Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сабақтың тақырыбы:  Етістік. -

Сабақтың тақырыбы: Етістік.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1515 | Размер: | Автор: Нартай4540
. ОҚО.Қазығұрт ауаны,Қызылқия ауылы.
"Комсомол" жалпы орта мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі Сауле Бейсебаева.

Сабақтың тақырыбы: Етістік.

Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушылардың етістік туралы берілген ұғымды кеңейту.Сөйлем ішінен етістікті табуды,оның басқа сөзбен байланысын анықтауды,сұрақ қоюды үйрету.

Дамытушылығы: сөз таптарын ажырата білуге,оқушылардың шығармашылық қабілеттерін,тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелілігі: оқушылардың адамгершілік сезімдерін ояту, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,суреттер, бүктемелер,

Сабақты өту әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын элементтері,шығармашылық әдіс.

Пәнаралық байланыс: математика,ана тілі,дүниетану,музыка.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
а)Ән ұран айту.

Ісін жырлап ізгінің,
Жіберейін тізгінін,
Елбасымыз тұрғанда
Бақыттымыз біз бүгін,-

Осыдан,бір ай бұрын 17-қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев,,Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ,,атты,Халыққа жолдауында «Қазақстан 2050 Мәңгілік елге» жету мақсатын алға қойды. Біз сол мақсатқа жету үшін, білімді азамат болып жетілуіміз керек.

ә)Психологиялық дайындық: Бүгінгі сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр.Осы қонақтарымыздың жәнеөзіміздіңкөңілдерімізді көтеру үшін,бір-бірімізге қарап,сәттілік тілейік.
Ақ ниетті тілекпен,
Ақ көңілді жүрекпен,
Амандасып алайық
Қонақтарды ізетпен.

-Ал,балалар,осы жақсы көңіл күйімізбен сабағымызды жалғастырайық.

2.Үй тапсырмасын тексеру.
Бүгінгі,сабағымызды ,,Шашу,,ойыны арқылы еске түсірейік.
Бұл ойыннан бір-бірімізге деген - сыйластық,кеңпейілділік , достықты көре аламыз.

-1. Сөз таптарды қанша және біз нешеуін білеміз?

-2. Зат есім дегеніміз не?

-3. Зат сеім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?

-4. Атауына қарай зат есім нешеге бөлінеді?

-5. Зат есімнің тәуелденуі дегеніміз не?

-6. ,,Халқым, сөзін тәуелдеп бер.

-7. Дыбыс дегеніміз не?

-8. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-9. Туынды зат есімге мысал келтір?

-10. Жалпы есімдерді ата?

Бәрімізге ортақ ,,Сандар сөйлейді,, ойынын ойнайық.
-Балалар,осы аталып жатқан ,сөздер,сөйлемдер,дыбыстардан,әріптерден
құралып отыратындықтан сандарды сөйлетіп көрейік.

-Ал, балалар, бір сәт бәріміз ,,Қызыл өрік,, әнінен қимыл-қозғалыс жасап сергіп алайық.

3.Жаңа сабақ.
Бұл ,сергіту сәтінен қандай қимылдар жасадық және көрдік.
Жасаған қимылдарымызды атайық: биледі,жүрді,сермеді,көтерді.
Ия, балалар,заттың қандай қимылдарын,іс-әрекеттерін байқадық.Міне,біз осы заттың іс-әрекетін,қимылын білдіретін сөз табының бірі етістікпен танысамыз. Етістіктің қандай сұрақтарға жауап беретінін де біліп алайық.

Балалар не істеді? (биледі)
Аяқтарын қайтті? (сермеді)
Қолдарын не қылды? (көтерді)

Бүгінгі,сендермен танысатын жаңа сабағымыздың тақырыбы ,,Етістік,, деп аталады.
Енді, мына үлгі бойынша сұрақтарымен танысайық.

биледі не істеді?

ойнады қайтті?

оқыды не қылды?

Етістіктің түрлерімен танысайық.Олар тұлғасына,құрамына,іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына және мағынасына қарай бірнеше топқа бөлінеді .

-

Міне балалар,біз етістікпен кеңінен таныстық.
4. Дәптермен жұмыс:
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық
Түп-түзу,боп отырып,
Көркем етіп жазайық.

Көркем жазу үлгісіне.
Ее.... . Ермек балықтарға жем шашты.
5. Оқулықпен жұмыс.
1.Суретке қарап,ауызша жаттығуды орындау.
2.Әңгімеге ат қойып,сұрақтармен тапсырманы орындады.
2-жаттығуға қарап ,түсініп алайық.ондағы іс-қимылды білдіретін сөздерді тауып,көшіріп, сұрақ қойып өз бетінше орындау.

Ал, балалар 3-жаттығуда сөз таптарының айырмашылығын,ұқсастығын ,,Венн диаграмма,, көмегімен орындау.

Зат есім Етістік

5- жаттығуды суреттердің көмегімен ондағы заттардың төлдерін қасына жазу арқылы не үйренгендеріңді тексер.
Бие ---------. Қой -----------.
Сиыр -------. Ешкі-----------.
Ит------------. Мысық-----------.

6-жаттығу.,,Сәйкестендіру тест,, арқылы жануарлардың дыбысталуын сызба арқылы орындау.

Бие мөңірейді
Түйе бақырады
Қой үреді
Сиыр боздайды
Ешкі мияулайды
Ит кісінейді
Тауық маңырайды
Мысық ақырады
Шошқа қыт-қыттайды
Есек қорсылдайды

Етістікті тауып. сұрақ қою .



6.Шығармашылық жұмыс: Бес жолдық өлең құрастыру.

------------ ------------ баламын,
-------------- ------------- аламын,
------------- ------------- саламын.
-------------- ----------- барамын,
-------------- ------------ қаламын.

7.Сабақты бекіту: «Топтастыру» стратегиясы.



«Кім жылдам?» ойыны арқылы сабақтан алған білімдерін бекіту және жеңген балаға ертегі кітаптар тарату.

Болымды,болымсыз Негізгі,туынды

Түрлері Дара,күрделі

Сұрақтары Не істеді?,қайтті? не қылды?

8.Сабақты қорыту: «Инсерт» тапсырмасы бойынша өзіңді тексер.
Өлең оқып,сызба сыздық,
Дәптерге жазу түсірдік.
Сонымен біз сабақта,
Нені талдап,нені түсіндік?

-Қане ,балалар,сабақтан нені оқып,нені үйрендік? Мына инсерт бойынша өзіңді тексеріп көр.
-Етістікті қайталап шығу
8.Үйге тапсырма:
4- жаттығу. Сөйлем құрап келу. 9.Мадақтап,бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.