.
.
Мұғалімі: Өксікбай Гүлбақыт Тұрмағанбетқызы Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2799 | Размер: | Автор: Нартай4540Ақтөбе қаласы, №2Жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы
Пәні: Математика
Класы: 2 «Ә» класы
Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы.
Сабақтың мақсаты:
а) Математика сабағында оқушылардың логикалық ой-өрістерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
ә) Жаңа тақырыптың мазмұнын ашу, білімдерін кеңейту, білімдерін тыянақтау.
б) Шапшаңдыққа, тазалыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ міндеттері: Оқушыларға білімділік пен біліктілікті ұштастыра білуін үйрету. Пәнге, тақырыпқа қызығушылықтарын, белсенділіктерін қалыптастыру. Адамгершілік, еңбек тәрбиелерін қалыптастыру.
Сабақ типі: Білімді бекіту.
Сабақ әдісі: Ауызша, жазбаша.
Сабақтың түрі: бақылау
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Үй тапсырмасына шолу жасау.
3. Өткен сабақты пысықтауға берілген есептерді шығара отырып, білімдерін кеңейту.
Теңдіктер құрастыру, есептепді шығар, сызбаны орында, салыстыр сурет және өрнектер бойынша есептер құрастыр, теңдеуді шеш сияқты есептерді орындату. Бестік бағаға үлгеріп, аяқтаған балалар №1 жұмыс дәптерінен қосымша есептер шығарады.
4.Дәптермен жұмыс.
№2 бақылау жұмысы
(Кестелік қосу және азайту, есептер шығару)
1. Есепте.
7+5= 14-7= 5+9= 11-8=
8+3= 18-9= 6+8= 12-5=
2. Есепті шығар.
Себеттен 8 алма алынғанда, онда тағы 9 алма қалды. Бастапқыда себетте неше алма болған?
3. Есепті шығар.
Дәулеттің 14 медалі болды. Ол оның бірнешеуін інісіне сыйлағанда, өзінде 6 медаль қалды. Дәулет інісіне неше медаль сыйлады?
4. Өрнекті жазып, оның мәнін тап.
8-бен 4-тің қосындысынан 10-ды азайт.
12-мен 6 сандарының айырмасына 4-ті қос.
5. Ұзындығы 8 см АВ кесіндісін, одан 4 см қысқа КМ кесіндісін сыз.
Математикадағы ережеге сүйене отырып, есептетуге дағдыландыру.
5.Сабақты бекіту. Өтілген сабақпен байланыс жасай отырып, сабақты бекіту ұсынылады.
Өлшем бірліктерінің атауларын атайықшы, кәне?
Мәтін есептерден мысал келтіру арқылы да, сұрақ-жауап әдісін қолдана отырып, бекітуге болады.
6. Қорытындылау. Үйге тапсырма. Қайталауға арналған есептер шығарып дағдылану. Сонымен бірге өз-өзін бағалай білу үшін өз қателерін табуға, қатемен жұмыс жасауды үйден ата-ананың көмегімен орындап дағдылауға да болады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.