.
.
Әдебиеттік оқу. 1-сабақ Сабақ тақырыбы; Қой.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1868 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақ тақырыбы; Қой.
Сабақ мақсаты; Оқушылар сабақта қой туралы мол мағлұмат алады.
Сабақ көрнекілігі; оқулық,қосымша суреттер,ИТ,стикерлер,бағалау қағаздары.
Сабақ барысы; 1. Ұйымдастыру
(Өлең жолдарымен)
2.Үй тапсырмасын тексеру.
А)Үй тапсырмасын сұрамас бұрын оқушыларды 3 топқа бөлеміз.
Ертегі
Жан-жануарлар туралы ертегілер
Қиял-ғажайып ертегілер
Шыншыл ертегілер
3.Жаңа сабақ
А)Қой,түйе,сиыр,жылқы суреттері көрсетіледі,толдері сұралады.Оларды топтап қалай атау керек екені айтылады.
Ә) М;-«Төрт түлік туралы жырлар» тарауының бірінші тақырыбын бастаймыз. Ол үшін мына жұмбақты тыңдаңыздар.
Жұмбақ; -Еті дәмді,сүті қою –қорғасын,
Өзі момын,өнімі мол болған соң,
Құрметтейді басын тартып қонаққа
Бұл қай түлік ?
Жалған жауап болмасын. (қой)
Б) Күннің жады,сабақ тақырыбы тақтаға жазылады.
В)Мақал мағынасын ашу.(3 топқа 3 мақал беріледі,мақалдардың мағынасы талқыланады.)
1-топ. Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл-көсір.
2-топ. Қойдың сүті қорғасын,
Қойды ұрған оңбасын.
3-топ. Қой өлсе қозы қалады,
Келер жылы өзі болады.
Г) Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқып шығады,әр топтан бір-бір оқушыдан өлеңді мәнерлеп оқып шығады.
Ғ) Қой туралы дайын мәтін таратылып ,инсерт тәсілі бойынша жұмыс жүргізіледі.
Д) постер дайындау.
1-топ; Қойдын жүнінен жасалатын заттар.
2-топ; Қойдын терісінен жасалатын заттар.
3-топ; Қойдын сүтінен әзірленетін тағамдар.
4.Сабақты қорыту.
Сүт-төрт түлік дегеніміз нелер?
Су-Қой атасы қалай аталады?
Емізік-Қой төлі қалай аталады?
Жем-Халық қой сүтін неге теңейді? Неліктен?
Шөп-Қойдың аталығы қалай аталады?
5. Үйге тапсырма.
А) Жырды жаттап алу,
Ә)Жылқы малы туралы мәлімет іздестіріп келу.
6. Бағалау.
А) Оқушылар бір-бірін бағалайды.
Ә) Топтар бір-бірін бағалайды.
Б) Мұғалім оқушыларды бағалайды.
7. Рефлексия.
Балалар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып қалдырады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.