.
.
Қайрғалиева Саулемай Уресовна Сабақтың тақырыбы: Етістік.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1382 | Размер: | Автор: Нартай4540М.Әуезов атындағы №2 ЖОББМ
Ақжайық ауданы
Батыс Қазақстан облысы
Сабақтың тақырыбы: Етістік.
А) Білімділік: Етістік туралы берілген білімді еске түсіру, ол заттың әр алуан іс- әрекетін, қимыл процесін білдіретін сөз табы екендігі, сұрақтарын, етістіктің зат есімнен байланысы жөнінде берілген түсініктерді кеңейтуге жаттықтыру.
Ә) Дамытушылық: Жаңа технологияларды басшылыққа ала отырып, сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын дамыту.
Б) Тәрбиелік: Әдептілікке, мейірімділікке, татулыққа, жылдам ойлауға, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабактын түрі: Жана сабакты менгеру
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік және семантикалық карта бойынша жұмыс
Көрнекіліктер: Сызбалар, суреттер, қима- қағаздар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.Оқушылардың зейінін аудару, 3 топқа бөлу
-Балалар, сабақты жаңашыл педагог Шерхан Әленовтың тәлім сәтімен бастайық :
Әрбір адам? Туыс , дос , жұрағат .
Әрбір сабақ? Үйрену , ұғу , ұлағат .
Әрбір ісің? Тірлік , тірек , адамдық .
Әрбір сөзің? Шындық , бірлік , адалдық .
-Олай болса балалар , бүгінгі сабағымызда әрбір ісімізге мұқият болайық. Сәттілік тілеймін!
(Математикалық фигуралар арқылы топқа бөлу)
1.топ – «Болашақ»
Топтың ұраны: «Болашақ бізден басталады»
2.топ – «Шығармашылық»
Топтың ұраны: «Іздеген жетер мұратқа »
3.топ – «Ұландар»
Топтың ұраны: «Біз келешекке талмай қанат қағатындар»
Тату-тәтті достармыз біз ,
Ынталы да талапты.
Көп білуге құштармыз біз ,
Жақсы оқимыз сабақты .
-Олай болса жақсы оқитын балалар үй тапсырмасына қалай әзірленді екен ?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, өткенді қайталау.
«Бәйге» ойыны бойынша сұрақтарға жауап алу – ауызша.
1. Сол жақтағы – 20. Зат есім дегеніміз не?
2.Ортадағы – 50. Зат есім түрлерін ата.
3.Оң жақтағы – 10. Кітап сөзін жекеше түрде тәуелде.
4.Сол жақтағы – 30. Сөз таптарын айтып бер.
5.Оң жақтағы – 30. Жалқы есімге мысал айт.
6.Сол жақтағы – 10. Алма сөзін көпше түрде тәуелде.
7.Ортадағы – 40. Негізгі зат есімнен туынды зат есім жаса.
8.Оң жақтағы – 20. Мақалдың жалғасын тап.
• (Білекті ______,
• Білімді______)
9 Ортадағы – 60. Мақалдың жалғасын тап.
(Кітапсыз ____ ____,
Білімсіз ____ ____)
III.Жаңасабақ.
1. Ойын: Үнқатпа !
Әрбір топтан бір-бір оқушы шығып, үнқатпай тек қимылмен ғана көрсетеді.
Келесі топтағы оқушы тақтаға әрқимылды сөзбен жазып шығады.
Отырды, жүрді, секірді ,тұрды , айналды, биледі.
- Тақтадағы сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
- Бұл сұрақтар қай сөз табының сұрақтары ?
- Етістік.Етістіктің ережесін еске түсіру
2. Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Болашақ тобына. Өлеңді көшіріп жазу, етістіктердің астын сызу. Дәрігер мамандығы туралы әңгімелеу;
5-жаттығу. «Шығармашыл» тобына
Көп нүктенің орнына етістіктерді қойып жаз. Ұстаздарға арнап жазылған қандай өлеңді білесің?
3-жаттығу. «Ұландар» тобына:
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, етістіктердің астын сызу;
Шығармашылық тапсырма.
Әр топқа жеке жұмыс беру. «Ұйқасын тап»
1. Жеймін деп көп қауынды ,
Менің ішім ...... .( ауырды )
Арба сықырлап жүрді ,
....... арсылдап үрді. (Ит.)
Сүрініп кетіп құлады.
Аяғым деп ....... . (жылады.)
2. Жарға шығып ....... , (ойнады )
Ойынға бір тоймады ,
Болсадағы сақалы ,
Секендеуді ........... . (қоймайды )
3. ........ мініп судан өтті , (қайық )
Жүре-жүре тауға ....... , (жетті )
Биік таудан тікұшақпен ,
Көп қиналмай асып ....... . (кетті )
«Сөз ойла, тез ойла»
Әр көшбасшысы әріп суырып, сол әріптен басталатын етістік сөздерді топ болып ойлап, жазу;
V Сабақты қорытындылау.
Сематикалық картамен жұмыс:
№ Негізгі зат есім Жалқы есім Туынды зат
есім Көпше түрдегі
зат есім Етістік Күрделі
етістік
1 Сауыншы
2 Балқаш
3 Келе жатыр
4 Дүкен
5 Кітаптар
6 Ойнады
7 Ақтөс
8 Бүркітші
9 Алма
10 Жылады
Сабақты қорытындылау:
Не істеді? дара
Қайтті?күрделі
Не қылды?Болымсыз
Болымды
Үйге тапсырма:Ереже жаттау, 4-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.