Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау. -

Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1300 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Математтка
3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау.
Сабақтың мақсаты:Білімділік:оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін тиянақтауға арналған есептерді шығару. 7 санына байланысты ұғымдармен таныстыру.Дамытушылық:оқушылардың ой өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тапқырлыққа, іздемпаздыққа, алғырлыққа, ұқыптылыққа баулу. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелілік:табиғатты, жан - жануарларды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, есептеу, сұрақ – жауап, іздендіру.
Сабақтың түрі: ертегі сабақ.
Көрнекілігі: ешкі мен лақтары және қасқырдың суреттері, кестелер, ребустар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, дүниетану.
Сабақтың барысы:
1. Психологиялық ұйымдастыру кезеңі.
Терең ғылым сананың,
Тегі деп ой саламын.
Маңыз беріп оқимын,
Математика сабағын.
2.Жаңа сабақ.
Ерте, ерте, ертеде Жиделібайсын жерінде Жусалы деген ауыл болыпты. Сол ауылдың бір ерекшелігі ауыл тұрғындарының барлығы да жетіген деген аспапта ойнайды екен. Жетіген аспабының жеті шегі, 7 асығы болады екен. Ауыл тұрғындары кілең білімді, жеті жұрттың тілін біледі екен. Сол ауылға күннен тараған жарықтың 7 шұғыласы түседі екен. Тіпті жаңа туған нәрестенің кіндігі де 7 – ші күні түседі екен. Жұма күні 7 шелпек пісіріп, жетім – жесірлерге таратады екен. Сол ауылда 7 лақ анасымен 7-ші үйдің, 7-ші қабатының 7-ші пәтерінде тұрады екен. Олар ата – анасымен серуенге шығып би билеп, ән салады екен. Сол ешкі мен лақтардың иісін сезген қасқыр жеті қырдың астынан келіп, оларды бақылап жүреді екен. Бір күні ешкі базарға кеткенде, қасқыр лақтарды ұстап алады.
Оқушыларды 3 топқа бөлу.Әр топ өз ұранын айтады.
1 топ. Қырандар. Есептеуді білмейтін адам,
Сан әлемін түсінбейтін надан.

2 топ. Білгірлер. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

3 топ. Алғырлар. Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімнен аспанға жол салынар.
Лақтарды құтқаруға бәріміз де жолға шығайық. Кім де кім үй тапсырмасын орындап келсе, лақтарға көмектесуге барады.

3. Үй тапсырмасын тексеру.
«Кім тез» ойыны. Карточкамен жұмыс.
Кім қасқырдан қорықпайды?

4. Оқулықпен жұмыс.
Шын жүйрік сыналатын кезең келді
Көрейік тамашалап бәйгені енді
Болса егер ойы терең, ақылы кең
Саралап ой - өрісін ел көреді.

№1 Қасқырдың тапсырмасымен көпірден өту.
3 * 5 = 15 12 : 6 = 2 56 : 7 = 8
7 * 5 = 35 42 : 6 = 7 56 : 7 = 8
6 * 5 = 30 30 : 6 = 5 35 : 7 = 8
5 * 5 = 25 36 : 6 = 6 49 : 7 = 8

1 – лақ рахметін айтып, 7 санына түсінік береді.
Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

№2. Баған түрінде есептеп және дұрыстығын тексеру.
Жан – жақты болу керек нағыз өрен.
Секілді өткір жүзді бейне ақберен
Өнерлі, білімді де әрі батыл,
Ғылымның әр саласын білер терең.

2 – лақ. Жеті күн:бүгін, ертең, бүрсүгіні, арғы күн, соңғы күн, азына.
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

257 369 608 880
+ 478 + 409 - 299 - 791
______ ____ ____ ____
735 778 309 89

№3. Өзара байланысты сандармен теңдіктер құрастыру.
Мектепте алған білім сапасында
Көрейік осы сайыс арқасында
Ұялтпай парталасын, ұстаздарын
Өзінің білім күшін байқатсын да.

3 – лақ. Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, ақыл – білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.

№4. Бүтін ірімшіктің массасын табу.
4 лақ. Жеті жұт:құрғақшылық,мал қырылу,өрт,оба,соғыс,топан су,зілзала.

№5. Фигураның периметрін табу.
Сынныңда сыны бар ғой сыналатын,
Әртүрлі білім сырын ұға алатын.
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,
Сыналып әр секунрпен жүре алатын.
5 лақ. 7 санына байланысты мақал – мәтелдер айту.

№6. Қысқаша жазуды толықтыру және есептер шығару. Автор орындығы.
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін ұландарға берелік.
Арамызда тапқыш достар көп екен,
Солардың енді жауаптарын көрелік.
6 лақ. Ребустар шешу.

№7. Теңдеулер құрастыру және шығару.
Тапсырманы берілген
Дер кезінде атқарам
Сенімді боп өзіме
Өзімді - өзім басқарам.
7 лақ. 70 – ке дейінгі сандардың ішінен 7 – ге бөлінетін сандарды теріп жазу.

Үйге тапсырма: №8 мысал

Қорытындылау.
- Жарайсыңдар,балалар!Бүгін сендер жеңіске жеттіңдер.Ешкінің жеті лағын құтқаруға көмектестіңдер.

Топтарды бағалау.
Кемелерді басқарып,
Көк жүзіне самғасам.
Тауды бұзып, тас жарып,
Мұхиттарды жалғасам.
Таңдандырар бар елді.
Ғажап үйлер сала алсам.
Жасартатын әжемді
Дәрі ойлап таба алсам
Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.