Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сабақтың тақырыбы. Қазақстан халқы. -

Сабақтың тақырыбы. Қазақстан халқы.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2029 | Размер: | Автор: Нартай4540
. «С. Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беру мектебі»КММ








Пән мұғалімі: Биғалиева М.Қ

Сабақтың тақырыбы. Қазақстан халқы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Қазақстан туралы, туған жер туралы түсінік беріп, қазақ
халқына тән қасиаетті белгілерді бейнелейтін азамат ретінде қалыптастыру.
Білімділік мақсат: а) Қазақстан туралы алған білімдерін одан әрі тереңдету, толықтыру,
ойлау қабілетін дамыту, білімге құштарлығын, дүниетанымдық
көзқарасын арттыру.
Дамытушылық мақсат: ә) Оқушылардың өз бетімен, топпен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту,
шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, танымдық
белсенділігін арттыру, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсат: б) Оқушылардың ой еңбегінің мәдениетіне, еліміз бен жерімізге деген бала
бойындағы сүйіспеншілік сезімдерін ояту, Қазақстанның мемлекеттік
рәміздерін құрметтеуге, оны мадақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Шығармашылық ізденк сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: ҚР Мемлекеттік рәміздері, Қазақстан картасы, сызбалар, сөзжұмбақ
(танымдық ойын).
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, бейнелеу өнері, технология, ән.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
Сыныпты үш топқа бөлу.
Үй тапсырмасын сұрақ – жауап арқылы пысықтау..
Қазақстан Республикасы.
І. Ой қозғау стратегиясы – Қазақстан сөзін естігенде қандай нәрсе елестейді немесе қандай сөздер естеріңе түседі?
1. – Біздің туған жеріміз Қазақстан Республикасы дедіңдер, олай болдса туған жер туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?
2. – Н.Ә. Назарбаев кім?
3. – Тұңғыш Президент болып қай жылы сайланды? (1991.16.12)
4. – Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіз ел болды? (16.12.1991.)
5. – Оның жер көлемі қандай? (2717,03000)
6.- Шекарасы неше шақырым? (15 мың км)
7. – Қазақстан қай елдермен шекаралас? ( атын атап, картадан көрсету)
Батыс, Солтүстік – Батыс, солтүстікте Ресей Федерациясы, Оңтүстік – Шығыс шығыста Қытай Халық Республикасы, Оңтүстік және оңтүстік – батыстағы шекараларымыз – Түркменстан, Өзбекстан, Қырғыстан Республикалары.
Мұғалімніңғ кіріспе сөзі: Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге және мақтаныш етуге тиісті қасиетті белгілері бар. Олар – Ту, Елтаңба, Әнұран – біздің әрқашан мақтанышымыз. Оларды қастерлеу – басты парызымыз. Олардың әрқайсысының мәні, тарихы бар.
Еліміздің бір белгісі - қасиетті Ту. Қасиетті көк туымыздың тарихы жөнінде ізденіп, дайындалып келген оқушылар мәлімдейді.(қасиетті ту тарихынан үзінді)
ІІ. Топтастыру стратегиясы.
1 –топ. Ту сөзін естігенде қандай сөздер естеріңе түседі?
ІІ – топ. Елтаңба сөзін естгенде нені көз алдарыңа елестетесіңдер?
ІІ – топ. Мемлекеттік Әнұранды естіген кезде қандай сезімде боласыңдар?

Сергіту.;
-Ендеше, балалар Әнұранды бәріміз қосылып айтып жіберейікші.

ІІІ. Кубизм стратегиясы:
1 – қыры Неліктен Президент елбасшысы деп аталды?
2 – қыры Заң шығарушы орган не деп аталады?
3 – қыры Үкімет қандай жұмыстар атқарады? Оны кім басқарады?
4 – қыры Орта білім беретін мектептер қандай министрлікке қарайды?
5 – қыры Мемлекеттік тіл деген не?
6 – қыры Республика Президенті неліктен Жоғарғы Бас Қолбасшы деп аталды?

ІҮ. Жаңа тақырып: Қазақстан халқы.
Республиканың байырғы тұрғындары – қазақтар. 2005 жылғы есеп бойынша Қазақстан халқының саны 16 млн жетті. (Біздің Семей өңірінің Аягөз ауданының Бозай ауылындағы Өскенбаевтар отбасында дүние келген егіздер туралы айту)
Қазақтар түркі тілдес халықтар тобына жатады.
1998 жылы қазақ халқының Жер шарындағы жалпы саны 12 млн адамнан асты. Сөйтіп, ол дүние жүзіндегі түркі тілдес халықтардың ішінде соңы жаңынан 4 – ші орынға ие болды.
Қазақтардың барлығы өз Отанында тұрмайды. Қазақстан жеріндегі қазақтар 8 млн. астам. Бұл Республика халқының 56 %.Мұнан басқа қазақтар Ресейдің, Қытайдың, Өзбекстанның іргелес аудандарында өздерінің ата – бабалары қоныстанған жерлерде тұрады. Алыс шет елдердің, Моңғолияда, Түркияда, аздаған мөлшерде Иранда, Ауғанстанда қоныстанған. Алыс шет елдердегі Отандастарымыздың саны 4 млн астам.
Қазіргі кезде шет елдердегі қазақтардың ұрпақтары өз Отанына қайтіп оралуда.
1992 жылы қазан айында Алматыда бүкіл дүние жүзі қазақтарының Құрылтайы жиыналысы болып өтті. Құрылтай қонақтарының қатарында белгілі мемлекет және дін қайраткерлері, ғалымдар, кәсіпкерлер болды. Бүкіл жер шарына бытырап кеткен қазақтардың басын қосуда оларды ауыз бірлікке шақыруда маңызды орын алды.
Ал 2002 жылы Түркістан қаласында өткен 2 – ші құрылтайына дүние жүзінің 40 – тан астам елдердің өкілдері қатысты.
Қазақтардан кейін сан жағынан халқы орыстар. Олар бүкіл халықтың 28 % -ын құрайды.
Басқа ұлттардан украиндар, немістер, ұйғырдлар, татарлар, өзбектер, т.б.бар. Біздің мемлекетіміз сан жағынан шағын халықтардың жан – жақты өркендеуіне жағдай жасап отырады.
Дәптермен жұмыс.
Тереңдетілген шығармашылық тапсырма:
Қазақтардың таралу сызбасын жасату.
Үш бөлігін көк бояумен, 1 бөлігін сары бояумен бояту, үш бөліктің үстіне сегіз млн, бір бөліктің үстіне 4 млн, деп жазғызу.
Дәптерге түркі тілдес халық деген сөздерді жаздыру.
Ү. Қорытынды: Танымдық ойын: Сөзжұмбақ шешкізу. «Қазақстан»
1. Қазақстанның қай облысын еліміздің басты қоймасы деп атайды? (ШҚО)
2. Елтаңбасына алма бейнелеген қала? (Алматы)
3. Қостанай облысындағы реликтілі қарағай тоғайлары қорғауға алынған қорық? (Наурызым)
4. Қазақстандағы шахтерлер астанасы? (Қарағанды)
5. Қазақстандағы батыс бөлігі тұщы , ал шығысындағы бөлігі тұзды көл қалай аталады? (Балқаш)
6. Қазақстандағы ең ұзын өзен қалай аталады? (Ертіс)
7. Астана символына айналған ертегі гүліндей сәнді мұнара қалай аталады? (Бәйтерек)
8. Дала символы саналатын, исі Отан исіне баланатын шөп? (жусан)
9. Қазақстанның ең биік нүктесі? (Хан – тәңірі шыңы 6995м)
Кітаппен жұмыс.
І – топ. 1. Біздің елімізде қандай ұлт өкілдері қоныстанған?
ІІ – топ. 2 Республикадағы бүкіл халықтың санына шаққанда қазақтар мен орыстардың үлесі қандай?
ІІІ – топ 3. Қазақтар Республика жерінен тыс қай елдерде қоныстанған.

Туған жер жайлы өз ойларын айтқызу.
І – топ. 1. Сергиопольдің климаты мен ішкі сулары.
ІІ – топ. 2. Сергиопольдің топырағы мен өсімдігі.
ІІІ – топ.3. Жануарлары мен құстары.
Автор орындығы.
Эссе.
Менің туған ауылым..
Бағалау. Үйге тапмырма: Қазақстан халқы.
Сергиопольдің картасын жасау.
ән: Қазақстан
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.