Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер -

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1353 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Макуова Нуршат Аманкосовна
Ақтөбе облысы
Ақтөбе қаласы
«Сымбат» жеке мектебі
Ісанатты мұғалім

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер
Сабақтың мақсаты: Біріккен сөздер туралы мағлұмат беру.
Білімділігі: Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтауға,сауатты жазуға,тапсырмаларды орындау арқылы оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға,дербес жұмыс істеуге,алған білімдерін кеңейтуге үйрету.
Дамытушылығы:Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін және ынтасын арттырып,тілін ұстарту арқылы білім сапасын арттыру.
Тәрбиелілігі:Оқушыларды ұйымшылдыққа,шапшаңдыққа,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын түрлері,қайталау,сын тұрғысынан ойлау.
Көрнекілігі: суреттер,ережелер,тірек схемалар,ребус.
Түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2.Қажетті құралдарын түгендеу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру,сұрау,бағалау.
1.жаттығу жұмыстарын тексеру.
2.өтілген материалды пысықтау.



ІІІ.Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту.
Жаңа сабақ тақырыбы «Ребус» арқылы табу,шешу.
Бір+ішік+кен+с+көз+дер=Біріккен сөздер.
Тасбақа=тас+бақа,Ақбөкен=ақ-бөкен,Түйеқұс=түйе+құс.

Тақтадағы сөздердің мағынасын сұрау арқылы,ережені оқушылардың өздеріне шығарту.

226-жаттығу.
Сөздерді оқы,сөз құрамына талдап,неше түбірден құрылғанын айту.
Сөздер тақтаға ілінеді.Оқушыларға бір-бірлеп оқыту арқылы жаттығу жұмысы ауызша өткізіледі.

Айна/бұлақ,Бота/гөз,ит/мұрын,Талды/қорған.
Ала/көл,Ес/дәулет,қос/аяқ,ақ/бөкен.

227-жаттығу.
Сөйлемдерді оқып,біріккен сөздерді тап.
Үлгі:Қос+құдық....Қара+жол,Ақ-теңіз,көк-жиек,Ай-дос,ақ-қу,Бір-жан,әлде-қалай.(әлдеқалай бұл да біріккен сөз.Жоғары сыныптарда тереңірек мағлұмат аласыздар)
Аққу туралы мағлұмат беріледі.(оқушылардан білетіндері сұралады)
Аққу-әдемі,киелі,сұңқылдаған сұлу үнді құс.Оны атуға болмайды.

228-жаттығу.
Өлеңді әдемі,сауатты,көркем жазу.Біріккен сөздерді тауып астын сызу.
балықтар
Ақ маңдай Алатаудың асқарынан,
Түрленген Тарбағатай тастарынан,
Дәрі үшін даярлайды шипа шөпті
Бурабай,Баянауыл бастарынан.

ІҮ.Сергіту сәті.
«Сен-маға,мен-саға!»ойыны.

229-жаттығу.
Тақтамен жұмыс.Мәтіндегі аң,құс,жәндік,балық аттарын теріп жазу.
Бірікке сөзді жазып,түбірлерін ажырату.

Қара/құйрық Тау/ешкі Көк/серке Көп/қанат

Қар/сақ Ақ/бөке Мүйіз/тұмсық Есек/тұмсық

Сары/шұнақ Тас/бақа

230-жаттығу.
Сөздік диктант
Оқушылардың қатесіз,жатқа жазуға дағдыландыру.
Көкжиек,бұзаубас,ақсақал,алтыбақан,Жетіқарақшы.

Ү.Қорытындылау.
«Кім шапшаң?»ойыны.
Әр қатарға бірдей тапсырма беріледі.
І-қатар:Адам аттары.
ІІ-қатар:Жер-су аттары.
ІІІ-қатар:Аң-құс аттары.
Оқушылар екі түбірден келетін,яғни біріккен сөздерді жазады.Қай қатар бұрын болса,сол қатардан тапсырмалары оқытылып,бірікке сөздердің мағынасы түсіндіріледі.

Терме диктант.
Оқушыларға мәтіннен үзінді оқылады.Осы мәтінде қанша біріккен сөз болса,балалар сол санды алдарындағы белгілерімен көрсетеді.Бір оқушыдан сұралады.

Дәулеткерей
Қазақ музыка тарихында Дәулеткерейдің аты күйшілік өнерімен елге кең тараған.Құрманғазы,Тәттімбет,Ықылас аттарымен қатар аталады.

Ережені барлығы бірігіп айтады.(хормен)

ҮІ .Үйге тапсырма:
231-жаттығу.
1. Сөйлемдерді оқып,біріккен сөздерді тауып көшіріп жазу.
2. Ә.Қастеевке бес жолды өлең құрастырып жазу.

Ә.Қастеев туралы түсінік беріледі.Ол кісі атақты суретші.Амангелдінің суретін аса үлкен шеберлікпен,аудырмай салып,туыстарын таң-қалдырған.Юнеско шеңберінде 100 жылдық мерейтойы атап өтілді.


ҮІІ. Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.