Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сабақтың тақырыбы:  Отанымды сүйемін -

Сабақтың тақырыбы: Отанымды сүйемін

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1872 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Отанымды сүйемін
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Отан, сүйіспеншілік, татулық туралы түсініктерін кеңейту;
Дамытушылық мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілігін, мақтанышын арттыру;
Тәрбиелік мақсаты: Отанын сүюге, патроиттық тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбері
Туған жер, армысың!

Асқарлы, қарлы шың,
Аялаған ән құсым
Туған жер, армысың!
Саған мың алғысым

Туған жер – тірегім!
Сенде өстім түледім,
Бір, сен деп үнемі
Соғады жүрегім!
Туған жерім, туған елім –
Ардақтағаным, айбыным
Арманымсың, арман
Думан елім
Асқар белің, шалқар көлің
Құшағын жайған, айдыным
Мәңгілікке пана өзің ғана!
• Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?
• «Ұлттар достығы» дегенді қалай түсінесіңдер?
Ағайынбыз бәріміз
Жақсылыққа, бақытқа,
Талпынған әр уақытта.
Бала біткен дос-бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.
Қайырмасы:
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асқар тау,
Жеміс толы бақша-бау.
Болсын жер мен су да ортақ,
Болсын бізге ту да ортақ.
• «Ағайын», «бауыр», «туыс» дегенді қалай түсінесіңдер?
• Еліміздегі халықтар достығы туралы әңгімелеп беріңдер.
Елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері бейбіт, жарасымды өмір сүру үшін ынтымақ, татулық, сыйластық, құрмет, достық қажет.
Сурет бойынша «Достық мерекесі» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.
• Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің ортақ мерекелерін атап беріңдер?
Ынтымақ бар жерде бақыт бар.
Нақыл сөз
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.