Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сабақтың тақырыбы: Сын есім -

Сабақтың тақырыбы: Сын есім

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1901 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Сын есім

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Сын есімнің зат есіммен байланысы, ойды көркемдеп берудегі әсері туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық: оқу мен жазу арқылы талдай отырып игеруді дамыту
3. Тәрбиелік: ізденіске, өздігінен жұмысты орындай білуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: Сызбалар, суреттер,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру жұмыстары
ІІ. Өтілген материалдарды еске түсіру
ІІІ. өтілген материалдарды бекіту.
1. Сөз таптары
2. Зат есімнің түрлері (құрамы)
3. Зат есімнің жасалуы

ІY. Жаңа сабақ
1. Зат есім заттың, құбылыстың атын білдірсе, сын есім сол заттың, құбылыстың сын – сипатын, көлемін, түр – түсін, сапасын білдіреді.
2. Сын есімнің белгілері:
1. Заттың түсін білдірсе: қара, құла, күрең
2. Заттың көлемін, аумағын, салмағын, сынын білдіреді: кең биік, ұзын, жеңіл.
3. Заттың сапалық белгісін сипатын білдіреді: жақсы, жаман, тентек, зерек
4. Заттың дәм, иіс т. б сипатына байланысты белгілерін білдіреді: ащы, тұщы, тәтті, қышқыл, жұмсақ
5. Затқа қимыл іс - әрекетке, мезгіл мекенге қатысты сынды білдіреді. Тасты (жер), балалы (үй), көтеріңкі көңіл
6. Сын есім қандай?, қай? Деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Желсіз түнде жарық ай, сәулесі суда дірілдеп... (Абай ) Қандай түн? – желсіз түн, қандай ай? Жарық ай.

Y. Жаттығу жұмыстарын орындау 49- жаттығу. Топпен жұмыс.
50- жаттығу. Жатқа жазу.
51- жаттығу. Сөйлем құрау.
52- жаттығу. Қорытынды жасау.
53- жаттығу. Әңгіме құрау.
YІ. Сабақты қорытындылау
1. сын есім дегеніміз не?
2. Сын есімнің мағыналық маңызды белгілерін атаңдар
3. Сын есім мен зат есімнің айырмашылығы және ұқсастығына диаграмма құру

YІІ. Үйге тапсырма. Сын есімнің ережесін жаттау, оқу. 54- жаттығу.
YІІІ. Оқушылар білімін бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.