Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сабақтың тақырыбы:  «Зат есім» -

Сабақтың тақырыбы: «Зат есім»

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1679 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Алматы қаласындағы № 40 жалпы білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Алпыспаева Раушан Әнуарбекқызы
Сабақтың тақырыбы: «Зат есім»
Сабақтың мақсаты:
1. Зат есім туралы түсінік беру, оларға қойылатын сұрақтармен таныстыру, зат есімдерді ажыратуға үйрету.
2. Танымдық тапсырмалар арқылы оқушының ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру.
3. Сауатты жазуға, ұқыптылыққа, әдемілікке баулу.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: суретте, сөзжұмбақ, ребус, тест тапсырмалары.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: топтастыру стратегиясы, сұрақ – жауап, түсіндіру әдісі, дәптермен жұмыс, өзіндік жұмыс.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.
Балалар біздің сыныпқа хат келді. Қане ашып, оқиық.
Сәлеметсіз бе, Раушан апай? Осы сыныпта менің немерем оқиды. Сол немерем қалай оқитынын, тәртібі қандай екенің белгім келеді. Бірақ өзім келе алмадым. Қызым бейнетаспаға түсіріп, маған салып жібереді. Сәлемнен Уәзира әжелерің.
Балалар, осы уақытқа дейін - «Біздің білгеніміз – бір тоғыз,
Білмегеніміз әлі де тоқсан тоғыз»
Біз әлі көп ұғымдармен танысамыз, оқып үйренеміз, білеміз.
Үй тапсырмасын тексеру
Ал енді үйге берілген тапсырманы тексеріп жіберейік.
299 – жаттығудағы жұмбақтағы заттың атын, сынын, санын білдіретін сөздерді оқыту.
Өткен сабақты қайталау.
Сөз туралы не білеміз, еске түсірейік:
Дыбыстан құралады

Әріппен таңбалап заттың атауы жазылады

сөздің құрамы СӨЗ іс-қимылдың атауы


сөздің құрамы мағынасы сұрақ
болады болады қойылады

сөз таптары
- Ендеше бүгінгі сабақта сөз таптарымен танысамыз.
Жаңа сабақ
Жұмбақты шеше отырып, сөз жұмбақтың шешуін білдіретін сөздердің суретін тақтаға іліп, дәптерлеріне жаздырту.
з е б р
ш а ң ғ ы
с а ғ а т

т е л е ф о н
т а с б а қ а
б е с і к
д о м б ы р а

1. Матрос көйлек киген, 2. Табаныма байладым.
Африкада жүрген. Қос аяқпен айдадым. (шаңғы)
Құлан емес, жылқы емес,
Айтшы оны кім білге (зебр)

3. Тілі бетінде, 4. Шыр-шыр етеді,
Сөзі шетінде. (сағат) Құлағымнан өтеді
Ұстай алсам,
Сөйлеп кетеді (телефон)
5. Аяғы бар, басы бар 6. Иесі оның – сәби
Арқалаған тасы бар (тасбақа) Әрі төсек, әрі үй. (бесік)

7. Тиіп кетсе ән салған,
Даусына ел тамсанған (домбыра)

• Қане, балалар бұл суреттер ненің атын білдіреді?
• Заттың атын білдіреді.
• Олай болса, сөзжұмбақтың тігінен қандай сөз тіркесі шықты?
Зат есім
• Шаңғы сөзіне -шы жұрнағын қосып жазамыз, қандай сөз шықты?
Шаңғышы
• Қандай сұрақ қоямыз? Кім?
Кім сұрағына жауап беретін сөздерге мысал келтіреміз.
• Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
Олай болса, біз бүгін тағы бір ұғыммен таныстық. Ол қандай ұғым?
Зат есім?
Зат есім дегеніміз не?
Жаңа сабақты бекіту.
Оқулықпен жұмыс.
302 – жаттығудағы берілген сөздерді Кім? сұрағына жауап беретін сөзді бір бағанға, Не? сұрағына жауап беретін екінші бағанға бөліп, теріп жаздырту.
Өзіндік жұмыс.
300 – жаттығудағы мақалды көшіртіп жаздырту, кім?, не? сұрақтарына жауапберетін сөзді тапқызу, астын сыздырту.
Кен, шешен сөздеріне түсінік беру.
Оқу, батыр туралы білетін мақалдарын айтқызу.
Шығармашылық жұмыс.
Мына сөздерден заттың атын білдіретін сөздерді тауып, көшіріп жазыңдар.
Оқушы, ойнады, екі, сабақ, әдемі, ойыншық, келді, шаңырақ, тоқиды, қарға, бесеу, түйе, жазды, сандық, сары, балапан.
Қорытындылау. Ребусты шештіру. Бүгінгі сабақта біз не білдік?

,,. .,Т ...,М

Зат есім дегеніміз не?
Қандай сұрақ қойлады?
Бүгінгі алған білімдеріңді тест арқылы тексеріп жіберейік.
1. Зат есім дегеніміз заттың ..................... білдіреді.
А) қимылын В) санын С) атын

2. Заттың атын білдіретін сөщдер тобы:
А) қалам, дәптер, бала В) ойнады, күледі С) әдемі, сұлу

3. Зат есім қандай сұраққа жауап береді?
А) қайтті? В) кім? не? С) неше? қанша?
Үйге тапсырма беру 304 жаттығу
VIII. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.