Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сабақтың  мақсаты:  Біріккен сөздер -

Сабақтың мақсаты: Біріккен сөздер

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1509 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бірлік ауылындағы №102 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Ізтілеуова Светлана
Сабақтың мақсаты: Біріккен сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға біріккен сөздердің бірнеше түбірлерден
құралып, бірігіп жазылатынын мысалдар арқылы түсіндіру.
Дамытушылығы: ауызша және жазбаша тілдерін дамыту,ой-өрістерін кеңейту,
шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелігі: Сауатты,көркем жазуға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа білімді меңгерту.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,түсіндіру,талдау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық:
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, жылытады. Сиқырлы күн жүрегімізді жылу мен сүйіспеншілікке толтырады.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік , жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым!
Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ.Өткенді пысықтау.




ІІІ.Жаңа сабақ. Ертегі «Айна мен Гүл» ертегісінің қойылымын оқушылар ролдер арқылы көрсетеді.
Мысалдар арқылы түсіндіру.

Айна Жалаңаш
Кер Сексен
Талды Ала
Жар Сасық

- Біздің сыныпта есімдері бірнеше түбірден құралған оқушылар бар ма?
- Ерасыл,Ерзат,Ерхан,Ақжүніс,Жанерке,Ақерке,Наурызхан.
Оқулықпен жұмыс.
33-жаттығу. Сөздерді оқу, көшіріп жазу,түбірлерін ажырату.
Аққу, бұзаубас, Ақмарал, шаңсорғыш ,балмұздақ, егеуқұйрық,жетіқарақшы,шекара.
35- жаттығу. Берілген біріккен сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазу.
Аққұтан, шекара, көкжиек.
Сергіту сәті: Теледидардан бүгін бейсенбі күні «Қазақстан» ұлттық арнасынан көретіндеріңіз:
7.00. «Таңшолпан» таңертеңгілік ақпаратты-сазды бағдарламасы.
9.40. «Тілашар» балалар бағдарламасы.
10.30.Мультфильм «Тасбақа мен саршұнақ».
11.20. «Ақсауыт» әскери-патриоттық бағдарлама
12.50. «Бағдаршам»
13.15. «Көксерек» балалар фильмі
15.30. «Топжарған» интеллектуалды сайыс
16.05.Корей телехикаясы «Ержүрек Ханзада»
17.00. Мультхикая. «Сиқырлы ғаламшар».
18.10. «Телқоңыр» музыкалық бағдарлама .
20.00. «Жаужүрек мың бала» көркем фильмі .
22.00. «Айжұлдыз»
Ауа райы
Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей : Ребус шешу.
Айгүл, Біржан, Алтынай, Үштөбе, Жетісу.
ІІ деңгей: Біріккен сөздерді теріп жазу.
Арба, Тайбурыл ,көкпеңбек, Қызылорда,Қазалы,
Құтжол,балалар,Жандос,Көкшетау,Екібастұз.
ІІІдеңгей: Сәйкестендіру.
Күй тау
Мүйіз тауық
Бір көл
Күрке тұмсық
Ай қазан
Бота сандық
Ит дана
Марқа көз
Ала мұрын

ІҮ.Қорытындылау.

Үйге тапсырма беру. 36-жаттығу.
Оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.