Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сабақтың тақырыбы: Етістік -

Сабақтың тақырыбы: Етістік

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1852 | Размер: | Автор: Нартай4540
. №3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебі

Ашық сабақ:


/ қайталау сабағы/


Бастауыш сынып мұғалімі Ильясова Ақтоты Даулетқалиқызы

2011-2012

Сабақтың тақырыбы: Етістік
I слайд
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
• Етістік сөз табы туралы білім беру,етістіктің қолданыстағы маңызын,қызметін аша түсетін жаттығулар арқылы оның күрделі,ауқымы кең сөз табы екендігіне көз жеткізу,етістікті басқа сөз табымен байланыстыруға үйрету.
Дамытушылығы:
• Сөз таптарын ажырата білуге ,сөйлемнің мәнін түсініп, мағынасын аша білуге үйрету, оқушылардың ойлау қабілеттерін ,тілін дамыту.Логикалық ойлау сезімін ояту.Есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі:
• Каллиграфияны сақтау, кішіпейілділікке, адамгершілікке , мәнерлі сөйлеуге, қырағылыққа тәрбиелеу .
Сабақтың түрі , әдісі: Жарыс сабақ, ойын ашық айту, түсіндірмелі, сұрақ- жауап, мақтау- мадақтау.
Пәнаралық байланыс:дүниетану,математика,
музыка, әдебиеттік оқу.
Интерактивті тақта:
Жабдықтау және көрнекілік.

Сабақтың барысы:I Ұйымдастыру бөлімі
II слайд
Поэзия минуты:
Қазақ тілім- өз тілім , ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім!
-Міне , балалар кемеңгер ғұлама ақындарымыздың тілі, біздің тіліміз- қазақ тілі сабағы
II Өткенді қайталау
III слайд
* Жұрнақ пен жалғау туралы не білесің?
* Зат есім дегеніміз не, неше түрге бөлінеді?
* Негізгі зат есім дегеніміз не?мысал келтір
* Туынды зат есім дегеніміз не?мысал келтір
* Туынды зат есімге не жалғанады?
* Тәуелдік жалғау туралы не білеміз?бір сөзді тәуелде.
* Іні, қалам,дәптер сөздерін жекеше, көпше түрге тәуелде
Етістік дегеніміз не?Сұрақтары, мысал.
I II Суретпен жұмыс
IV слайд
а/(Суретке ат қойып, әңгіме құрастыру, етістікті табу)
Қыс мезгілі Табиғат суреті
ә/Үйге берілген тапсырма сұралады, етістікті табу


IV Дәптермен жұмыс
V слайд
а/ күннің жадысы
ә/ сынып жұмысы
б/ тақырыбы
в/ минуттық көркем жазу.
П п П п П п П п П п П п П п П п П п П п П п П п П
VI слайд
1- жаттығу. Дара және күрделі етсітіктерді табу:
Балбұлақтар ағады.
Баурайынан таулардың
Балбұлақтар ағады.
Балбұлақтан қанғанның
Бойы сергіп қалады.
Е.Ерботин.
VII слайд

2 -жаттығу. Дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып, сөйлемдерді көшіріп жазу. Қай сөзбен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсету:

Әжем маған жылы шұлық тоқыды /тоқып берді/. Нұрым мен Сырым құстарға үйшік жасады / жасап отыр/. Жиналыс басталды ма?/ басталып кетті ме?/. Жездем қуанды ма?/қуанып жүр ме?/
Балалар мұзайдында коньки тепті/ теуіп жүр/.
Тиін қарағайдың бүрімен қоректенеді/ қоректеніп жүр/.Солтүстіктен суық жел соқты/ соғып тұр/.
Солтүстік Мұзайдын

VIII слайд
3-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа айту.
«Серперді » шертермен
Шерте үйрендім.
Шертермен «Серперді»
Ерте үйрендім.
Е.Ерботин
«Серпер»,шертер деген не?
IX слайд «Серпер» - Құрманғазының күйі.
X слайд «Шертер» -қазақтың,ертедегі түріктің аспабы,домбыраға қарағанда кішірек , оның даусы қатты шығатын болған.шертер екі, үш ішекті, ал ішектерін аттын жалынан жасаған.Қазіргі кезде шертер аспабын қолданбайды.
ХI слайд Сергіту сәті
Құрманғазының күйі «Серпер»

ХII слайд
4- жаттығу. Дара етістіктерді бір бөлек, күрделі етістіктерді бір бөлек көшіріп жазу, кез-келген 2 күрделі етістікті қатыстырып сөйлем құрастыр.

Жайнады Бақылап тұр
Жалғады тартып отыр
Шашты оқып отыр
Ұшты қонып жатыр
Секектеді билеп жүр
Тегістеді шауып барады

ХIII слайд
V Дидактикалық ойын :«Кім алғыр?»
Күн,сәбіз,ай, саяхат,қала, дала,ауыл,ата, оқушы, шебер, дәптер,кемпірқосақ, кесе, алма, мектеп, республика, ағаш, гүл, терезе, қалам, тақта, бала, ат, жұлдыз,арба / 25сөз/

XIV слайд
YI «Мақал қуаласпақ» ойыны, етістікті табу

1 Көз жетпегенге сөз жетеді.
2 Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.
3 Мақтаншақтық өтірік айтқызады,
Өтірік көңілді қайтқызады.

XV слайд
VII Шығармашылық жұмыс
• Бұлбұл бақылдайды
• Сиыр сайрайды
• Аққу мөңірейді
• Бақа қарқылдайды
• Тырна сұңқылдайды
• Түйе қаңқылдайды
• Қаз боздайды
• Қарға тыраулайды

XVI слайд
VIII Тиым сөздер білесің бе?
Етістіктерді сұрақ кою арқылы табу

X VII слайд
I Х Сабақты бекіту: Етістік туралы не білеміз?
* Білемін
* Білдім
* Білгім келеді

X VIII слайд
Х «Жүректен жүрекке» Бағалау.Мадақтау
Әр қатар өз тобын бағалайды.

X IX слайд ХI Үйге тапсырма: 5- жаттығу
5 мақал /етістік/
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.