.
.
Домаева Гульзина Әбдікерімқызы Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1591 | Размер: | Автор: Нартай4540№61 негізгі орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Сандар қатарын, санның құрамын, сандарды және ұзындықтарды салыстыру, қосу және азайту амалдарының мағынасы туралы оқушылардың білім, білік дағдыларын қайталау, тиянақтау, қалыптасу деңгейін анықтау.
2. Дамыту: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: Тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.
Корнекілігі: Цифрлар, карточкалар, дидактикалық материалдар, геометриялық фигуралар, математикалық жұмбақтар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Тура, кері санау.
Тура санағанда сандар артады. Кері санағанда сандар кемиді.
III. 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарының құрамын қайталау.
IV. Сергіту сәті.
V. Геометриялық фигураларды еске түсіріп, қайталау.
Түзу сызықтар.
Қисық сызықтар.
Нүктелер.
Сәулелер.
Бұрыштар.
Кесінділер.
Түзу, сәуле өлшенбейді.
Кесінділер ұзындығын өлшей аламыз. Өлшем бірліктерін атаймыз: см, дм. 10 см = 1 дм.
Екі торкөз 1 см.
VI. Математикалық жұмбақтар шешу.
1. Бір аяк,
Тұр аяп. (Саңырауқулақ)
1. Алты аяқты,
Төрт қанатты
Аң да емес,
Құс та емес,
Бір елес. (Маса)
2. Төрт аяғым болғанмен,
Жүре алмаймын өзімше. (Үстел)
3. Апалы-сінлі келеді,
Біріне-бірі ереді. (Екі аяқ)
5. Екі ана,
Екі анада-он бала.
Есімі біреу бәрінің. (Саусақтар)
VII. Математикалық жұмбақ есептер.
5 алманың үшеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы, сонда нешеуі
Өз қолында қалады. (2)
1. Маратта бар бес іні,
Мұратта бар екі іні.
Қоссақ, бес пен екіні,
Неше болады шешуі? (7)
Алма ағашта бес алма,
Қандай тәтті, жесе алма
Бесеуінде жеп қойсам,
Қалады онда неше алма? (0)
2. Табақта 5 өрік,
Қолымда 4 өрік.
Қосқанда барлығын
Болады неше өрік? (9)
VIII. "Көршісін ата" ойын. Өрнектерді салыстыру.
8-5 * 7-4
2+4 * 4-2
8-4 * 0+3
0+3 * 8-4
IX. Санамақ.
Қорытынды. 10 санынын құрамын айт.
X. Оқушыларды мадақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.