.
.
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Бекіту. Сөз таптары. Бекіту.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1656 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаттары және күтетін нәтижелері:
- Сөз таптары туралы білімдерін бекіту;
- Сөз таптарын белгіленген белгілермен таба білу;
- Сұрақтарды дұрыс қоюға машықтандыру;
- оқушылардың ауызша және жазбаша тілдерін ;
шығармашылық қабілеттерін ,есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту;
- жұмысқа қызығушылықтарын арттыру; өзіндік білім алу дағдыларын дамыту;
Көрнекілігі: ноутбук, слайдтар, стикерлер, карточкалар А,Ә,Б,В; маркерлер, парақтар, смайликтер, бағалау парақтары.
1. Психологиялық көңіл-күй. Ролик көру.
2. Актуализация знаний.
- Ойын « Адасқан әріп».
Слайдта дауысты дыбыстар шашылған, тек қана бір «Т» дауыссыз дыбысы бар, балалар іздеп, сол әріпті анықтайды, содан соң неге ол әріпті таңдағанын түсіндіреді. (№1 қосымша)
3.Мұғалімнің әріпті жазып көрсетуі. « Т» әріпі.
4. Сөздік жұмыс.
Әрбір сөз таптарына екі сөзден жазып, содан кейін жазылған сөздерді оқу.
Сұрақтар: - Осы сөздер туралы не айтуға болады?
- Қандай сөз таптарына жатады?
5. Қайталау, қорытындылау және алған білімдерін жүйелеу.
Сұрақтар: - Бүгін сабақта нені қайталаймыз?
- Қандай сөз таптарын білесіңдер?
6. Ойын «Он сұрақтар» Диалог: оқушы-оқушы
Ойынның шарты: Стикерлерде басты сөздер: етістік, зат есім, сын есім, сан есім.
Бір баланың маңдайына стикерді жабыстырып, ол бала стикерде жазылған сөзге қатысты сыныпқа сұрақтар қояды.
Мысалы:- Бұл сөз қимылын білдіретін сөз бе?
- Не істеді? не қылды? деген сұрақтар қойылады ма?
Балалар сұрақтарға жауап береді, ал тақтадағы бала бастырған сөзді табады. Солай балалар барлық сөздерді тауып, сөз таптарын бекітеді.
7. Сергіту сәті « Кірпі» АКТ.
8.Қайталау.Тест тапсырмалары. Жауап нұсқаларымен А,Ә,Б,В.
( №2,№3 қосымша)
9. Жекеше жұмыс. ( оқулықпен, 2- жаттығу 192 бет.)
Тапсырма: Берілген сөздердің ішіндегі сан есімдерді тауып, зат есімдермен тіркестіріп жаз, бірнеше сөйлем құрастыр.
10. Дарынды балалармен жұмыс. ( логикалық тапсырма)
«Көп нүктенің орнына қажетті әріптер қойып жаңа сөз жаса»
□үн, □ара, □ол ( №4 қосымша)
11. Топпен жұмыс.
Синквейн құрастыру « күн» деген сөзге.
1. Күн.
2. Ыстық, жылы.
3. Шығады, жарқырайды, жылытады.
4. Аспанда күн жарқырап тұр.
5. Табиғат.
12. Рефлексия ( смайликтер)
Балалар ұнатқан смайликтерді таңдап, сабақтағы өз көңіл-күйлерін білдіреді.
13. Бағалау парағы. ( №5 қосымша)
( әрбір тапсырманы белгіленген түспен бояйды)
Жасыл- 5, сары- 4, қызыл – 3.
Сабақты қорыту.
Пайдаланылған әдебиет.
1. Интернет ресурстар.
2. Қазақ тілі 2 сынып. Алматыкітап баспасы 2011 жыл
3. Мұғалімге арналған Нұсқаулық ( үшінші негізгі деңгей)
4 Шығармашылық жұмыстардың жинағы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.