.
.
Сайыс тақырыбы: Зерде Сайыс тақырыбы: Зерде
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2169 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты:
- Білімді, жан - жақты болуға жетелеу.
- Көп білуге, үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.
- Ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, ойлануға жетелеу.
- Жарыста озып шығуға талпындыру.
- Білімді, дарынды болуға тәрбиелеу.
Уа, балалар, балалар
Бәріне жар салайық
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ, есеп бәрі бар
Ал, сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық. – деп 2-сыныптар арасындағы “Зерде” білім сайысының жүрісі:
1. Ойлан тап
2. Білгенге маржан
3. Сөзжұмбақ
4. Математик
5. Тапқырлық
1-айналым. «Ойлан тап». 5 ұпай
2-айналым. «Білгенге маржан» 5 ұпай, ерекше кітап 10 ұпай.
1 кітап: «Әдемі, қызық» сөздері нені білдіреді? (сынын білдіреді)
2 кітап: Тиіннің азығы не? (жаңғақ, бүр, саңырауқұлақ)
3 кітап: «Аласың білім кітаптан» деген ақыл сөзді кімнің шығармасынан жаттадың? (І.Жансүгіров «Күн шыққанда»)
4 кітап: «Ырыс» сөзінің мағынасын қалай түсінесің? (ырыс-байлық, береке, дәулет)
5 кітап: Ерекше кітап
6 кітап: Екі, жиырма, оныншы қандай сөздер? ( заттың санын білдіреді)
7 кітап: «Құралай» деп ненің төлін атайды? (киіктің)
8 кітап: Долана – ненің аты? (таулы-тасты, өзенді жерлерде жабайы өсетін жемісті ағаш)
9 кітап: «Алтын ұяң – Отан қымбат» деп басталатын шешендік сөзді айтқан кім? (Қазыбек би)
3-айналым: «Сөзжұмбақ» 7 ұпай
1-сөзжұмбақ
1. Бас қала
2. Мақта қыз үй сыпырып жүріп не тауып алады?
3. Жұпар иісті өсімдік
4. Өз атын өзі шақыратын құс
5. Кітап - .... бұлағы
6. Үздік оқушылар алатын баға
7. .... – кеме, білім –теңіз
2-сөзжұмбақ
1. Күнделікті керек ақпарат
2. Ең әдемі төсеніш
3. Балалардың сүйікті жемісі
4. Сорпаға қосатын ұлттық тағам
5. Оқушының мектептегі орны
6. Әуе көлігі
7. Қаны аз адамға пайдалы, қабығы қатты жеміс
3-сөзжұмбақ
1. Төрт мезгілдің бірі
2. Уақытты өлшейтін құрал
3. Сүттен дайындалатын тағам
4. Тілі жоқ өзінде
Сөзі бар ізінде
5. Оқушыға күнде еріп
Жүретін не?
6. Екі жағы шектелген түзу
7. Қызанақты, қиярды не деп атайды?
4-айналым: «Математик» 2 ұпай
5-айналым: «Тапқырлық» 10 ұпай
Қорытынды: Сайысымызда «Жалын» тобы 1 орынды иеленсе, «Қыран» тобы
2 орынды, «Балапан» тобы 3 орынды иеленді. Әр топ мадақтамамен марапатталды.
Жүргізуші: Қоңырбаева Н.Б.
Шахта орта мектебі
«Зерде»
(білім сайыс)
2 – сыныптар
24 қараша 2013 жыл
Қоңырбаева Н.Б.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.