.
.
Сабақ тақырыбы: Зат есім Сабақ тақырыбы: Зат есім
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1464 | Размер: | Автор: Нартай4540Алия Сайфеденовна Шаиева.
№42 «Ақ ниет» гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Мақсаты: Зат есімді сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.Сауатты жазуға дағдыландыру.Тапсырмаларды орныдау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс
істеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тірек сызбалар
Сабақтың барысы:
Бүгінгі сабақтағы мақсатымыз:
1. Үй тапсырмасын тексеру
2. Көркем жазу
3. Шығармашылық жұмыс
4. Жазба жұмыстарын орындау
Жұмбақ
1. Білесіңдер кім? не? сұрағын
Сөйлемдегі ой иесі боламын. (Зат есім)
Өткен сабағымызда сөз таптарының ішіндегі зат есімге тоқталдық.
Зат есім дегеніміз не? (Ассо-ция)
Зат есімнің ережесін кім айтады? (ереже сұрау)
Үй тапсырмасын тексеру. (тапсырманың ішіндегі зат есімдерді табу)
І топ ІІ топ ІІІ топ
Өлең Жұмбақ жазу Мақал-мәтелдер
-Балалар егер тыңдап байқасаңыз өлең, жұмбақ, мақал-мәтелдер қай жыл мезгілдеріне сәйкес келеді?
-Қыс
-Олай болса, қазір сөзжұмбақ шешейік
1) Қазіргі жыл мезгілі?
2) Қыстағы табиғат мезгілі?
3) Қыста балалар қардан не жасайды?
Қыс.Қар.Аққала (оқу, сұрақ қою)
Осы сөздерді көркем жазу
Дәптермен жұмыс
Осы сөздерді үш топқа бөліп беру
І ІІ ІІІ
Қыс Қар Аққала
Сөздерге сөйлем құрастыру
Қыс келді. Далада қар жауып тұр. Балалар қардан аққала жасады
Үш сөйлемнен мәтін құрастырдық
Енді осы мәтінің бөліктерін еске түсірейікші
- Мәтінге алдымен ат қою
- Басы
- Негізгі бөлім
- Соңы
Осы сөйлемдерді оқи отыра қай бөлігі жетіспейді деп ойлайсыңдар
- Соңы
- Осы мәтінді сендер қандай сөйлеммен аяқтар едіңіздер?
Қыс мезгілі өте тамаша!
Диктант (терме диктанты)
Кім? Кімдер? Не? Нелер?
Аға Дәрігерлер Қобыз Ағаштар
Әнші Ұстаздар Үйрек Көбелектер
Жазушы Зергерлер Мұз Аюлар
Ана Балалар Су Кітаптар
(көршілері тексеріп бағалайды)
Қатесіз болса «5»
Бір қате болса «4»
Екі, үш қате болса «3» деген бағалармен бағаланады.
Оқулықпен жұмыс
306-жаттығу
Мал аттары: Ешкі, қой, түйе, жылқы, сиыр
Құс аттары: Тауық, қаз, үйрек, аққу, тырна
Қойшы жылқышы түйеші (мағынасы өзгереді, сұрақтары өзгереді)
1-топ
Берілген сөздерге бір әріп қосып, мағынасын өгертіп басқа зат есім құрастыру
Ұста+з Бал+а Аға+ш Ат+а Қала+м Таға+м Ұл+у
2-топ
Балдырған – сөзіндегі әріптерді пайдаланып бірнеше сөз құрау
Бал Мал Нар Балдыр а
Аға
Баға ұ з с ы
3-топ
Ұзақ л
Асық
Бас м
Бақ
Мұз б қ
Бұлақ
Сым
Сергіту сәтті:
Қысқы аязға қарамай,
Көгеріп тұр қарағай
Сол секілді төзімді
Болсам дейсін өзімді
ІІІ. Толғаныс
Сонымен зат есім туралы тағыда не қосар едіңіздер?
(оқушылардың қорытындысы)
Оқушыларды мадақтау, бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.