Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сабақтың тақырыбы :  Сөз тіркесі -

Сабақтың тақырыбы : Сөз тіркесі

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2293 | Размер: | Автор: Нартай4540
. ҚАЗАҚ ТІЛІ

Сабақтың тақырыбы : Сөз тіркесі

Білімділік : Сөз тіркесі туралы түсінік беру.Сөз
тіркестеріне сұрақ қоя білуге төселдіру.
Дамытушылық : Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау,
есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік : Сауаттылыққа, дұрыс мәдениетті сөйлей
білуге, жылдамдыққа, ұқыпты таза жазуға
тәрбиелеу.
Cерікбол атамыздың еңбектерімен таныстыра
отырып,шығармашылыққа баулу.
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ

Сабақтың типі : Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс – тәсілдері : Топпен жұмыс, сұрақ – жауап, ой қозғау.

Сабақтың көрнекіліктері : Сөз тіркесіне байланысты
кестелер,ойындар,қима қағаздар,Серікбол
Қондыбаев туралы мәліметтер,кітаптары
Пәнаралық байланыс : математика, ана тілі

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым бақытым дара тілім.
Ә)Дұрыс отыруға шақыру
Қане, қатар – қатар түзеліп,
Оқушыға лайық.
Қолымызды жіберіп, түп – түзу отырайық.
Бірінші қатар әдемі отыр.
Екінші қатар сендер де,
Үшінші қатар әп-әсем.
Кәне, ең әдемі болайық!

2.Ойын «Сөз ойла,тез ойла»
-Екі көз не үшін керек
-Жақсыларды көру үшін.
-Екі қол не үшін керек
-Елге көмек беру үшін
-Құлақ не үшін керек
-Ақыл кеңес тыңдау үшін
-Аяғың не үшін керек
-Шетте жүрсем туған елге жету үшін
-Білім не үшін керек
-Мақсатыма жету үшін
Ананың асқақ арманы.....
3.Суреттерімен таныстыру.
Серікбол Қондыбаев Әділбекұлы

(1968 – 2004) – ғұмырының жартысын қазақтың тарихын, мәдениетін,
салт-санасын жаңғыртуға арнап, сүбелі үлес қосқан және түбегейлі
зерттеуде зор еңбек еткен қазақтың өлкетанушы, географ, публицист,
этнограф-ғалымы.

Маңғыстаудың біз білмейтін сырлары көп екен...

3.Үй тапсырмасы
А)7-жаттығу
« Сынып,аспан,шырын,жыңғыл» сөздерін байланыстыра сөз тіркесін жасау.
Ә)Ереже сұрау

Маңғыстау –табиғаты әр алуан,шөлді өлкеге тән аптапты ыстық жазы,солтүстікке тән қатаң аязды ,өткір желді қысы бар,сусылдаған құмы мен сылдырап аққан бұлағы қатар кездесетін таңғажайып өлке.

4.Ойын«Білімді мыңды жығар»
Кесте толтыру

Зат есім Сын есім Сан есім Етістік
шағала,
ойын,
қойшы,
парта,

сұлу,
жылы,
тәтті,
қызыл
жетпіс,
бес,
сексен,
тоғыз ашылды,
қазды,
жазды,
келді

Керекті сөздер:табиғат,мұғалім,байтақ,он екі,бітірді,жазды,өлкетанушы,алғыр,еңбек-қор,еңбектенді,1968 жылы,1969 жылы

5.Жаңа сабақ
3 3 3 2 2 2 2 2
2 с с
3 ө з
4 е
5 т
6
7 і і
8 р
9 к

4 9 16 20 18 14 35 30 24 12
с ө з т і Р к е с і

Маңғыстау мың ауыл мың қыстау
12-жаттығу
Сөз тіркесінің мағынасын сұрақ қойып анықтау,қай сөз табынан жасалғанын анықтау

Мөлдір бұлақ,кең дала,үлкен үй,тәтті қауын,құрғақ жер,терең көл,
ақылды бал,таулы жер,малды ауыл.

Ұйқыдағы ару мұнай газ
13-жаттығу
Сөз тіркесін анықтайтын сөзге сұрақ қою
Мұзды ою,арқалықта тұрады,жаманнан жирену, әдемі өлке ,тез оқу ,
жиырма бес қабат.

6.Ойын«Сиқырлы ұяшықтар»
Бірінші сыңары сын есімнен болатын бес сөз тіркесін жазу

Сары,әдемі,ащы,сүйкімді,ақылды,биік

Ең төмен нүктесі-Қарақия Ең биік нүктесі-Бесшоқы тауы
7.Поэзиялық сәт «Күн,аспан,жер» туралы өлеңдер оқу
Күн,жер.аспан туралы мақал-мәтел айту
8.Өз бетімен жұмыс
15-жаттығу
Сөздердің әрқайсысына сөз тіркесінің бірінші сыңары болатын сөздер тауып,сөз тіркесін құрап жазу.
Тай,құдық,нөмір,жаттау,оқу,самғау.

9.Ой қозғау

Сөз тіркесінің екінші сыңары
А)негізгі мағынаны білдіреді,анықтайды.
Ә)сөз тіркесінің бірінші сы,арына сұрақ қоямыз.Сөз тіркесінің бірінші сыңары
А)екінші сыңарының негігі мағынасын анықтай түседі.
Маңғыстау-Ақтау
1964-1991жылдары «Шевченко»
1963жылдан бастап «Ақтау»

10.Ойлы оқушы
Маңғыстау
Маңғыстау Қазақстан Республикасының қиыр оңтүстік-батысындағы ірі,байтақ аймақтардың бірі.«Маңғыстау» атауы 9-ғасырдың аяғында қалыптасқан.Өлке еліміздің мұнайы мен газын беріп отырған қазына түбегі.Маңғыстау облысында 3 қала,4 ауданнан тұрады.Орталығы –Ақтау қаласы.

Зат есім 1-сөз Ақтау
Сын есім 2-сөз Ірі,байтақ
Сан есім 3-сөз 3,4,9
Етістік 4-сөз Беріп отырған,тұрады,қалыптасқан
Сөйлем 5-сөз Мен Маңғыстауда тұрғанымды мақтан етемін.

11.Ойын « Кім жылдам? »
Тәтті,үлкен,биік,ақылды,байтақ.
Ғимарат,ел,оқушы,тау,алма.

12.Қорытындылау « Мен не білімін?» «Білімді бәрін жеңеді»

1.Зат есім дегеніміз не?
2.Сын есім дегеніміз не? «Жа-рай-сың –дар »
3.Сан есім дегеніміз не?
4.Етістік дегеніміз не?
13Үй тапсырмасы
1. 17 - жаттығу
17-жаттығу
Сурет бойынша сөз тіркестерін құрау.
2. Ережені жатқа айту
14.Бағалау
15.Шығармашылық тапсырма
Суын жылқылары –Маңғыстаудың басты символдарының бірі

1.«Қанатты тұлпардың» суретін салу
2.«Қанатты тұлпар» туралы ертегі жазу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.