.
.
Дайындаған: Мырзабаева Аяужан Нурланқызы Сабақтың тақырыбы: Әліппе – білім бастауы
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1349 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы: Әліппе – білім бастауы
Сабақтың мақсаты:
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту.Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру,
Оқушылардың ата-ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу
Көрнекілік: Әліппе, Ана тілі, Математика макеттері, нақыл сөздер, шарлар, әріптер таңбалары мен цифрлар т.б., слайд
Музыка ойнап тұрады. Сахнаға хан мен оның кішкене қызы шығады.
Уа, халайық! Армысың,
Ағайын туған, бармысың
Жарлығымды тыңдаңдар,
Босқа қарап қалмаңдар
Мен сендерге сенемін
Қызымды мектепке апарғанға
Ат басындай алтын беремін
Қызы: Жоқ, әке
Бұл не дегенің?
Оқымай-ақ мен бәрін білемін
Сабақ, оқу, әріп, жазу
Дәптер, кітап – ол не керек?
Ол не беред?
Мен сұлумын, ханшамын
Тәтті қыздың бірімін
Оқуыңа өзің бар,
Керек емес білімің
Тазша бала: Уа, тақсыр, армысыз,
Ханшайымда бармысыз,
Жақсы хабарым бар, 1 «б» сыныптың оқушылары, Әліппемен қоштасу тойын тойлап жатыр, соны көріп ханшаның пікірі өзгерер, қонаққа барып көрелік.
Хан: Ойбай, қызыма көмегі тисе, жүр, түс алға!
Ханша: барсақ, баралық, көрсек, көрелік!
Мұғалім:
1-жүргізуші
Алишер: Ассалаумағалейкум, уа халайық!
Н.Наргиз: Армысыздар, ардақты әкелер мен аруана аналар.
Алтын: Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына
Енді қайық саламыз.
Нұрдәулет:
Расул:
Аманбол:
Гүлжан: Ұлдар, ұлдар тоқтаңдар! Құр мақтан сөзбен ешкімді сендіре алмаймыз. Одан да мына қонақтарға өз өнерімізді көрсетуге асығайық.
БІЗ КІМБІЗ
Қазақстан өлеңін айту
Алихан: Қарсы ал ерте күн көзін
Төсегіңді жина өзің
Асықпай іш тамақты жалама ыдыс-аяқты
Айым: Қ Астанам, ұлы, Астанам
Ұлылыққа бастаған!
Мақтан тұтар өзіңді,
Кіп-кішкентай жас балаң
Бақытжан: «З» Зау-зау заңғар заңғарлар,
Замандар бар, заңдар бар
З-да барлық заңдылық
Заңда з мен заң болар!
Елдана: «А»: Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!
МАДИНА «Қ»: Қарағанды көмірі
Қостанайдың егіні.
Даласындай жомарт қой
Қазағымның көңілі.
З.Наргиз: «С»: Жағасында Ертістің
Семей деген қалам бар
Туған мұнда атақты
Абай, Мұхтар, бабалар
Келбет: «Т»: Жарақты жаумен жұлқысқан
Қылышты жаумен қырқысқан
Ең ежелгі астана
Қасиетті Түркістан!
Жібек «А»: Піскен алма топ-топ түсті,
Топ-топ түсті, көптен түсті
Еркежан: «Н»: Ас біткеннің анасы
Қасиетті нан осы
М: Осы әріптердің барлығын қосқанда қандай әріп шығады екен?
ҚАЗАҚСТАН
Қазақстан сөзін естігенде көз алдарыңа не елестейді?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады?
Ендеше, сендер Қазақстан деген ұлы мемлекеттің бақытты балдырғандарысыңдар. Ендеше туған елімізге арнап «Отан» әнін шырқайық.
«Отан» хор
БИ ҚАЗАҚ БИІ
Мұғалім:
Айтыңдаршы,
Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Оқушылар: Ол –әліппе.
Мұғалім: Ендеше, бүгінгі кешіміздің басты қонағы әліппені ортаға шықырайық.
(Музыка қосылып, балалар әліппені тосады)
Мұғалім: Әліппе неге кешікті екен?
Осы кезде электронды почтаға хат келіп түседі.
М: Балалар, жолда досын ертіп келе жатқан әліппені ҚЫС ХАНШАЙЫМЫ ұстап алыпты. Оның бізге мынадай талабы бар екен.
1-тапсырма математика пәнінен екен. Кәне тезірек шешіп жіберейік.
Ана сөзі шығады.
2-тапсыпма. Дүниетану пәнінен болады. «Бұлт»ойыны
№1 Неше жыл мезгілі бар?
№2 Табиғат нешеге бөлінеді?
№3 «Ретін тап» ойыны
№4 «Артығын тап» ойыны
АЛДАР КӨСЕ КӨРІНІС
Күн көзі шығады. Күннің қасында «тілі» сөзі тұр.
М: Қандай сөз шықты балалар? АНА ТІЛІ
М: Жарайсыңдар, балалар, біз ақылды, білімді баланы Алдар көсенің өзі алдай алмайды. Біз Алдардың барлық тапсырмаларын орындадық, ендеше қошеметпен қонақтарды қарсы алайық!
Әліппе ортаға шығады:
-Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
Елдана: Бар кітапқа бас болған,
Әліппе-ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Мәди:Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі
Соғылған сомдап алтыннан
Әліппе - білім бесігі
Еркежан: Әліппе сауатыңмен санамды аштың
Достарыммен теңдес араластым
Үйреніп әріптер мен әңгімені
Күн сайын алға қарай қадам бастым.
Ән «Әліппе»
М: балалар, енді әліппемен қоштасар сәтте келіп жетті. Әліппе кітабынан әріптерді танып білдік. Ұқыпты, таза ұстадық. Не себепті?
Ертең алтыға толатын,
Сендердей әпке болатын
Әліппені алып қолына
Үлгілі шәкірт болатын кішкене бүлдіршінге әліппені тапсырайық.
З.Наргиз: Іші толған әріпке
Мынау – әйбат Әліппе
Барлық ілім-білімнің
Әжесі – осы Әліппе!
Әліппе: Білімнің көп қой саласы,
Әліппе соған жолбасшы
Ғылымның қиын жалғасын
Басқа кітаптан табарсың!
- Қош болыңдар, балалар!
М: Балалар, енді біз ана тілі кітабын жалғастырамыз! Кәне, онымен жақынырақ танысайық!
Ана тілі: Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
М: Ана тілі отырып оқушылардың өнерін тамашалаңыз.
Алтын: Әріптерді үйретіп,
Жақын болған кім бізге,
Жамандықтан жирентіп,
Ақыл болған кім бізге!
Н.Наргиз: -Әліппе оқуға,
Үйреткен әр күні
-Үйретіп санауды,
Көп еңбек сіңірген
Мұғалім апай ғой!
Нұрислам: Үйретіп мұғалім бізге әліппені,
Мұғалім ғылымға жол салып берді.
Адамның ақыл-ойы, мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
Гүлім: Әліппе даңғыл жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты.
Әліппе сырын ұқтырған
Барлығы хормен:
-Рахмет, ұстаз алғашқы!
Ән «Мұғалім ол біздің»
ӘН НЕ ДЕУ КЕРЕК?
-Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар. Ата-анамызға ризашылығымызды білдіреміз:
Мұғалім:
-Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам – Ана!
-Ана- біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз.
БИ ҚЫЗДЫР
БИ ҰЛДАР
БИ ШЫҒЫС
АЛТЫН ҚАЗАҚСТАН
КІМ КҮШТІ КӨРІНІС
Шаттық шеңбері «Кім болам»
Ант қабылдау
Отанымды сүюге
2. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,
3. Отанымызды мақтаныш етуге;
4. Ата-ананы қадірлеуге;
5. Білімге ұмтылуға;
6. Салауатты өмір салтын ұстануға;
7. Табиғатты аялауға;
8. Мектеп ережесін сақтауға
9. Үлкеді құрметтеуге
10. Кішіге қамқор болуға
Барлығы хормен:
Ант етеміз, Ант етеміз, ант етеміз
Ән: Мектебім немесе «Балдәурен»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.