Ендеше, бүгінгі сабағымыз топпен өтеді.
1- топ «Зат есім» -Жақанов Нұржан
2- топ «Сын есім» - Нургалиева Сандуғаш
3- топ «Сан есім» -Какимжанова Әсем
4- топ «Етістік»- мен өзім жүргіземін.
Әр топта тапсырмалар берілген , сол тапсырмаларды орындау арқылы, әр оқушы өз білімін көрсетеді.
Әр топ білімі текшелермен бағаланады.
Қызыл - өте жақсы, жасыл- жақсы, сары- орташа.
Оларды әр топ оқушылары тақтадағы қалташаларға салады.
1 топ – Зат есім
1 тапсырма :
1. Зат есім дегеніміз не? / заттың аты/
2. Зат есімнің сұрақтары қандай? / кім, кімдер, не, нелер/
3. Зат есім түрлері. / жалқы, жалпы, негізгі, туынды, дара , күрделі/
4. Зат есімнің септелуі./ 7- атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес/
2 тапсырма.
271- жаттығу. (зат есім) - теріп жазу.
Алаша , текемет, ауа, аңшы.
3 тапсырма. /Зат есімді сыз/
1. Шешен сөз бастар,
Батыр қол бастар.
2. Оқу- білім азығы,
Білім- ырыс қазығы.
4 тапсырма. (тест сұрағы)
1. Зат есім дегеніміз не?
А) қимылды, іс- әрекетті білдіретін сөз
ә) заттың атын білдіретін сөз
б) заттың сынын, сапасын білдіретін сөз
2. Туынды зат есімді тап
А) қала ә) малшы б) тау
3. Көптік жалғаулы зат есім
А) батыр ә) оқушылар б) тау
4. Жалқы есімді тап
А) журнал ә) ағаш б) Алматы
5. Зат есім тобын тап
А) үлкен, көгілдір, ащы
ә) Алатау, арман, алма
б) өседі, тербеледі, ұшады
2 топ – Сын есім 1 тапсырма
1. Сын есім дегеніміз не? / заттың сыны, сапасын, көлемін білдіреді/
2. Сын есім сұрақтары / қандай, қай/
3. Сын есім түрлері / дара, күрделі, негізгі, туынды/
4. Туынды сын есім қалай жасалады? / жұрнақ арқылы/
2 тапсырма
271- жаттығу (сын есім)
Қоңыр, дөңгелек, қышқылтым, ақылды, әдемі.
3 тапсырма
Сөзжұмбақ шешу:
1 «Қандай» сұрағына жауап беретін сын есім? /жақсы/
2. Заттың түсін білдіретін сын есім /қызыл/
3. Қандай жолдас болдады? / жаман/
4. Алма қандай болады? / сары/
5. Қай сұрағына жауап беретін сын есім / шеткі/
6. Жемдеп тұрған мал қандай болады? / семіз/
С
Ы
Н
Е
С
І
М
4 тапсырма / тест сұрағы/
1. Сын есім дегеніміз не?
А) Заттың атын білдіретін сөз
ә) Заттың түрін білдіретін сөз
б) Заттың қимылын білдіретін сөз
2. Сын есім сұрақтарын көрсет
А) қандай?, қай?
ә) қанша? , неше?
Б) не істеді?, қайтті?
3. Туынды сын есімді көрсет
А) сулы, күшті, білгіш
ә) таза, әдемі, сұлу
б) ақ, сары, көк
4. Негізгі сын есімді көрсет
А) талапты, көңілді, икемді
ә) жаңа, қызыл, ақ
б) өнерлі, бойшаң, инабатты
5. Сын есім нені білдіреді?
А) атын, орнын, мөлшерін
ә) түсін, көлемін, сапасын
б) аумағын, жерін, орындалғанын
3 топ – Сан есім
1 тапсырма
1 Сан есім дегеніміз не?/заттың санын білдіреді/
2. Сан есім сұрақтары /қанша, неше, нешінші /
3. Сан есім түрлері /дара,күрделі, есептік, реттік, негізгі ,туынды /
4. Есептік сан есімнің сұрағы /қанша, неше /
2 тапсырма / сан есімдерді теріп жаз /
271- жаттығу
Тоғыз, бесінші, жеті
3- тапсырма /сан есімдердің астын сыз /
Жұмбақ:
Бірінші буыным құс аты,
Ал екіншісі- бояу түсі.
Екуін біріктіріп оқысақ,
Оңынан да, солынан да,
Ұлт болып шығамын
/қазақ/
4 тапсырма / тест/
1. Сан есім нешеге бөлінеді?
А) есептік, реттік, қатарлық
ә) қатарлық, кезектік
б) есептік, реттік
2. Сан есімді көрсет
А) бес, сана, ұйықта
ә) елу бес, жас, кәрі
б) қырық, елу, жүз
3. Реттік сан есім қатарын белгіле
А) екі, үшеу, үшінші
ә) үшінші, төртінші, бесінші
б) бесінші, алтыншы, бесеу
4. Сан есім сұрақтары
А) қанша?, қайда?
ә) қанша?, неше?
Б) неше?, қашан?
5. Сан есім дегеніміз не?
А) заттың санын білдіреді
ә) заттың қимылын білдіреді
б) заттың түрін білдіреді
4 топ- Етістік
1 тапсырма
1. Етістік дегеніміз не?
2. Етістік түрлері
3. Етістік сұрақтарын ата
4. Болымды, болымсыз етістік
2 тапсырма
271- жаттығу
Жүгірді, тазала, көмектесті.
3 тапсырма оқыды күлді
отырды ойнады
оқушы биледі айтты
барды келді
жазды
4 тапсырма / тест сұрағы/
1. Дара етісті тап
А) келе жатыр
ә) келді
б) ойнама
2. Күрделі етістікті тап
А) күлді
ә) күліп келе жатыр
б) барма
3. Болымды етістікті тап
А) бар ә) ойнап жүр б) ойнама
4. Болымсыз етістікті тап
А) оқыды ә) оқыма б) оқып отыр
5. негізгі етістікті тап
А) жазып отыр ә) жаз б) жазба
Ең соңында текшелерді санау, қорытынды жасау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.